ДІР-ДІР <~ ет: дірілдеп, қалшылдап тоңуды бейнелейтін еліктеуіш>
*Атақ алған соң да дір-дір етіп тұрғандарың (М.Мағауин. Қияндағы қыстау,
166). *Өзі ашу-ызадан дір-дір етіп тұрды (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 20).
79
- Е -
ЕБЕЛЕК-СЕБЕЛЕК <1. адамның, жануарлардың елпек қағып
қалбалақтап, ұшқалақтап, қолды аяққа тұрмайтын беймаза әрекет-
қимылын бейнелейтін еліктеуіш; 2. ауыс. сәуленің әйнекке шағылысып,
көрсететін айқыш-ұйқыш өрнектері>
ЕБЕЛЕҢ-СЕБЕЛЕҢ <қара.: ебелек-себелек>
ЕБІЛ-ДЕБІЛ <қара.: ебіл-себіл> *Шалыммен екеуміз осы үйді ебіл-
дебіл болып жүріп салдық («Жұлдыз», 2002. №1. 77). *Сыбан молда ақ
жайнамаз үстінде мүлгіп отырғанда, ебіл-дебіл, омырауы көз жасына
боялып Тасбике жетіп келді (ҚТТС, 3, 252).
ЕБІЛ-СЕБІЛ <қалай болса солай, берекесіз> *Хан ... көлеңке
мен жерошақ арасында дедектеп жүрген ебіл-себіл әйелге қарап үнсіз
отырды (Ә.Кекілбаев. Yркер, 28). *Сүйгенін сүйреткен ебіл-себіл бір хәл
(Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 153).
ЕБІР-ЖЕБІР <диал. аңғал-саңғал, бас-аяғы араласып, қалай болса
солай, шашылып жатқан дүние, табиғи құбылыс *Ақыры, міне, қараусыз
қалған иесіз дүние, бомба түскен үйден, ебір-жебір (ҚТТС, 3, 252).
ЕГІЛ-ТЕГІЛ <көз жасын көл қылып, сора-сорасын шығарып
жылаудың сипаты> *–Бекет, апам жоқ енді! – деп егіл-тегіл боп, оны
құшақтай алдым (Д.Исабеков. Таңд. шығ., 1, 17).
ЕДІРЕЙЕ-ЕДІРЕЙЕ- <~ қал: танымаған, тосын біреуді көргенде
көзін ежірейтіп, өзі одырайып, таңдана қарап (қалу)> ...Құбыла бетінде
едірейі-едірейе қараған Қызылқабақ шоқылары, батысына – бұлыңғыр
мұнар, ортасында көгере қарауытқан Темірастау (Ә.Кекілбаев. Yркер, 135).
ЕДІРЕЙІП-ЕДІРЕЙІП <қара.: едірейе-едірейе> *Ең алдымен екі жерде
едірейіп-едірейіп тұрған бурыл шалған қос жүндес қабағы көрінеді (Ә.Кекілбаев.
Бір уыс топырақ, 40).
ЕДІРЕҢ-ЕДІРЕҢ <~ ет: біреуге билігін, үстемдігін көрсетіп қожаңдауды
білдіретін бейнелеуіш еліктеуіш> *Жылқылар құлағын қайшылап едірең-едірең
етеді... (ҚТТС, 3, 269).
ЕКШЕҢ-ЕКШЕҢ <~ ет: көсемсу, елден бұрын сөз бастап, көзге түсу,
жалмаңдап сөйлеуді бейнелейтін еліктеуіш>
ЕЛБЕ-ДЕЛБЕ <алқам-салқам, қалай болса солай (киіну), салдыр-салақ
(адам)>
ЕЛБЕҢ-ЕЛБЕҢ <~ ет: елбелектеп, аяқ-қолы жерге тимей, ұшып-
қонып жүруді бейнелейтін еліктеуіш> * Елбең-елбең жүгірген, Ебелек атқа
секірген, Арғымақ мінген жаратып, Ақ сауыт киген темірден, Алатаудай бабалар,
Әруағымен жебей көр! (Ауыз әдебиеті.).
ЕЛБЕҢ-СЕЛБЕҢ <қара.: елбең-елбең>
80
ЕЛБЕ-СЕЛБЕ <алқам-салқам, қалай болса солай> *Можан... екі иығы
елбе-селбе боп, аулына қарай шаба жөнелді (ҚТТС, 3, 308).
ЕЛЕҢ-ЕЛЕҢ <~ ет: жан-жағына алаңдап, алақ-жұлақ етіп, жалтақтап
қарауды бейнелейтін еліктеуіш> *Әли бұған ...жан-жағына елең-елең қарап,
сыбырлай сөйледі (ҚТТС, 3, 315).
ЕЛЕҢ-СЕЛЕҢ <селтең-селтең етіп бос жүруді бейнелейтін еліктеуіш>
*-Иқ, ... талай жыл елең-селеңмен өткен екен де (ҚТТС, 3, 316).
ЕЛП-ЕЛП <аяқ-қолы жеңіл, елпілдеп ұшып-қонып жүретін адамның
жүріс-тұрысын бейнелейтін еліктеуіш> *– Сен немене, елп-елп етіп жүргенің?!
Өлген әкең тіріліп келді ме?
ЕЛПЕК-ЕЛПЕК <~ ет: елпектеп, ұшып-қонып жүруді, бейнелейтін
еліктеуіш> *Жетпісбайдың баласы шөпжелке біреуді үйіне кіргізіп, жерден жеті
қоян тапқандай елпек-елпек етіп жүрген көрінеді (ҚТТС, 3, 323).
ЕЛПЕҢ-ЕЛПЕҢ <~ ет: қара.: елп-елп> *Онда үн жоқ. Мұрнын тесіп
жетелеген қотыр тайлақтай елпең-елпең етеді (ҚТТС, 3, 326).
ЕЛПІЛДЕП-ЖЕЛПІЛДЕП- <біреуге қызмет көрсетуге, жақсылық
істеуге бейім, ұшып-қонып тұрған адамның әрекетін бейнелейтін еліктеуіш>
*Өзі бір көрімге желғабыз, елпілдеп-желпілдеп қалған адам (ҚТТС, 3, 327).
ЕЛПІ-СЕЛПІ <қара.: олпы-солпы>
ЕЛ-САЛ <қара.: дел-сал> *Оның түннен бері қарай бойы ел-сал тартып,
қабағы бір түрлі тырысқан сияқты бола берді (ҚТТС, 3, 327).
ЕЛ-СЕЛ <қардың тез еріп, тарам-тарам болып, су тасқынына айналған
сәтін бейнелейтін еліктеуіш> *Өлім мен өмір, от пен оқ арпалысында өткен
қарлы қыс көктемгі алтынкүрек соққан кездегі ел-сел боп еріген қардай тез өтті
(ҚТТС, 3, 327).
ЕЛТЕҢ-СЕЛТЕҢ <адамның ел алдында жеңіл мінез, ұшқалақтық
танытып, қалай болса солай, ұшып-қонып, тәлтек болып жүруін бейнелейтін
қос сөз> *Ардан безіп, арақ ішіп, шылым тартып жас күнін елтең-селтеңменен
өткізіп жүрген жастарды тым жиі көретін болдық («Қазақ әдебиеті», 3.10.95, 15).
ЕЛІН-ПЕЛІН <не істерін білмей, ойы онға, санасы санға бөлініп,
тығырыққа тірелуін білдіретін бейнелеуіш> *Ол нақ бір ертедегі аңыз-
әңгімелердегі тоғыз жолдың торабына келіп, енді қайда жүрерін, қалай басарын
білмей, аң-таң болған саяхатшы, жиһангездер тәрізді елін-пелін боп, жол үстінде
тұра берді (ҚТТС, 3, 335).
ЕМПЕҢ-ЕМПЕҢ <ілгері ұмтылып, біреуді басып озуға ынтығып, асығыс-
үсігіс әрекет етуді бейнелейтін еліктеуіш> *Жанарында ашу-ыза ұшқындап,
қазығын емпең-емпең айналады (ҚТТС, 3, 347).
ЕНТІГЕ-ЕНТІГЕ- <қатты жүгіруден, тез-тез жүрістен жүрегі соғып,
ентіге-ентіге (жету)> *Қалың тоғайдың ішінен шығып, Сарысудың қабағымен
төмен қарай ентіге-ентіге жүгіріп, ...үйіне қайтып барды (ҚТТС, 3, 365).
81
ЕҢК-ЕҢК <адамның еңкілдеп, барша денесін жоғары-төмен
қозғап, қатты күлуін бейнелейтін еліктеуіш> *Арасында еңк-еңк етіп
күлісіп те алады (З.Шашкин. Таңд. шығ., 140).
ЕҢІРЕЙ-ЕҢІРЕЙ- <көз жасын көл етіп, қайғылы-қасіретке
булығып (ағыл-тегіл жылау)> *Еңірей-еңірей көз жасы да әбден
сарқылып біткен тәрізді, құр кемсеңдеп булыққанымен көзінен жөнді
жас шықпайды (ҚТТС, 3, 381).
ЕҢІРЕП-ЕҢІРЕП- <қара.: еңірей-еңірей (жылау)> *Yлкендердің
өздері де еңіреп-еңіреп жіберісті (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 137).
ЕРБЕҢ-СЕРБЕҢ <адамның т.б. жанды заттардың аяқ-қолын
көтеріп, әртүрлі әрекетке келтіріп ербеңдетуін бейнелейтін еліктеуіш>
ЕРБЕК-СЕРБЕК <ербеңдеп, қалай болса солай шайқалып, көзге
елестеп тұратын қисық-қыңыр нәрселер> *Алғаш оған таудың қатпар-
қатпар тарғыл тастары да, ербек-сербек қисық-қыңыр ағаштары да, ... бір
түрлі сұсты, сиқырлы, жабайы көрінді (ҚТТС, 3, 388).
ЕРБЕҢ-ЕРБЕҢ <қолын аспанға көтеріп, ербеңдетіп, әртүрлі
әрекеттенуді бейнелейтін еліктеуіш> *Әлжуаз қолдар бірдеңе
іздегендей ербең-ербең етеді (ҚТТС, 3, 389).
ЕРБИІП-ЕРБИІП- <әр жерде бір басы-қолы ғана қылтиып
(көріну)> *Жермешел шым үйдің жанындағы өлі қаңқадай ербиіп-ербиіп
тұрған аз ғана жеміс ағаштарының түбін қопсытты (Ә.Кекілбаев. Бір уыс
топырақ, 75). *Құлазыған қу тақыр, қызыл-шақа тас-тас түзде ербиіп-
ербиіп сирек өскен бұта аңызақты жаз айларында көңілді жүдетеді
(Ә.Нұршайықов. Менің Қазақстаным, 113).
ЕРБИІП-СЕРБИІП- <қара.: ербиіп-ербиіп>
ЕРЕК-СЕРЕК <жоғары қарай тікірейіп «қалқиып тұратын»
заттың (ат құлағының) бейнесі>
*Құлағы арғымақтың ерек-серек,
Жапанда жалғыз біткен сен байтерек;
Өзің де елде жалғыз ер екенсің,
Наурызбай атың сенің неге керек? («Қазақ әдебиеті», 99. 3.12. 3).
ЕРЕҢ-СЕРЕҢ <~ ет: серең-серең етіп, тайтаңдап, тарпақ
басуының бейнесі> *...Бойы шешесімен бірдей Ақзия ерең-серең етіп,
арсалаңдап жүгіріп, мойнынан құшақтай алды (ҚТТС, 3, 394).
- Ж -
ЖАБЫР-ЖҰБЫР
<тұс-тұстан
қаптап,
жапа-тармағай
қаумалап жабылып кетуді бейнелейтін еліктеуіш> *Сол жабыр-жұбыр
жапатармағай жөңкілістің қақ алдында қойқаңдап қонтайшының өзі де
жүгіріп барады (Ә.Кекілбаев. Yркер, 72).
82
ЖАҒАЛ-ЖАҒАЛ <ақ сары, қарақошқыл сары түсті (ешкі, құс,
т.б.) > *Пешті жағал-жағал етпей, ағартып қою қолдан келер шаруа
ғой, - деді Әмір (ҚТТС, 3, 491).
ЖАЙРАҢ-ЖАЙРАҢ <~ ет: шат-шадыман болу, жайнаң-жайнаң
етіп көріну> *Дәмелі бұрынғыдан да сұлуланып, кеткен тәрізді, екі беті
қызарып, қарақат көзі күлімдей түсіп, жайраң-жайраң етеді (ҚТТС, 3, 537).
ЖАЛАҚ-ЖАЛАҚ <айғыз-айғыз, тілім-тілім> *Бет-аузы ылғи
сортаң жердей жалақ-жалақ болады да жүреді (ҚТТС, 3, 558).
ЖАЛАҚ-ЖҰЛАҚ <~ қара.: адамның, жануардың жан-жағына
қайта-қайта, алма-кезек қарай беру қалпы> *Ызалы қасқырдың көзіндей
қанталаған көзі жан-жағына жалақ-жұлақ қарайды (ҚТТС, 3, 558).
ЖАЛАҢ-ЖАЛАҢ < ~ ет: жалап-жұқтап қоятындай жалмаңдауды
бейнелейтін еліктеуіш> *Таңертең тұрсам, Ақтай әлдеқашан жуынып
алған, аш тазыша жалаң-жалаң етеді (ҚТТС, 3, 563).
ЖАЛАҢ-ЖҰЛАҢ <қара.: жалаң-жалаң>
ЖАЛБА-ЖҰЛБА <киім-кешектің сау тамтығы қалмаған, пәре-пәре
болып жыртылған қалпы> *Дәл сондай күн күйдірген ақ жем ұзын тіз
киімінің жалба-жұлба балағынан жалаңаш тілерсегі көрінеді (Ә.Кекілбаев.
Бір уыс топырақ, 201). *...Жарты ғаламды жалаң аяқ, жалаң бас жаяу аралап
келе жатқан жалба-жұлба дәруіштер... (Ә.Кекілбаев. Yркер, 167).
ЖАЛБАҢ-ЖАЛБАҢ <~ ет: етек-жеңін жел үрлете жалбыратып,
алды-артына қарамай жалбаңдауды білдіретін еліктеуіш; 2. ауыс.
жағымпазданып, өтірік қошемет көрсетіп жалбалақтау> *Yлкенге де,
кішіге де жалбаң-жалбаң етіп, желге ұшып кетпей жүргеніңе де, шүкірлік
(ҚТТС, 3, 567).
ЖАЛБАҢ-ЖҰЛБАҢ <қара.: жалбаң-жалбаң> *Елібай ат үстінде
отырып қалды. Қарақшылар тырым-тырақай жалбаң-жұлбаң қаша жөнелісті
(М.Сатыбалдиев. Жартастағы жазулар, 13).
ЖАЛБЫР-ЖАЛБЫР <сабалақ-сабалақ, жан-жағы шашырап,
жалбырап-салбырап тұрған заттың бейнесі>
ЖАЛБЫР-ЖҰЛБЫР <қара.: жалбыр-жалбыр> *Қарасам шалбарыңа
жалбыр-жұлбыр... (ҚТТС, 3, 568). Қарасам шалбарыңа жалбыр-жұлбыр,
Алдағанда көнесің надан қалжыр. Әншейін келемеж қып, кел дегенге, Келуін
шын өңмеңдеп құдай алғыр (Қаз.әдеб.хрест., 405).
ЖАЛҒАУ-ЖАЛҒАУ <үзік-үзік нәрселердің өзара жалғанып, қырық
құрау болып тұрған қалпы>
ЖАЛМАҢ-ЖАЛМАҢ <алдына келген ас-тамақ, азық-түлікті асыға-
толтыра асап, шайнап-жұтып, тойымсыз көзбен жан-жағына алаңдау>
*Жел өтіне көлденеңдей шөгіп жатқан аруана жалмаң-жалмаң күйсеп,
тағдырының ендігі ноқтасына көндіккендей (ҚТТС, 3, 579).
83
ЖАЛП-ЖАЛП <1. шамның, оттың жел үрлеп, бірден өшуін бейнелейтін
еліктеуіш; 2. ауыс. адамның, малдың қатты жүгіріп келе жатып тосыннан
қайта-қайта құлауын бейнелейтін еліктеуіш> *Тап соларға не қыла қойғанын
кім білсін, ауылдың шәуілдек иттері де көп дүбірге өре түрегеліп, жалп-жалп
үріп жатыр (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 273). *Құйын үйірген көңілдің
жаңағы бір әсем сәулелері де жалп-жалп өшіп жатыр (С.Сматаев. Елім-ай, 226).
ЖАЛП-ЖҰЛП <шамның, оттың бірде өшіп, бірде сөніп тұрған қалпын
бейнелейтін еліктеуіш> * Жалп-жұлп етіп сығырайып жанған май шамның
жарығы қуыс-қуысқа жете бермейді (ҚТТС, 3, 584).
ЖАЛТАҚ-ЖАЛТАҚ <адамның, жан-жануарлардың жан-жағына
қайта-қайта алаңдап, алақтап қарай беруін бейнелейтін еліктеуіш> *Бижан
Бәйеділдің сөзін жалтақ-жалтақ қарай отырып, ықыласпен тыңдады
(Ғ.Ахмедов. Жем бойында, 35). *Қара бала әкесіне жалтақ-жалтақ бұрылып
қарап қойып, қонақтардың алдынан салды (Ә.Кекілбаев. Yркер, 24).
ЖАЛТАҚ-ЖҰЛТАҚ <қара.: жалтақ-жалтақ> *Сиыр айдаушыларға
жеткенше артына жалтақ-жұлтақ қарап барады (С.Жүнісов. Ақан сері, 34).
ЖАЛТАҢ-ЖАЛТАҢ <қара.: жалтақ-жалтақ> *Кер бие құлағын
қайшылап, не болса соған жалтаң-жалтаң қарап елеңдей береді (ҚТТС, 3,
590).
ЖАЛТАҢ-ЖҰЛТАҢ <қара.: жалтаң-жалтаң> *Жігіттер жалтаң-
жұлтаң Әлібиге көз тастап қояды (ҚТТС, 3, 591).
ЖАЛТ-ЖАЛТ <~ ет: асыл тас, алтын, күміс, т.б. жалтылдайтын
заттардың күн, жарық сәулесімен шағылысуын бейнелейтін еліктеуіш>
*Жұрт оның сөзіне сенер-сенбесін білмей, жалт-жалт қарап тарай бастады
(Ә.Кекілбаев. Yркер, 397). *Қос елі былғары құйысқанға құйма күмістен өрнек
сапты, күн көзінде жалт-жалт етеді (С.Сматаев. Елім-ай, 145).
ЖАЛТ-ЖҰЛТ <қара.: жалт-жалт> *Құдайдың бір қиын-қыстау
жерлерінде жанары жалт-жұлт жанып, аруақтанып алады (Ә.Кекілбаев.
Yркер, 139). *Ханның қадірі қонақтарының алдында сақшылар күнге жалт-
жұлт етіп, тағзым етеді (Ә.Кекілбаев. 57).
ЖАЛТЫР-ЖАЛТҰР <асыл тас, алтын күміс, т.б. заттардың
жалтырап көрінетін қасиетін бейнелейтін еліктеуіш> *Не көрсе соған
талпынып, жалтыр-жалтұр еткен болса, оған қызығып, ... тыныштық
көрмейді (ҚТТС, 3, 594).
ЖАЛТЫР-ЖҰЛТЫР <асыл тас, алтын, күміс сияқты заттардың әр
қырынан бір құбылып, жылтылдап көрінуін бейнелейтін еліктеуіш>
ЖАҢ-ЖҰҢ <айқай-шу...> «Ат қайда ? .. Ұмтыл !.. Шап!..» деген жаң-
жұң, қарбалас... жанталас, жүгіріс (Ж.Аймауытов. Шығ., 87).
ЖАПАҚ-ЖАПАҚ <көзін жыпылықтатып, жаутаңдап, жалтақтап
қарауды бейнелейтін еліктеуіш> *Аңтарылып, аңырып, қолбасыларға жапақ-
84
жапақ қарасады (С.Сматаев. Елім-ай, 1, 108). *Мен оған пір тұта жапақ-жапақ
қарай берем (ҚТТС, 3, 658).
ЖАПАЛАҚ-ЖАПАЛАҚ <ірі-ірі болып жауатын жаңа қардың сипаты
немесе біреуге қайта-қайта қарай беру> *Мен кірген соң ол да бетіме
жапалақ-жапалақ қарай берді (Б.Нұржекеев. Таңд. шығ., 2, 173).
ЖАПЫР-ЖҰПЫР <бір нәрсенің үстіне екіншілерінің баса-көктеп,
үйме-жүйме болып топырлауын бейнелейтін еліктеуіш> *Yй маңында
жапыр-жұпыр дауыстар көбейді (Ә.Кекілбаев. Yркер, 324).
ЖАП-ЖАЛТЫР <барлық жері түгел жалтырап, жалтылдап көрінетін
заттың бейнесі>
ЖАП-ЖАМАН <бір дұрыс, оңған жері жоқ, барлық жері, тұтас
көрінісі жаман заттың сипаты> *– Апа, менің осы Тәуір кемпірден, сүйегі
ауыр кемпірден туғаным рас па?- деп, бетін қол сүрткен қағаздай жап-жаман
қып жіберді (Ү.Уайдин. Қазақ әдебиеті, 4). *Аузыма түтіннің жап-жаман ыс
дәмі келеді (С.Соқпақбаев. Менің атым Қожа, 38).
ЖАПЫР-ЖҰПЫР <қаптаған қалың, көп нәрсенің жапырлап, құжынап
бір жерге жиылып, топырлауын бейнелейтін еліктеуіш> *Түу, жапыр-жұпыр
неткен мол жұлдыз! (С.Сматаев. Елім-ай, 2, 91). *Ерте сәске шағы болса да,
халық жапыр-жұпыр сеңдей соғылысады (ҚТТС, 3, 668).
ЖАРБАҢ-ЖАРБАҢ <далбаң-далбаң етіп, епсіз-ебдегейсіз әрекет
етудің, біреудің артынан қалмай жүруін бейнелейтін әрекет сипаты> *...
Баламен бала болып, жарбаң-жарбаң алысқанша, жұмысыңды істесейші...
(ҚТТС, 3, 684).
ЖАРБАҢ-ЖҰЛБАҢ <қара.: жарбаң-жарбаң> *Итаяқ ... құрдас деп
Күнтаймен жарбаң-жұрбаң ойнай беретін (ҚТТС, 3, 684).
ЖАРҚ-ЖАРҚ <~ ет: жалт-жұлт етуді бейнелейтін еліктеуіш>
*Нояндар легінде ...жарқ-жарқ еткізіп наркескен семсерін жалаңдатқан
сайыскерлер, үстеріне тоғыз қабат сауыт киіп, иықтарына орама мылтықтарын
асынған мергендер шықты (Ә.Кекілбаев. Yркер, 71).
ЖАРҚ-ЖҰРҚ <қара.: жылтырдың, әшекейлі т.б. заттардың сипаты >
*...Жарқ-жұрқ етіп әлем-жәлем болып, қызыл-жасыл жамылып өте шыққан жаз
кіруі мүмкін (Ш.Мұртаза. Ай мен Айша, 176). *Отқа жақын жердегі аттардың
ерінің басына ілулі қынаптар түнгі алаудың шұғыласы түскенде жарқ-жұрқ
ете қалады (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 84).
ЖАРҚЫЛ-ЖҰРҚЫЛ <жарық-әқулемен шағылысып, жарқ-жұрқ етіп
көрінетін айшықты, әшекейлі заттардың сипаты> *Ол ... жарқыл-жұрқылға,
көңілі шуылға толы мынау шадыман тобырға таңданбайды (ҚТТС, 3, 691).
ЖАРҚЫН-ЖАРҚЫН <ашық-жарқын, айқын шығатын дауысты,
мінез-құлықты бейнелейтін сипат> *Хадишаның даусы жарқын-жарқын
өктем шықты (Ш.Мұртазаев. Жүрекке әжім түспейді, 134).
85
ЖАУТАҢ-ЖАУТАҢ <адамның, сондай-ақ кейбір жануарлардың
бір нәрсеге дәметіп (сыйлық, жәрдем, ас-дәм т.б.) үміттене көзін сүзе,
қайта-қайта қарай беруін бейнелейтін еліктеуіш> *Жанары ботаның
көзіндей жәудіреп, адам көрсе бір жәрдем тілегендей жаутаң-жаутаң
еткенде, жаның шырылдап, жүрегің жылағандай болады (Ш.Мұртазаев. Ай
мен Айша, 109).
ЖӘУТЕҢ-ЖӘУТЕҢ < қара: жаутаң-жаутаң > *...Yнсіз қалған
шешеннің шалынан медет тілеп, жәутең-жәутең қарайды («Ана тілі», №8,
27.02.03, 9).
ЖЕЛДІРТІП-ЖЕЛДІРТІП- <астындағы атын біраз жерге желдірте
шауып (алу)> *Күн сайын далаға шығарып желдіртіп-желдіртіп әкеледі
(З.Ақышев. Шынардың шыбығы, 17).
ЖЕЛЕГЕЙ-ЖЕЛПІ <үсті-басына жабынған киімінің тыс киім емес,
жұқа жеңіл киім екендігін білдіретін сипаттама>
ЖЕЛЕҢ-ЖЕЛЕҢ <етек-жеңі кең-мол тігілген киімнің қатты
жүргенде желмен желбіреп, желкілдеуін бейнелейтін еліктеуіш> *Көнетоз
шапанының етегі желең-желең етеді (З.Шашкин. Т.Бокин, 258).
ЖЕЛК-ЖЕЛК <~ ет: аттың жалы, түйенің шудасы, т.б. сол сияқты
(шаш, жүн, қалың шөп т.б.) заттардың жүргенде, жел соққанда жайқалып,
шайқалып, қайта-қайта желк-желк етуін бейнелейтін еліктеуіш> *Атан
түйелердің желке шудалары желк-желк етіп, желіп келе жатқандары
(Ә.Кекілбаев. Yркер, 187).
ЖЕЛП-ЖЕЛП <сал: желк-желк> *Елік анадай жерге барып, танауы
желп-желп етіп тоқтап, артына бұрылып лағын күтіп алды (Ш.Мұртаза. Ай мен
Айша, 104).
ЖЕЛПІП-ЖЕЛПІП- <ұсақ заттарды (мыс. бидай, тары, т.б.) қабығынан,
қауызынан айыру үшін, не салқындату үшін жел екпініне ұстау, екшеу > *...
Қолындағы желпуішін желпіп-желпіп қояды (Д.Исабеков. Таңд. шығ., 1, 73).
*Қамыс боғаттың жүйке-жүйкеңді шымырлатар ызың әуенін тыңдап жатыр еді
(Ш.Мұртазаев. Интернат наны, 144).
ЖЫБЫР-ЖЫБЫР <адамның тынбай қыбырлаған күйкі тірлігін,
жәндіктердің өте баяу қозғалыс, жүріс-тұрысын бейнелейтін еліктеуіш> *...
Түлкінің аяғы қысқа екен, жыбыр-жыбыр етеді, бірақ жүрісі өнімді боп шықты,
жеткізер емес (М.Мағауин. Қияндағы қыстау, 184). *Қыбыр-қыбыр қипақтасып
қап, жыбыр-жыбыр жорғалаған саусақтарымен шоқша сақал, қырма сақал,
қауға сақал, қауырма сақалдарын сипаласқан болады (С.Сматаев. Елім-ай, 246).
ЖЫҚ-ЖЫҚ <~ бол: ұсақ насекомдардың (құрт-құмырсқалардың бір
жерге үймелеп, құжынап кетуін бейнелейтін еліктеуіш>
ЖЫЛМАҢ-ЖЫЛМАҢ <~ ет: 1. бір нәрсенің (мыс., жыланның басы,
тілі т.б.) қайта-қайта көрініп, жасырынып тұратын әрекетін бейнелейтін
86
еліктеуіш; 2. ауыс. адамның біреудің алдында сумаңдап, жылпостық мінез
танытуын бейнелеу> *Сақал-мұртын қырған, иіс жаққан, абақтыға түсті дейтін
емес, тазының күшігіндей жылмаң-жылмаң етеді (З.Шашкин. Таңд. шығ., 312).
ЖЫЛМЫҢ-ЖЫЛМЫҢ <қара.: жылмаң-жылмаң>
ЖЫЛП-ЖЫЛП <~ ет: 1. сырты жылпылдаған майлы нәрсенің қолға
тұрмай, жылп-жылп етуін бейнелейтін еліктеуіш; 2. ауыс. біреудің алдында
жағымпазданып жалпаңдауы> *Ол өтірікті суша сіміріп, ыстық шайдан алып
майға малған қалайы қасықтай жылп-жылп етті (ҚТТС, 4, 292).
ЖЫЛПЫҢ-ЖЫЛПЫҢ <~ ет: жылпыңдады, жылпың қағып,
жағымпазданды> *Сонымен айналып балаға қарадым. Теке көз бала
жылпың-жылпың етеді (Б.Қыдырбекұлы. Шойынқұлақ, 108).
ЖЫЛТ-ЖЫЛТ <жылтырақ нәрселердің (асыл тастар, алтын,
күміс, т.б.) жарық сәулесімен шағылысып жалт-жұлт етіп көрінуі>
*Әжім торлаған жүзге тер іркіліпті, кешкі шапақ тары дәніндей
тамшыларда жылт-жылт ойнап тұр (С.Сматаев. Елім-ай, 2, 78). *Әсіресе,
түн баласында тұрып қарасаңыз – жер ошақтағы оты жылт-жылт еткен
үйлердің ақ отауы қайсы, қараша лашығы қайсы, ажыратуы қиын (О.Бөкей.
Өз отыңды өшірме, 14).
ЖЫЛТЫҢ-ЖЫЛТЫҢ <~ ет: бір нәрсенің көп рет, қайта-қайта
көзге жылт етіп көрініп, қайта жасырынып қалуын бейнелейтін еліктеуіш>
*Yпірлі-шүпірлі балалары да түсі басқа кісілерге үрпиісе қарап кішкентай қоңыр
жаппаның есігінен жылтың-жылтың етеді (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 772).
ЖЫМЫҢ-ЖЫМЫҢ <қайта-қайта жымыңдасуды бейнелейтін
еліктеуіш> *Әрине, бір-біріне жымың-жымың қарасып та қояды
(А.Сейдімбеков. Күңгір-күңгір күмбездер, 127). *Бала бұларды көріп
жымың-жымың етті де, үйіне қарай қуана жүгірді (ҚТТС, 4, 309).
ЖЫҢ-ЖЫҢ <көп адамның бас қосып, құж-құж қайнап, у-шу болып
отырған қалпын бейнелеу> *Құжынап құмырсқаның илеуіндей, жың-жың
боп үйдің іші толып отыр (Батырлар жыры, 67).
ЖЫП-ЖЫП <қимыл-әрекеттің тез-тез, өте жылдам жүзеге асуын
бейнелейтін еліктеуіш> *...Әлгі жіп байлаған тастардың біреуін әрі, біреуін
бері жып-жып алмастырып ши тоқиды (Ә.Кекілбаев. Yркер, 353).
Достарыңызбен бөлісу: |