Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет99/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   116
АЛА. Ала (алаша) – түркі тілдерінде жылқы мағынасын білдіретін 
атаулардың бірі. Қазақ тілінде, түркі тілдерінің сөздіктерінде ала сөзі-
нің көбіне сындық мағыналары, жылқының түсін білдіретіндігі сөз 
болады да, ал ат мағынасы көп айтыла бермейді. Тек 10 томдық тү-
сіндірме сөздікте ала сөзінің 2 мағынасы: 1) ақ жəне басқа түстердің 
араласып келген түрі; 2) ауыс мағынасы көне жылқы ішіндегі көрнек-
ті, жүйрік ат. 
Расында қазақтың эпостық жырлары мен ақын-жыраулар мұрасын-
да ала сөзі «ат», «азбан» ұғымында жиі кездеседі. Мысалы:
Ерлер мінген алаға
Көңілім толды санаға... (Алпамыс батыр жыры).
Мінген атым ала еді
Қылшық жүнді қара еді (Қобыланды батыр жыры).
Бұл мысалдардан ала сөзі жалпы ат, көрнекті жүйрік дегеннен гөрі 
«азбан» дегенді білдіреді. 
Қазақ тілінде «алаша» варианты да кездеседі. Мысалы:
Алаша аттың басы деп,
Қалмақты ердің қасы деп (Ер Тарғын).
«Алаша» варианты Түркіменстан қазақтары тілдерінде де сақтал-
ған. Бірақ беретін мағынасы – «түйенің будан тұқымы».
Сірə, «азбан» мағынасындағы ала сөзі – халық поэзиясындағы 
күшті, мықты жылқының символы, азбан – үйірге түсіп жүрген, əбден 


181
есейген, күш жиған малдың ақтатылған кездегісі. Батырлар жырында 
азбанның «ертеңнен салса кешке озған, ылдидан салса төске озған, 
томаға көзді қасқа азбан» болып суреттелуі де осы мықтылығын көрсет-
се керек. Батыр да өзінің күш-қайратын танытқысы келгенде, «жылқы 
ішінде аламын» дейді. Сондықтан азбан, ала сөздері синонимдер десек, 
жылқыға қатысты тұстарда ала варианты жиі қолданылады.
ЖҰНТ. Жұнт сөзінің ҚТС-нде 2 мағынасы берілген: 1) ұлпасы 
жып-жылтыр, суда мекендейтін итбалық тəрізді мақұлық; 2) көне
Жылқы, ат (жұнт жылы – жылқы жылы). Яғни, бұл сөз де жылқы деген 
мағынаны беретін сөз. М.Қашқари сөздігінде бұл атау йунд тұлғасында 
келіп, «ат, жылқы, оның үйірі» деген ұғымда қолданылады [49]. Түркі 
халықтарында 12 жылда бір қайырылатын жыл атауларының бірі – 
жетінші жылдың аты осы сөзбен аталған: йунд йылы (жылқы жылы). Ескі 
қыпшақтар ескерткіштерінің тілінде йунт деп табынға бос жіберілген 
жылқылардың бір үйірін айтатын болған. Онда қыпшақ тобына жата-
тын тілдердің өзіндік ішкі даму заңдылығы бойынша қалыптасқан 
тұрақты фонетикалық ережеге сай сөз соңындағы ұяң дыбыс (-д) қатаң 
(-т) болып айтылады: жəдігерліктерде йунт, қазақ тілінде жұнт. Бұл 
лексема негізгі сөздік қордан орын алғанмен, ескіріп үлгерген, белгілі 
бір сөз тіркесінің кірігіп кеткен құрамында ғана кездеседі, онда да ауыс. 
мағынада жұмсалады: жұнттай болып семіріп кетті, жұнттай семіз 
деп айтылады. Сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағынсыз бұл 
түбір өз алдына жеке тұрып қызмет атқармайды.
А.М.Щербак өз еңбегінде joнт сөзі «лошадь» деген мағына береті-
нін сөз ете келіп, мынадай мысалдар арқылы оның мағынасын анықтай 
түседі: m?гl?k kулун ?рк?к joнда (жеребенок обращается за исцелением к жеребцу, где в сочетании 
?рк?кjoнт (букв. «самец-лощадь») слова joнт, несомненно, имеет 
видовое значение, ср. также ?рк?к jунад «лошадь» (Китаб ал-идрак, 245). 
«Более общим явлением, уже начиная с Х, ХІ вв., стало употребление 
joнт в качестве наименовния года в двенадцатилетнем животном цикле». 
Бұл сөздің о баста-ақ таралу əрісі шектеулі болған болса керек. 
Жылқы малынан қол үзбеген жерлерде ғана айтылып, сондықтан да 
қазақ тілінде сақталған.
«Сөздің негізгі түбірі йығ = (жый), оған өздік етістің жалғауы -ун 
қосылғанда ғ дыбысының кейде түсіп қалатын заңдылығы бойынша 
йыун (2 дауысты дыбыс қатар келіп қолданылмайтын болғандықтан) >йун 


182
болып қысқарады. Көне түркі тілдеріндегі –т реликтік көптік жалғауы 
жалғанып (йунт), ол түбірмен кірігіп, қалыптасып кеткен [49]. 
Қазіргі қазақ тіліндегі қолданылуына сай мағынасын жұнттай сөзі-
не «жылтыр, тақыр, таза, əдемі» Жұнттай сөзінің «тығыршықтай семіз», 
«күйлі-қоңды» малға, көбінесе жылқы малы деп анықтауға болады. Ал 
семіз малдың жүні əрі тықыр, əрі жылтыр болатыны белгілі нəрсе. Олай 
болса, жұнттай сөзінің төркіні көне түркі тілдерінде ерте замандарда 
қолданылған юнт (jynd) сөзімен байланысты деуге болады. Сонда 
тіліміздегі салыстыру моделі бойынша (салыстыр: сиырдай, шошқадай 
семіз, еңгезердей, түйедей, алпамсадай үлкен, титтей, құрттай т. 
б.), жұнттай сөзі о баста «аттай семіз, аттай күйлі, ат мүшелі» деген 
мағынада тек атқа байланысты айтылса, одан кейін жалпы малға, адам-
ға байланысты да айтыла бастаған болуы керек» [ҚТҚЭС, 94 ].
ҚҰЛЫНҚұлын – жылқының алты айға дейінгі төлі [ҚТТС, 465 ]. 
Жаңа туғаннан бастап желіге байланғанға дейінгі кезеңде құлыншақ деп 
атайды (1-1,5 айлық кезең). 
Профессор Қ.Жұбанов құлыншақ сөзіндегі қосымшаның (-шақ, 
-шек) шаға есім сөзінен шыққандығын сөз етеді.Шаға сөзі қазір тіліміз-
де бала-шаға сөзінің құрамында ғана сақталған. Ал кей түркі тілдерінде 
(əзірбайжан, түркімен) бұл сөз бүгінге дейін «сəби» мағынасында 
қолданылады. Ғалым Қ.Жұбанов қазіргі қазақ тілінде қолданылып 
жүрген шақ-шек (құлыншақ), -шық/-шік (төбешік, қаншық), -ша/-ше 
(өгізше, тайынша) жəне «уақыт» мағынасында қолданылатын «шақ» 
сөзінің шығу төркіні монғолдың шаған, егін, тегін - «бала, сəби, уақыт» 
мағыналы сөздеріне саятындығын айтады.
Құлын сөзі М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегінде де 
кездеседі. Осы еңбектегі төрт түлік мал атауларын зерттеген М.Бейсе-
нова: «Ерін үндестігі қатаң сақталған орта ғасыр түркі тайпаларының 
тілінде жылқының баласын «кулун» деп атайтынын М.Қашқари өз 
шығармаларында жазған» [МК І, 383 ] деп көрсетеді. Қазақ тіліндегі 
«құлындау» деген етістіктің мағыналарын ол кезде қулна деп айтатын 
болған: қысрақ қулнады [қысырақ құлындады, ІІІ, 91]. Бұл форма 
түбір сөзге (қулун) көне түркі тілдерінен мирас болып келе жатқан -а//


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет