Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет94/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   116
ҚАЗЫҒҰРТ. Аңызда “Нұхтың тауы” аталады. Қазғұрт – көне 
түркілердің тайпа аттарымен байланысты Қаз жəне құрт этнонимдері-


173
нің қос этнонимнен құралған атау. Қаз жəне құрт түркілері б.з. VII – 
VIII ғасырларда өмір сүрген тайпалар (Е.Қойшыбаев); Бұл атау ІХ ғ. 
Араб географтарының еңбегінде Гаркурд деп кездеседі. Мұнда екі 
компоненттен тұрады десек, біріншісі – кар, екіншісі - құртКер, кар – 
көне түркі тілінде «керемет», «қорқынышты», «зор жылан», «екі басты 
айдаћар» дегенді білдірсе, ал құрт – «бас қасқыр», яғни «негізгі тайпа» 
мағынасын береді. Жергілікті халықта сақталған «Қазықұрт тауының 
астында сақталған айдаћар бар, оны дуалап, арбап байлап қойған. Ол 
босанып кетсе, қиямет-қайым болады-мыс» деген аңыз да бар [47]. 
ҚАПШАҒАЙ. Бұл атау түркі-монғол тілдеріне ортақ сөздерден 
жасалған. Қалмақ тіліндегі Хапчыға деген атау Қытайдың Іле қазақ 
облысындағы Текес ауданында. Текес өзені күншығысқа қарай ағып 
барып, биік екі таудың ортасын кесіп, терең шатқал арқылы Күнес 
жазығына шыққанға дейін оншақты шақырымдай таудың терең қыспақ 
шатқалынан өтеді. Сол жерді қалмақтар Хапчыға атайды. Бұл атаудың 
Алматы облысында жəне Іле қазақ облысында кездесетінін, тұлғасы мен 
мағынасы жағынан ұқсас екендігін байқаймыз. Бұл сөз арқылы жасал-
ған өзен аттары Орта Азия, Шығыс Сібір, Монғолияда кеңінен тараған. 
Сонымен Қапшағай топонимінің мағынасы: “екі жағы биік жартастың 
ортасынан өзеннің ағып өтетін тар, қыспақ тұсы” десек, оның тарихи 
құрылымындағы а~ысəйкестігін ескеріп, мағыналық тұрғыдан қыпша 
(қыпша~қыспа~метатеза) сөздерімен түбірлес, ал өзінің түбірі – қыс деп 
болжауға болады.
ҚАРАҚАСТЕК. Бұның көне атау екендігі туралы Шапырашты 
Қазыбек бек Тауасарұлы былай дейді: “Қарақыстақ салынғанына мың 
екі жүз жыл болған көне қыстақ еді. Керуен жолының үстіндегі бұл 
қала ол кезде Бекті атанған. Кейін жұрттың шамадан тыс, мың түтінге 
жеткендігінен оны Қарақыстақ, яғни “атам заманғы қыстақ” атаған” 
(Қазыбек бек, 221). Біздің ойымызша, бұл арада «қара» компонентінің 
мағынасы «атам заманғы» дегеннен гөрі, «үлкен», «тұрғыны көп» деген 
ұғымды білдіретін. (салыстырыңыз: Қара шаңырақ, Қарасу, Қаратау 
т.б.) болу керек. Күні бүгін де жергілікті тұрғындар оны Қарақыстақ
деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет