лықтарының болатындығы анық. Салыстырыңыз: орыс тілінде
көлікпен қозғалу
ехать сөзі арқылы, жаяу жүру мағынасында
итти сөзі қолданылса, қазақ тілінде, басқа түркі тілдерінде де,
бұл екі сөздің орнына бір ғана
бару етістігі қолданылады. Ал
ағылшын тілінде болса атпен, түйемен немесе есек мініп жүруді
reiten; машина, пароход, поезд, шана сияқты көлікпен қозғалуды
fahren сөзі арқылы береді. Мұндай өзгешелік, аз болса да,
туыс-
тас тілдер арасында да кездеседі. Мысалы, қарақалпақ тілінде
ат басындай деген тіркес қолданылады да үлкен деген мағынаны
білдіреді. Бұл тіркес қазақ тілінде де бар. Салыстырыңыз;
Ат ба
сындай алтын берді. Бұл екі тілдегі
ат басындай тіркесінің қолда-
нылуындағы айырмашылық сол — қазақ тілінде ол тек осы тір-
кесте ғана қолданылса, қарақалпақ тілінде ол басқа сөздермен
де тіркесіп келе береді. Мысалы,
Он ай қуиіақ көтерди, Ақ жары-
лып кун тууды, Ат басындай ул тууды (Алпамыс).
Сөздер сөйлем құрамына түсіп өзара байланысуы үшін, бірін-
шіден, сөздердің семантикалық мағынасы сәйкес келуі, тым бол-
мағанда, қайшы келмеуі, екіншіден, ұзақ уақыттан бері қолда-
нылып, қалыптасып белгілі заңдылыққа түсуі керек.
Бала мысық
тіркесіндегі
бала сөзініқ мағына компоненттерінде (семаларын-
да)
мысық сөзінің мағынасымен сәйкес келетін мағыналық сабақ-
тастықтар бар (Э. Косиеру бұны солидарность — solidaritoten
деп атаған). Яғни
бала сөзінде 1) адамның ұрпағы, 2) жас ұрпа-
ғы, 3) еркек ұрпағы сияқты семалары бар. Ал
мысықтың болса
жасы, кәрісі болуы заңды.
Бала мысық дегенде
бала сөзінің бар-
лык семалары бірдей қатынаспай
жас семасы ғана қатынасып,
өзіне сай келетін семасы бар
мысық сөзімен тіркесіп, оның бағы-
ныңқы сыңары ретінде қолданылып тұр. Қабыса байланысатын
зат есімдердін алдынғысы соңғысыныц сынын не түрлі қасиетін
білдіретін заңдылыққа негізделініп мысықты жас жағынан анық*
тап тұр. Қазақ тілі заңдылығы бойынша
жас қошқар сөзінің ор
нына
қозы қоиіқар тіркесі де қолданылады. Қозы сөзінің мағына
құрамында да жас семасының бар екендігі анық. Егер
бала, қозы
сөздері, жоғарыда келтірген мысалдарымызда, тек грамматика-
лык мағына үстеп тұр дейтін болсак, онда оларды грамматикалық
форма есептеп, белгілі бір грамматикалык категорияның аясына
енгізуіміз керек еді. Бірак түркі тілдерінде
ондай грамматикалык
категория жок. Еркек, ұрғашы сөздері туралы да осындай пікірге
келуге болады. Грамматикалык мағына жеке сөздермен ғана
байланысып коймайтындығы, белгілі бір сөз табының кұрамына
енетін сөздердің көпшілігіне тән болуы керек еді. Бірак біз кел-
тірген мысалдардағы
бала, қоигқар сөздерінде ондай әмбебаптық
касиет жок.
Түркологтар арасында да көмекші сөздерде лексикалык мағы-
на жок, тек грамматикалык мағына бар деушілер жиі кездеседі.
Барша авторлардын пікірлеріне талдау жасаудың кажеті жок деп
санаймыз. Себебі түркологияда ондай еңбек бар және жақсы тал
дау жасалынған (Зейналов 66) *. Сондыктан біз Ф. Р. Зейналов-
тын пікіріне талдау жасаумен ғана шектелуді жөн көрдік.
50
Ф. Р. Зейналов көмекші есімдер мен шылауларды, послелогтарды
ажыратады да, көмекші есімдер атауыш
сөздер мен көмекші сөз-
дердің (шылаулардың) арасындағы категория, олардың лексика-
лык мағынасы сақталынған деп есептейді. Ал шылаулардың бол-
са, лексикалық мағыналары жоқ деп есептейді. «Послелогтар —
тарихи дамудың жемісі. Тарихы жағынан атауыш сөздермен
байланысып жатса да уақыт өтуімен олар өздерінің лексикалық
мағынасынан айырылып, тек грамматикалық мағына білдіретін
дәрежеге жеткен» (Зейналов 66, 29). Автор бұл пікірін ары қарай
тереңдете түсіп: «Қей авторлар көмекші сөздерде (аз болса да)
лексико-семантикалық мағына бар деген пікірді қолдайды. Олар
бір көмекші сөзбен (послелог) түрлі мағыналық реңк білдіру
фактісін негіз етіп алады. Олар, біздіңше, ең кем дегенде екі түрлі
қатеге жол беріп отыр. Біріншіден, көмекші сөздер өздерінің
көмекшілік қызметін
нақтылы лексикалық мағынасынан, нақты-
лы семантикгсынан айрылғандығы үшін атқарады. Олардың ма-
ғынасы алдындағы сөздермен байланысты түрде ғана анықтала-
ды. Екіншіден, ол авторлар лексикалық мағына мен грамматика-
лық мағыналарды араластырып жіберген. Әр сөз грамматикалық
мағынаны сөйлем ішінде ғана білдіретіндігі, қалыптасатындығы
анық. Ол (грамматикалық мағына) грамматикалық көрсеткіштер-
сіз-ақ білдірілетіні де анық... Соңғы жағдайға (көмекші сөздер-
дегі мағыналарға — О. М.) осы көзқараста қарап, осы көзқараста
грамматикалық мағына іздеу керек»,— дейді (Зейналов 66-1, 32).
Шылау сөздердің тарихи категория екендігі анық.
Көпшілік
ғалымдар көмекші сөздердің (шылаулардың) тілдің белгілі бір
даму кезеңінде пайда болғандығын, олардың атауыш (толық ма-
ғыналы) сөздердің дамуы нәтижесінде қалыптасқандығын мойын-
дайтындығы анық. Сонымен бірге даму процесінде атауыш сөз
мағынасының солғындайтыны да, көмекші сөз қатарына өткенде
дербес мүше ретінде жұмсалып, жеке сұрауларға жауап бермей-
тіндігі де шындык. Бірақ бұл көмекші сөздерде лексикалық ма-
ғына мүлде жоқ деген пікірге келуге тиянақты негіз бола алмай-
ды. Ал Ф. Р. Зейналовтың екінші пікірі шындап ойлануды, мате-
риалдар негізінде жауап беруді талап етеді.
Екінші бір ескеретін
нәрсе — Ф. Р. Зейналов өз пікірінде дәйекті емес. Салыстырыңыз:
«Кейбір шылаулардың (послелогтардың) лексикалық мағынасы-
ның болуының себебі — олардың құрамында өтпелі кезеңдегі
сөздердің барлығынан; кейбір сөздер көмекші есім мен шылау
сөздердің қатарына өтіп, екі функцияда да қатар қолданылатын-
дығынан»,— деп жазған (Зейналов 66, 32).
Көмекші сөздер былай тұрсын, атауыш сөздердің құрамында-
ғы лексикалык және грамматикалық мағыналардьің шегін ажы-
ратып тұратын нақтылы белгілердің өзі де жоқ. Кез келген сөз,
сөз болғандығы үшін де, әрі лексикалық, әрі грамматикалық
мағыналардың жиынтығынан кұралып
қана бір мағынаны білді-
ріп, сөйлемнің кірпіші бола алатындай кызмет атқарады. Нақ осы
мәселеге тоқтала келіп И. И. Мещанинов: «Әр бір сөз өзінің ма-
ғынасына (өзінің семантикасына) ие болады. Мағынасыз, семан-
51
тисыз сөз — сөз емес»,— деп жазған болатын (Мещанинов 75,
51) *. Лексикалық мағынасыз сөз жоқ. Егер лексикалық мағына-
сы жоқ сөздер де болады деген пікірді қолдайтын болсақ, онда
мағынасыз тек дыбыстардан ғана тұратын сөздер де болады деген
тезисті колдаған болып шығамыз.
Оқулықтарда, ғылыми еңбектерде сөздердің лексикалық ма-
ғынасын бөліп алып
(алтын — әдемі, сары түсті қымбат металл,
Достарыңызбен бөлісу: