38
анасы баласының мінез-қылығына қарап: «Осы балам хан болады» деп
біліп, баласын еркелетіп, əлгі
кітаби шағатай тілі бойынша, «Шұ хан»
(осы хан) деп атаған, сөйлеген. Солайша «Шоқан» болып кетуге тиіс»
/21-бет/.
3. «Зыр-зыр. Адамда болатын іш өту ауруының əуелгі қазақша аты
«зыр-зыр» екен. Қазіргі қазақ тіліндегі «зыр қақтым», зыр жүгірдім,
«түні бойы зыр жүгіріп шықтым» деген сөз тіркестері содан шығып-
ты» /21-бет/.
Маман емес ғалымдардың аузынан шыққан «халықтық» этимо-
логиялардың тілші емес ғалымдардың еңбектерінде жиі кездесіп қа-
латындығын атап көрсеткіміз келеді. Этимологияның
өзіндік зерттеу
əдістері мен əдістері бар, белгілі ғылыми принциптерге сүйенетін, тіпті
кез-келген тілші ғалымның да «жүрегі дауалап бара бермейтін» ғылым
саласы екендігі ескеріле бермейді. Бұларға қойылар негізгі тосқауыл –
тілші-ғалымдардың теориялық-əдіснамалық ғылыми негізге сүйеніп
жасаған қажырлы еңбегі, көптеп жарық көрер еңбектері болмақ.
Екіншіден, кейде сол тілші ғалымдарымыздың өздері дəлелі аз,
бір қайнауы ішінде жатқан дүниелерді де жариялап жібереді. Жалпы
этимологиялар бұл жағынан
қысқа қайырылған жəне ұзын-сонар,
шұбатылма деп екіге бөлінеді. Мəселе
зерттеудің ұзын-қысқа, үлкен-
кішілігінде емес, қайта сол түп-төркіні əңгімеленіп отырған сөздің о
бастағы тұлғасынан қазіргі тілімізде кездесетін күйіне дейін жүріп өт-
кен баспалдақтары көрсетіліп, этимологиялық зерттеудің барлық прин-
циптері сақталуында. Кейбір шағын ғана мақаланың ішінде бірнеше
ондаған, тіпті жүздеген сөздердің этимологиясы сөз болып жатады. Əри-
не, бұндай қысқа қайырған, бір ауыз сөзбен айта салған «этимология-
лар» əрі ешкімнің есінде қалып жатпайды, əрі сөздің тарихын ашуға да
еш көмегін тигізбейді.
Сонымен, біз этимологияның негізгі принциптері дегенде: жал-
пы тіл білімінде де, түркітануда қалыптасқан а)
фонетикалық, ə) мор-
фологиялық немесе
фономорфологиялық, б)
семантикалық деп атала-
тын үш принципке сүйенеміз.
Фонетикалық принцип тілдегі түрлі дыбыстық өзгерудің жолдарын,
дамуын дəлелдеуге пайдаланылса, морфологиялық принцип жалғау-
жұрнақтардың өзгеру жүйесін түсінуге көмектеседі. Ал семантикалық
принцип сөздің мағыналық жағынан дамуын зерттеуге құралады.
Қазақ тіл білімінде осы үш принциптің үшеуіне де жауап бере алатын
39
этимологиялық зерттеулер де, сонымен қатар асығыс айтылған, дəлелі
аз шолақ қайырылған пікірлер де кездесіп қалады. Мысалы, Г.Жаркешо-
ва «Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі» деген
еңбегінде былай деп жазады: «...біздегі
некен-саяқ деген қос сөздің
алғашқы сыңары моңғолдың
жалғыз, жеке дегенді білдіретін
нəгəн
деген сөз. Ал біздің
абысын-ажын деген қос сөзіміздің екінші сыңары
Достарыңызбен бөлісу: