Алматы «Сардар» баспа үйі


-е өлі жұрнақ жалғау арқылы (қулун ->қулна



Pdf көрінісі
бет100/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   116
өлі жұрнақ жалғау арқылы (қулун ->қулна) жасалған деп топшы-
лауға болады. Бұл əдіс қазіргі қазақ тілінде де бар: жұт<жұта, ас<аса, 
тіс<тісе т.б. Қосымша жалғанған негізгі түбірдің құрамындағы 2 дауыс-
ты дыбыстың соңғысы түсіп қалатын заңдылық та біздің тілімізде бү-
гінге дейін сақталған: ауыл-аулы, мұрын-мұрны т.б.


183
...Ескі қыпшақ ескерткіштерінде, тува, өзбек, тілдерінде – қулун
түркіменше – ғулун, қазақ пен қарақалпақ тілінде – құлын
Құлын сөзінің тарихи қалыптасуы жайында пікір айтқан ға-
лымдарымыздың бірі Ғ.Мұсабаев: «Құлынның жас кезіндегі мүше бітімі, 
жал-құйрығы, сыртқы мүсіні құланға ұқсайды. Олай болса, «құлан» де-
ген сөз айтыла келе «құлын» болып өзгеріп кеткен, ал құлан – «қол» (аң-
ғар, ойпат) жəне «аң» деген екі сөзден біріккен түбір» деп тұжырым-
дайды.
Түркі тілдерінде 1 жасқа дейінгі жылқы төлі – қыр. қулун; əзірб. 
ғулун; гаг., қарақ., құмық, түркім. көлін; өзб. кулун; башқ. колон түрін-
де келеді де «жаңа туған», «айлық» деп бөлінбейді [48].
«Қазақ тіліндегі жануарлар төлі» атты тақырыпта қорғалған 
Р.Панзарбекованың ғылыми еңбегінде gulun сөзін gul, gol деген ататіл-
дік тұлғасы монғол, тұңғыс-манжур тілдеріндегі on/un тұлғаларымен 
ортақ бір семантикаға саятындығын айтады. «Түркі тілдеріндегі төрт 
түлік атауларының этнолингвистикалық сипаты» деген тақырыпта 
зерттеумен айналысқан Б.Тоқтағұл бұл пікірге келіспейтіндігін былай-
ша дəлелдейді: «Түркі тілдеріндегі құлын сөзінің пайда болуына араб, 
парсы тілдері былай тұрсын, монғол тобындағы тілдердің де қатысы, 
əсері жоқ деуге болады. Бұл тілдердегі осы ұғымды білдіретін сөз 
құрылымы мүлде бөлек. Мəселен, араб тілінде құлын атауы филев
мүһер, парсыларда коррэəсб. Ал қазіргі түркі тілдерінде: қырғыз тілінде 
кулун, чуваштарда – хам, сахаша – кулун, ұйғырларда –кулун. Ғалым 
бұл сөздің төркінін түркі тілдерінен іздестіргенді жөн деп санайды, 
сөйтіп мынадай мысалдар келтіреді: саха тіліндегі мына бір-екі сөздің 
мағынасына назар аударсақ: құлан тұлғалы сөз – «шапшаң», «жалынды», 
«ойнақы» мағыналарында айтылады да (ЯРС, 186) холуон сөзі дəл осы 
ұғымда қолданылады. Осы сөз мағыналарына ден қоюға болады. Өйтке-
ні жан-жануарлар, əдетте, өз атауын түсіне, іс-əрекет, бітім-болмысына 
байланысты алады. Мысалы, аққу – түсі ақ құс, сол сияқты жылқы 
төлінің де құлын атауының бойындағы шапшаңдық, ойнақылық тəрізді 
қасиеттеріне байланысты болуы əбден мүмкін.
А.М.Щербак көрсетілген өз мақаласында құлын сөзі туралы: «Сло-
ва кулун, таі (и производные от них) наряду со многими другими служат 
наименованиями разных возрастных групп. И так как в современных 
тюркских языках намечается тенденция к выделению общего понятия 
«жеребенок», абстрагированного от возрастных различий, каждое из 


184
упомянутых слов приобретает дополнительно общее значение... Кулун 
(кулунак, кулунчак, кулунағаш). Кулун – жеребенок от рождения до од-
ного года, ср. азерб. ғулун; алт., к.-калп., тув., узб., якут. кулун; башк. 
колон; гаг., кулі; ног. кулін; хак. хулун.
Своеобразие семантики кулун (жеребенок в собственном смысле) 
по сравнению с другими словами, обозначающими жеребенка, глубоко 
выражено в том, что, например, глагольные формы со значением 
«жеребиться» могут образовываться только от кулун, ср. кулунла-, ку-
лунна-, кулунда-, кулна – [МК ІІІ, 91-92 ]», - деген пікір айтады [15].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет