/
ТАРАУ
СӨЗ — ЛЕКСИКАЛЫҚ
БІРЛІК
Сөз —
лексикалық бірлік
Сөз — тіл білімінің барлық саласынын негізгі зерттеу объекті-
сінің бірі болып саналады. Бірақ тіл білімінің әр саласы сөздің
бір қырын ғана өз объектісі етіп алады да, өз заңдылықтары
негізінде сөз етеді. Бұл сөздің универсалды касиетін емес, олар-
дың күрделі құбылыс екендігін білдіретін бір белгісі ғана. Сон-
дықтан да сөздерді фонетикалық жақтан ғана талдап, барлык,
қасиеттерін анықтау мүмкін емес. Сондай-ақ
сөздерге граммати-
калық жақтан талдау жасау мүмкін, бірақ сөздердің барлық ка-
сиеттерін грамматикалық белгілері арқылы ашу мүмкін еместігін
жасыруға болмайды. Фонетиканың ең кіші элементі болып сана-
латын фонема болсын, грамматиканың ең кіші элементі болып
саналатын морфема болсын — барлығы да сөз бойынан табыла-
тын нәрселер. Сөз мағынасы, сөз
мағынасының даму заңдылық-
тары, синоним, антоним сияқты құбылыстар да сөздерге тән заң-
дылықтар. Дегенмен осы аты аталынған қасиеттердің жеке-жеке
өмір сүретіндігі анық, бірақ олар бірігіп қана сөз жасай алады.
Екінші сөзбен айтқанда, дыбыссыз сөз болмайтындығы сияқты,
грамматикалық жақтан тұлғаланбаған сөз де болмайды. Сөз болу
үшін дыбыстың, грамматикалық формалардың болуы жеткіліксіз.
Жоғарыдағы аты аталынған белгілер сөз элементтері деп аталы-
нуы үшін,
сол белгілермен бірге, лексикалық мағынаның да болуы
шарт. Жалаң лексикалық мағынаның болмайтындығын, кез кел-
ген лексикалық мағынаның грамматикалық мағынамен байланы-
сып, астасып жататындығын, олардың өмір сүру формасы тек
дыбыстық тіл болатындығын ескеріп талдау жасайтын болсақ,
онда сөз
мәселесінің қаншалықты қиын, күрделі екендігін дәлел-
деп жатпай-ақ көз жеткізуге болады.
Сөздік күрделі екендігін көпшілік ғалымдар мойындаса да,
оныц қандай элементтерден құралатындығын анықтап, ол эле-
менттерді белгілеп, жан-жақты сипаттап бере қоярлықтай пікір
қазірше айтыла қойған жоқ. Тіпті сөздерге көпшілік ғалымдар
мойындаған ғылыми анықтаманың да
берілмегендігін айтудың
өзі бұл мәселенің қаншалықты қиын екендігін көрсетеді. Бұдан,
өрине, жалпы тіл білімінде сөз дербес зерттеу объектісі болмаған
екен деген пікір тумауы керек. Қерісінше, сөз — жүздеген ғалым-
дардың пікір айтуына, зерттеулеріне арқау болған категория. Сөз
теориясына көз салған, оған үңіле қараған ғалымдардың көпші-
8
лігі не бірі екіншісін қайталайды, не
өзінше азын-аулақ жаңалық
қосуға әрекет етеді, тіпті, ең болмағанда, өзіне дейінгі айтылған
пікірлерге шолу жасаумен қанағаттанады. Әр ғалымның өзіндік
дәлелдері, өздеріне тән пікірлері де барлығын жасыруға болмай-
ды. Өйткені әркім өз пікіріне, өз дәлеліне сүйене отырып пікір
айтады, пікірін
дәлелдеуге әрекет етеді, анықтама береді. Олар
берген кей анықтама басқаларынан карапайым болып келсе, екін-
шілері күрделілігімен ерекшеленеді. Бүгінгі күнге дейінгі сөздер-
ге берілген анықтамаларға талдау жасау біздің міндетіміз емес.
Оларды тек салыстырып, сұрыптап бірнеше топқа бөліп көрсетуге
мүмкіндігіміз бар.
Сөз — мағына мен дыбыстардың бірлігі. Бұл аныктама оқу-
лықтарда көп кездеседі. Байыптап қарайтын болсақ,
шындығында
сөздің құрамында мағына мен дыбыстың болатындығы анық. Ды-
бысталусыз сөз болмайтыны сияқты, мағынасыз да сөз болмайды.
Бірақ бұл анықтама сөздердің барлық касиеттерін анықтап бере
алмайды. Мысалы, бір сөздің мағынасы тіл-тілдерде әр түрлі сөз
арқылы беріледі. Салыстырыңыз,
қазақша нан, орысша
хлебу
азербайжанша
чөрек, немісше
das Wrot. Тіпті мұндай бір мағы-
наны басқа-басқа сөздер арқылы беру туыстас тілдер арасында да
байқалады. Мысалы, қазақша
қара, әзірбайжанша
бах; қазақша
Достарыңызбен бөлісу: