Алматы «Сардар» баспа үйі


АРҒЫМАҚ. Арғымақ атауы М.Қашқари сөздігінде арқун



Pdf көрінісі
бет106/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   116
    Бұл бет үшін навигация:
  • Бурақ
АРҒЫМАҚ. Арғымақ атауы М.Қашқари сөздігінде арқун деп 
берілген. «Диуанда»: Чары алып, арқун мүнүп, арқар йетер «шəулі 
алып, арғымақ мініп, кісі арқарға қуып жетер» [ДТС, 136]. Сөз түбірін 
А.М.Щербак арқ – (біріктіру, қосу, шату, шатыстыру) түбір етістігімен 
байланысты болу керек деп шешеді. «Диуани» тілінде арқ деген сөз 
«жақ» (висок) жəне жүгеннің екі жақтау қайысы» деген ұғым береді 
[ДТС, 53].Əдетте, бұл бəйге, шабыс аты, өте жүйрік жануар болып ке-
леді. Біздің ойымызша, осы семантикалық мазмұн арғымақ сөзінің тегін 
арда: арда емді, арда өсті; ардагер, ардақ, арут.б. сөздерімен түбірлес 
ұяда қарап, ортақ түбірі ар «таза», «еркін» т.б. деп топшылауға негіз 
болады. 
ПЫРАҚ. Пырақ қазақ тілінде тұлпар аттарға қатысты қолданыла-
тын пырақ, дүлдүл сөздері жиі айтылады. Бұл сөздердің де мағынасы 
қазіргі кезде көпшілікке түсініксіздеу. Сондықтан олардың түп мағы-
насына да қысқаша тоқтала кеткен жөн ғой деп ойлаймыз. 
Бұл сөздер қазақ тіліне ислам дінімен енген. Пырақ (арабша ол – 
Бурақ немесе Буран) – Мұхаммед пайғамбар ғ.с. «мирадж» түні жеті 
қат көкке көтеріліп, Алланың тағының алдына барған жəне қасиетті 
Иерусалим қаласына сапар шеккенде мінген қасиетті қанатты жануары. 
Діни ілім бойынша бұл қасиетті жануар басқа пайғамбарларға да 
қызмет еткен. Оны Алла тағала пайғамбарларға əдейілеп аспаннан 
түсіріп отырады. Алғашқы мұсылман дəстүрінде Бурақ ақ түсті, ұзын 


192
денелі, құлағы ұзын, алдыңғы аяғында ақ қанаттары бар жануар ретінде 
сипатталатын. Кейін адам басты, қолтығында қанаттары бар, аша тұяқ-
ты, атқа ұқсас жануар түрінде суреттеле бастады. Мұсылмандық дəстүр-
дегі шығыс миниатюраларында «мирадж» түнін бейнелейтін суреттерде 
Мұхаммед пайғамбар аспанда бұлт арасында, періштелер қоршауында 
осы Бурақтың үстінде бейнеленді. Ислам дінін қабылдағаннан кейін 
қазақтар өздерінің қанатты тұлпарларын осы қасиетті жануарларға теңеп 
атай бастаған. Бүгінде Бурақ сөзі өзгеріске түсіп, пырақ болып кеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет