179
көрсетуге болады: 1. қозғалу семасы –
аттау, аттану, адақ (айақ),
адасу, адым т.б.; 2. объектінің шығу семасы –
таң атты, тас атты,
атып шығу, атып тұру; 3. объектінің
бату, біту семасы –
ат, ад (тамұқ)
ада болу; 4. объектілік сема –
ат; 5. субъектілік сема –
ата, аталық,
адам т.б. [1]
Сахалар (якут) атамекенінен ғасырлар бұрын кеткендіктері жəне
өздеріне атамекен еткен Сібірде, сол жердің табиғи шарттарына бе-
йімделген жануарларды пайдаланған, бірақ жылқыны ешқашан
ұмытпаған. Бұл жерде күнделікті
өмірде қолданған, маңызды функ-
циялары болған жануарларды ат сөзімен атаған. Орта Азиядағы жыл-
қының
функциясымен саха жұртындағы Сібір киігінің функциясы бір-
дей. Осыған орай Сібір киігінің аталуы аттаба болған. Өгіздің аталуы
ат өгіз делінген. Тағы да оқыранған əртүрлі жануар «аттаммут» түрін-
де аталған.
Қазақ тілінде «атқа мінді» десе де, «жылқыға мінді» демейді.
Өйткені бұл жерде «ат» сөзі жылқы малының мінуге жарайтын барлық
түріне байланысты айтылып тұр, ал «жылқы» сөзінде ондай ұғым жоқ,
оның айтылу аясы мен қолданылу ерекшелігі стильдік бояуы – бедері
ат сөзінен гəрі басқалау болып келеді. Тірі тілдердің материалдары
бойынша мұндай стильдік əрқилы мүмкіншіліктерді
зерттеп білуге
болар, бірақ өкінішке орай, өлі тілдердің кезінде жазылып қалған азын-
аулақ мысалдарына орай ондай бақылау жұмыстарын жүргізуге бола
қоймайды, өйткені мұндай мысалдар құрамында кездесетін сөздердің
саны аз, əрісі тар, өзіндік ерекшеліктері ашыла бермейтін ауқымда ғана
көрінеді. Ортағасыр түркілерінің тілінде үйірге түсіп, ұрпақ өрбітуден
басқа жағдайдың бəрінде де
ат сөзі қолданылады.
ЖЫЛҚЫ. Жылқы – тақ тұяқты ірі қара, төрт түліктің бірі. Бұл
жылқы атауына ҚТС-нде берілген анықтама [ҚТТС]. Жылқы атауының
тақ тұяқты ірі қара мағынасын тек тарихи деректерден кездестірмесек,
дəл қазіргі күнде тек төрт түліктің бірі ретіндегі мағынасы ғана сақ-
талынған. Мəселен, «Диуани лұғат-ит түркте» малдың жалпы атауы
ретінде
йылқы сөзі берілген.
«Күлтегін» ескерткішінде
йылқы сөзіне -сығ жұрнағы жалғану
арқылы
йылқысығ – «бай, дəулетті» деген ұғым тудыратын жаңа сөз
жасалатын көрінеді [ДТС, 267 ]. Малдың оның ішінде жылқының байлық
көзі болып есептелінетінін біз қазақ өмірінен жақсы білеміз. Аталмыш
жəдігерлікте осы сөздің
йылсығ деген тұлғасы бар [ДТС, 267], негізгі
180
түбірі
йыл болса керек. ДТС-да «скот» деген мағынасы берілген [ДТС,
267].
М.Қашқаридың сөздігінде
жылқы сөзі үйірде жүрген малдың
жалпы атауын білдіреді.
Жылқы сөзінің мағынасы қазіргі қазақ тілінде
де осындай. Зерттеуші А.М.Щербак бұл сөз туралы «оно обозначало
первоначально «табун» и в этом значении ассоцировалось с табунными
животными, наиболее важное место среди которых занимало лошадь»
деп
жаза отырып, Г.Вамберидің «jilki» сөзі «jil» -
жинау,
біріктіру
етістігінен болуы мүмкін деген пікіріне назар аударуды жөн көреді [15].
Қорыта айтқанда, «жылқы» атауы «йығ» - бір жерге жинау (көне түркі)
мағынасын береді.
Айғыр, ат, бие, құлын, тай атауларының жиынын
«үйір» деген ұғымды білдіретін «чылғы» сөзі бар екендігін ескерсек,
«жылқының» алғашқы мағынасы осы «үйір», «табын», «мал тобы»
дегенге келеді.
Ат деген сөзбен салыстырғанда
жылқы деген атау жыныстық
ерекшелікті білдірмейді.
Достарыңызбен бөлісу: