Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет92/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   116
БАҒАНАШЫЛ. Əуел баста Бағбаншылар аталып, айтыла келе 
өзгеріске ұшырап, əрі қысқарып, Бағанашыл тұлғасы қалыптасқан 
сияқты. Өйткені Алатаудың етегіндегі бұл кең жазықта ертеден-ақ бау, 
бақша өсірілгені, оны күтуші бағбандар көп болғандығы белгілі. Сол 
себептен де əуелде Бағбаншылар аталып, бара-бара айтылуда өзгеріс-
ке түсіп, Бағанашыл болып қалыптасса керек.
БАҒЫРЛАЙ. Топоним екі компоненттен тұрады: бағыр + лай
Бағыр// бауыр сөзі туралы сөздіктерде [4; 34]: 1) заттың алдыңғы бөлігі; 
2) қырғыз, ноғай, өзбек тілдерінде – «тау бөктері»; 3) қазақ тілінде – 
«тау етегі»; 4) парсы тілінде бағыр – «жаны» - деп берілсе, Мурзаев Э. 


170
екінші компоненттегі лай сөзі туралы: «қорыс», «батпақ», «саз балшық», 
«балдыр» (түркімен, тəжік); «лай», «саз», «лайлы су» (қазақ); «ылай – 
лай», «саз» (қырғыз), - деп жазды.
БАДАМ. Жеміс өсімдігінің түрі бойынша қойылған атау. Бұл сөз 
көршілес иран тілдерінен енген. Тəжік тілінде: Бодом – «миндаль», 
«жаңғақ». Жергілікті жерде бұл жеміс бадам немесе түкті өрік деп 
аталады. Тəжік тіліндегі бодом сөзі қазақша бадам болып аталуы заң-
ды, өйткені ондағы о дыбысы – қазақ тіліндегі о жəне а дыбыстарының 
ортасындағы тіл арты дыбыс.
БАЙҚОҢЫР. Бай жəне қоңыр сөздерінің бірігуінен жасалған. 
Бай: “1. Ауқатты, əлді, мол, көп, көл-көсір, 2. Шексіз көп, ұлан-асыр, 
3. Ауыспалы мағынада «Ұшы-қиыры жоқ, шексіз»; қоңыр: «1. қоңырқай, 
сұрғылт (түс), 2. ауыспалы (дауыс туралы) «қоңыр үн», «жұмсақ», «майда 
дауыс», 3. ауыспалы (мінез жайлы) «тыныш», «біртоға», «жайлы»,
4. ауыспалы (ауа райы туралы) «салқын», «қарасуық қоңыр күз» т.б. Қо-
ңыр сөзі арқылы жасалған топонимдердің де мағыналарының əртүрлі 
екені сөзсіз.” Ол сөздің моңғол тілінде де бірнеше мағынада қолда-
нылатынын көреміз. Мəселен, Хонхорхой – “шұңқыр, ойпат, төмен жер, 
тау үстіндегі қазан тəрізді үлкен шұңқыр, үңгір, сай, жыра” [МонғҚС, 
262]. Осы тілдегі Хонгур “сарғыш, қоңырқай” мəніндегі сөзден басқа 
хоңор – 1) төбе, төбешік, қырат; 2) күштіліктің теңеуін мезгейтін сөз. 
Олай болса, «шексіз», «ұшы-қиыры жоқ, жайлы ойпат» деп түсінуге 
болады.
БАҚАНАС. Атаудың бірінші сыңарындағы бақан сөзі – түркі, 
монғол тілдеріне ортақ көне тұлға. Топонимдер құрамындағы ертедегі 
бақ, бақа,бақан сөздерінің түп мағынасы «кішкене, қысқа, шолақ» 
дегенге саятындай. Демек, атау мағынасы «кішкене, қысқа, келте, шолақ 
өзен» дегенді береді (Ə.Əбдірахманов, т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет