Алматы «Сардар» баспа үйі


та(л), но передающих разные значения, например: баітаһін



Pdf көрінісі
бет104/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   116
та(л), но передающих разные значения, например: баітаһін, «про-
гулявшая лето корова или кобыла», «не рожавшая еще женщина или 
самка животного», «яловая»; баітаһір-, баітаһіj «объяловеть»; баіталін 
– «раздобреть», «потолстеть» [339-340 ], ср. монг. байтсан «яловая 
корова, кобылица», бур.-монг. байтаһа(н) «яловая в течение нескольких 
лет корова, кобыла» -деген ой айтады. 
Ш.Жанəбіловтің еңбегінде «буаз құнажын байтал» деп айғырдан 
бір жасында шығып, екі жасында құлындайтыны, «құнажын байтал» 
деп екі жастан асқаны, «дөнежін байтал» деп үш жастан асқаны 
айтылатыны берілген [51, 17 ].
ҚЫСЫРАҚ. Қысырақ деп, үйірге қосылмағандықтан қысыр қалып 
құлындамаған [ҚТС, 441 ], ал енді үйірге түскеннің күннің өзінде де 
қашпай қалған жас байтал не биені айтамыз. М.Қашқаридың сөздігіндегі 
бұл сөздің лексикалық мағынасы осыған келеді [MK І, 439 ]. Қысыр деп 
те айта береді. Бірақ бұл сөз тек жылқы малына ғана емес төрт түліктің 
барлығына қолданыла беретін атау. Ертеректе жазылған ескерткіштер 
тілінде (Орхон-Енисей, Тефсир т.б.) жəне мал шаруашылығы онша 
дамымаған елдердің тілінде бұл сөз кедеспейтін сияқты. Ескі қыпшақ 
тілінің жазба мұраларында қысырақ «бие»мағынасында қолданылады. 
Тува тілінде 2-3 жастағы биені кизирак дейді екен. Негізінде 2-3 жастағы 


190
мұндай биені қазақ тілінде қысырақ емес, қысыр бие дейді. Ал егер 
жас байтал не бие (байталдан биеге өтетін не өткен малды) болса, оны 
қысырақ деп атайды. 
Əзірб. тілінің диалектілерінде ғісрағ, түрік, гагауыз тілінде кісрак
«Сираж алкулуб» (ХVІ ғ.) ескерткіші тілінде қысырақ жалпы бие; 
түркімен тілінде кісрак бір жастағы бие; хакасша хізірах «екі жастағы 
бие» дегенді білдіреді [49].
Жалпы түркілік қысырақ сөзінің мағынасы қазақ тілімен сəйкес. 
Оны бұл атаудың құрылымдық ерекшелігінен байқауға болады. 
А.М.Щербак кісір жəне –ақ деген екі морфемадан тұрғандығын айтады. 
Мұндағы қысыр сөзі «буаз емес», «төлсіз қалған», кейбір байырғы 
ескерткіштердің тілінде қысыр сөзі «бала тумаған əйел» (М.Қашқари) 
дегенді білдіреді. Зерттеуші қісір сөзін монғол жазба тілдеріндегі kеw-
зер (бесплодная), kewu(n), kewken (дитя) сөздерімен салыстырады, ал – 
ser монғол тілдерінде жоқтықты білдіретін аффикс.
Қарақалп., қырғ. – қысырақ, саха – кызырак, түріктерде – кысрак
əзірб. тілінің диалектісінде – ғісірағ, гагауыздарда – кысырак, хакас – 
хырырах, түркім. – кісрак.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет