- М -
МАЙМАҢ-МАЙМАҢ <~ бас: аяғы ауру, ақсақ адамның, хайуандардың
да, түзу де нақ басып жүре алмай, ирелеңдеп, қиралаңдап басуы> *Маймаң-
маймаң басып барып ер-тоқымын алады (Д.Исабеков. Таңд. шығ., 1, 167).
103
МАЛЖАҢ-МАЛЖАҢ <тісі жоқ, не тісі түсіп, тозған адамның
ішкен тамағын жұту үшін қызылиегіменен ұзақ шайнауды бейнелейтін
еліктеуіш> *Жұманнан көздерін алмай, арқамызды босаттыр саңшы дегілері
келгендей, ауыздарын түйелер малжаң-малжаң еткізеді (Ғ.Мүсірепов. Таңд.
шығ. ІІ том, 48). *Жалпақ тұмсықты кең аузын ашып малжаң-малжаң етті
(С.Мұқанов. Сырдария, 137).
МАҢҚ-МАҢҚ <~ ет: 1. төбет иттердің жуан дауысымен қайта-
қайта маңқылдап үруін бейнелеу; 2. ауыс. адамның да (итке ұқсап) қайта-
қайта жаман сөз айтып, ұрсуын сипаттау> *Жастықтан басын көтеріп алып,
сыртқа құлақ түрді. Күлкі де жоқ, ешкім де жоқ. Қотанда қойдың, үй маңында
сиырдың ұйқы пысылы ғана естіледі. Шерияздан үйінің сар қасқасының даусы
болар, маңқ-маңқ үріп, әне ,о да тынды (Д.Әбілов. Арман жолында, 144).
МАҢ-МАҢ <~ бас: адамның, әсіресе түйенің асықпай-саспай,
шайқалып, аяғын жайлап қана басып жүруін бейнелеу> *Аяқтарын маң-
маң басып, ханның алдына жақындады. (Ә.Кекілбаев. 55). *– Түйелер кетіп
барады. Бір асықпайды-ау жануарлар маң-маң басып... (Ә.Әлімжанов.
Отырардан жеткен сый, 36).
МИҚЫ-ЖИҚЫ <әр жағына қисайып, қыңырайып, бас-аяғы араласып,
бейберекеті шыққан заттардың көрінісі>
МИҚЫ-СИҚЫ <қара.: миқы-сиқы>
*Көлеңке миқы-сиқы боп ұзарып кетіпті (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 66).
МИТЫҢ-МИТЫҢ <өнімсіз, нәтижесі төмен әрекеттің, қол ұшын ғана
қыбырлатып істейтін тірліктің сипаты> *Буырыл ат қой маңырап, ит үріп
ызы-қызы болып жатқан ауыл жаққа қарай ентелей басады да, ертесіне қосқа
қайтқандай мойыны салбырап, митың-митың мандымай қояды (Ә.Кекілбаев.
Бір уыс топырақ, 229). *Дика үй иесінің қабағынан ығып жүреді. Қалелді
танымайтын адамдай, онымен тілдеспей, митың-митың өз шаруасымен
болады (С.Жүнісов. Жапандағы жалғыз үй, 32).
МОЖА-МОЖА <әбден қартайып, бет-аузының бәрі мыржым-
тыржым болған, мылжа-мылжасы шыққан адамның сипаты, сырт бейнесі>
МОНШАҚ-МОНШАҚ <~ тер: қатты терлегенде жіпке тізілген
моншақтай болып, бүртіктеніп, тізіліп аққан тер тамшыларының көрінісі>
*Көзінен моншақ-моншақ ыстық жасын төгіп жіберіп тоқтады. (М.Әуезов.
Абай жолы, 1, 460).
МОX-МОX <жылқы малын жемге, желіге шақырғанда қайталап
айтылатын ишарат сөз> *Қара күрең айғырға дорбасын ұсынып моx-моxлап
еді, ол ойқастап келе қоймады (Т.Дәуренбеков. Таң атып келеді, 213).
МӨЛТЕҢ-МӨЛТЕҢ <~ қара.: біреуге екі көзін жәудіретіп, мөлтиіп,
жаутаңдап қайта-қайта қарай беру> *Бірақ, моп-момақан боп мөлтең-
мөлтең ағып жатқан суды көреді (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 111).
104
МӨЛТ-МӨЛТ <~ ет: екі көзінен аққан жастың мөп-мөлдір болып
тамшылауын бейнелеу> *Мөлт-мөлт жылап тұрған мөлиме суға қараса,
қысып тұрған ашу күйреп кетердей, ілбіп басып бақша жаққа қараған
терезенің алдына келді (Ә.Кекілбаев. 43). *Кейбіреулердің көзінен жас мөлт-
мөлт тамады (Қ.Байсейітов. Құштар көңіл. 209).
МӨҢКІП-МӨҢКІП- <асау жылқының үстіне алғаш мінген адамды
аяқ-қолын бауырына алып, тулап-тулап (жығып кету)> *Мөңкіп-мөңкіп,
орысты лақтырып тастап, тауға бірақ тартты (З.Шашкин. Т.Бокин, 367).
МЫҢҚ-МЫҢҚ <~ ет: бір нәрсені айқын, ашық-жарқын емес,
мұрнының астынан, мыңқылдап, кібіртіктеп бір нәрсе айтуы>
МЫРС-МЫРС <~ күл: жымың-жымың етіп, мырсылдап күлу>
*Құрышпай мырс-мырс күлді (З.Шашкин. Т.Бокин, 166). *Басыңа күн туған
екен ғой бақыр! – деп мырс-мырс күлді (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 76).
МІҢГІР-МІҢГІР <~ ет: сөзін ашық, айқын етіп айтпай, мұрнының
астынан міңгірлеп сөйлеу> *Шоқты көзі де сөніңкі, тіпті Зәуреге түсер
емес, төмен қараған қалпы, мұрнынан міңгір-міңгір етті (О.Қабдолов. Өмір
ұшқыны, 225).
ОДЫРАЯ-ОДЫРАЯ- <~ қара.: біреуге көзін адырайтып, қайта-қайта
ожырайып, адыраңдай қарау> *Дьяковты көргенде үстеріне түйе кіргендей, елең
етіп, одырая-одырая қалысты (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 534).
ОПЫР-ТОПЫР <көп адамның бас-аяғы араласып, қалаймақан, бейберекет
жүріс-тұрысын бейнелейтін қайталама қос сөз> *Тәсібек орнынан опыр-топыр
атып тұрды (С.Сматаев. Елім-ай, 26).
- Ө -
ӨКІРІП-ӨКІРІП- <1. сиыр малының азан-қазан болып, күжілдеп,
мөңіреп (дауыс шығаруы); 2. ауыс. адамдардың қатты-қатты дауыстап,
жылап-жылап (алуы).> *Балалар шыдай алмай, өкіріп-өкіріп есіктен ата
жөнелді (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 222).
ӨҢК-ӨҢК <1. ~ жыла: өңкілдеп, жуан дауысын шығарып (жылау); 2.
~ ет: денесін қорбитып, өңкеңдей қозғалу>
*Қайкен үсті-үстіне төпейді
Бәйгешолақ одан сайын өңк-өңк желеді (С.Жүнісов. Өшпейтін іздер, 62).
* Сиыр бір асам шөпті суырған күні жалт беріп, өңк-өңк етіп, қаша жөнеледі
(Б.Соқпақбаев. Өзім туралы повесьім, 107).
- П -
ПАШЫР-ПАШЫР <~ шайна: қатты, қатқыл, құрғақ затты
қатырлатып шайнау> *Yстін-үстін бассаң, пашыр-пашыр етеді (Т.Дәуренбеков.
Таң атып келеді, 125).
ПАШЫР-ПҰШЫР <қара.: пашыр-пұшыр> *Қу сүйектің өзін балғадай
тістерімен пашыр-пұшырын шығаратын (Ө.Қанахин. Жүрек қалауы, 51).
105
ПЫР-ПЫР <~ ет: пырылдаған дыбыстың қайта-қайта шығуы>
*Дәл жолдың жиегінен пыр-пыр етіп бір топ құс жер бауырлап ұша жөнелді
де, көп ұзамай қана кетті (Ш.Мұртазаев. Ақсай мен көксай, 36). «Әйелінен
тракторды жақсы көреді», – дейтін құрбылары. Жұмыстан қолы босаса тоя
ішіп, пыр-пыр ұйықтап жататын. Енесі Нәзи кемпір ше? (Е.Рахимов. Сүрі
қар, 117).
ПЫР-ПЫРЛА <~ ет: қайта-қайта пырылдау, пыр-пыр ету>
ПЫСҚЫРЫП-ПЫСҚЫРЫП- <жылқының қайта-қайта пысқырған
дыбыс шығаруы> *Көк есекке бәрібір, құйрығын шыжбыңдатып пысқырып-
пысқырып қойды (Ш.Мұртазаев. 24).
ПЫС-ПЫС <мұрнынан қайта-қайта пысылдап шығатын дыбыс
сипаты> *Ақлақ арғымақтығына басты. Кең танауы делдиіп пыс-пыс
пысқырып, есіп келеді (С.Сматаев. Елім-ай, 310).
ПЫШ-ПЫШ <1. қайта-қайта пышылдап шығатын (мыс., мұрнынан)
дыбыс сипаты> *Бірде болмаса бірде ұсақ-түйек реніш, келіспеушілік,
«жанашыр ағайынның» пыш-пыш қаңқу сөздерінің де нысанаға дөп тиетін
кездері болып жатады... (А.Әшімұлы. Майраның әні, 99). *Қыс түсе тапал
сары Сейісті қасына шақырып ап көп пыш-пыштады. (Ә.Кекілбаев. Бір уыс
топырақ, 293).
ПЫШ-ПЫШТА <өсек-аян сөз тарату, ғайбат айту> *Қыс түсе тапал
сары Сейітті қасына шақырып ап, көп пыш-пыштады (Ә.Кекілбаев. Бір
уыс топырақ, 293). *Іргелі ел емес, айдалада бас қосқан, пыш-пыштасқан
қашқын-пышқын сияқты (Ә.Кекілбаев. Yркер, 66).
- С -
САҚ-САҚ <~ күл: қайта-қайта, ұзақ сақылдап күлу> *Оспан сақ-сақ
күліп, иттерін өшіктіріп:
– Ар..р! деп, өзі тап-тап беретін (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 32).
САҚЫР-САҚЫР <самауырындағы, қазандағы судың сақырлап қатты
қайнауын бейнелейтін дыбыс> *Тыныштық. Қардан үкі тағынған ағаштар.
Тағалы аттар жолдың шыны қарын сақыр-сақыр басып, оқта-текте пысқырып
қойып, келе жатады (Б.Соқпақбаев. Өлгендер қайтып келмейді, 133).
САҚЫР-СҰҚЫР <қара.: сақыр-сұқыр> *Сүт сақыр-сұқыр қайнап
шыға келеді (Ш.Мұртазаев. 36). *Әлдекімдер өртенген үйді сақыр-сұқыр
құлатып жатқандай (Ш.Мұртаза. Ай мен Айша, 284).
САЛДЫР-ГYЛДІР <қаңғыр-күңгір, тарсыл-тұрсыл дыбыс сипаты>
*...Салдыр-гүлдір жүк машинаға мінгізіп әкелмей, Жұмажан легковоймен
тасыса, қандай мәртебелі болар еді дейді (Ш.Мұртазаев. Жүрекке әжім
түспейді, 219).
САЛДЫР-САЛДЫР <қайта-қайта, тынымсыз салдырлауды
бейнелейтін еліктеуіш>
106
САЛДЫР-СҰЛДЫР <қара.: салдыр-гүлдір> *Ақтөс шынжырын
салдыр-сұлдыр еткізіп жұлқынып тағы үріп қойды (Т.Дәуренбеков. Таң
атып келеді, 186).
САЛПАҢ-САЛПАҢ <сабылып, етек-жеңі салпылдап бейберекет
жүруді бейнелейтін еліктеуіш>
САМБЫР-САМБЫР <көп адамның бір-бірімен самбырлап,
саңқылдап қатты-қатты сөйлегенін сипаттайтын еліктеуіш>
САҢҚ-СҰҢҚ <~ ет: саңқылдаған үннің қайталанып, жаңғырып
естілуінің сипаты>
САРҚ-СҰРҚ <самауырындағы, қазандағы судың (жалпы
сұйықтықтың) сарқылдап, бұрқылдап қатты-қатты қайнауын
бейнелейтін дыбыс еліктеуіші>
САР-САР <мол судың (басқа да сұйықтықтың кернеуінен (жиегінен,
жағасынан) асып, тасып, сарылдап, сарқырап құйылуынан шығатын
дыбыс сипаты>
САРТ-САРТ <екі нәрсенің өзара қатты-қатты соқтығысуынан
шығатын дыбыс бейнесі > *Темір бетоны плотинаны жайратып жіберердей
сарт-сарт сабалады (Ш.Мұртазаев. Интернат наны, 238). *Қара күшке
басып, аяқ-қолдары сарт-сарт айқасты (С.Сматаев. Елім-ай, 2, 38).
САРТ-СҰРТ <қара.: сарт-сарт; сарт-сарт еткен дыбыстың
өзгеріп шығатын жаңғырығы> *Бір үйір аң қалың жынысты сарт-сұрт
жапырып, жағаласып ойнақ салғандай (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ,
84). *Ұзын ағашты екі кісінің иығына асып қойып, сол ағашта аяғының
басымен сарт-сұрт жорғалаған сұмдық бишілер болды (Қ.Байсейітов.
Құштар көңіл, 95).
САТҰР-СҰТЫР <сатыр-сатыр шыққан дыбыстың өзгеріп
естілетін жаңғырығы> *Әлгі тоғай шетіндегі сатыр-сұтыр жым-жылас
жоғалды (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 84). *Бір кезде шөптің арасы
сатыр-сұтыр еткендей болды («Тылсым дүние» газеті, №136 2002).
СЕКЕК-СЕКЕК <~ ет: ұшқалақ мінез көрсетіп, секектеп, селтеңдеп
(бір орында тұрмау)>
СЕКЕҢ-СЕКЕҢ <қара.: секек-секек>
*Қарғалар тобымен даланы тінтіп секең-секең етеді (А.Нұрманов.
Құланның ажалы, 308).
СЕКСИІП-СЕКСИІП- <шашы, бас киімі қалай болса солай, жан-
жаққа селтиіп, селтеңдеп (оғаш көрінуі)> *Жүгіріп келе жатқандар
сексиіп-сексиіп тұрып қалды (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 263).
СЕКІРЕ-СЕКІРЕ- <секең-секең етіп, жүгіре басып (бір орында
тұрмай қозғалу) > *Оспан есік алдында қайқаңдап, секіре-секіре түсіп,
шеткі үйлер жаққа қарай зыта жөнелді (М.Әуезов. Абай жолы, 38).
107
СЕЛК-СЕЛК <~ ет: қорқып, шошып, қатты тоңып, әлсін-әлсін селкілдеу>
*Апасының иығы, тіпті, селк-селк етеді (М.Мағауин. Қияндағы қыстау, 43).
СЕЛ-СЕЛ <~ бол: 1. әбден шылқып терлеуді, көз жасы көл болуды
бейнелейтін сөз; 2. сел жүргендей, мол судың сай-сала толып ағуы>
СЕЛТИІСІП-СЕЛТИІСІП- <әр жерде бір состиып, қозғалмай, қалшиып
тұрып (қалған адамдардың сырт бейнесі)> *Барлық машинистер селтиісіп-
селтиісіп қалт тұра қалды (О.Бөкеев. Ұйқым келмейді, 257).
СЕРЕҢ-СЕРЕҢ <~ ет: аяқ-қолын сораңдатып, сораң-сораң еткізуді
бейнелейтін еліктеуіш> *Көшенің ортасымен серең-серең етіп біреу келе жатыр
(З.Шашкин. Т.Бокин, 152). *От қасында серең-серең етіп әлденеше адам жүр
(Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 84).
СЕРПІП-СЕРПІП- <күшпен, екпінмен өзінен әрі итеріп-итеріп тастауды
бейнелейтін етістік сипаты> *...Көз алдында шумақталып тұрып қалған көк
түтінді қолымен серпіп-серпіп жіберді (Д.Исабеков. Таңд. шығ., 1, 40).
СОЛҚ-СОЛҚ <~ ет: денесін қайғы-қасірет билеп, қатты-қатты
солқылдап, қалтырап-дірілдеп жылаудың түрі> *Жылау артынан ықылық
атқандай, денесі дірілдеп, солқ-солқ етті. (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 35). *Бұлардың
үстіне солқ-солқ жылап Данаш келе жатады (Ш.Хұсаинов. Yкілі Ыбырай, 122).
СОРАП-СОРАП <желінді, емшекті сораптап, қайта-қайта сорып емгенді
бейнелейтін еліктеуіш> *Мәселен, суатқа келгенде су ішкізу үшін жылқыға
мо-мо, ірі қараға шау-шау, түйеге сорап-сорап сияқты сөздер айтылатын
(Х.Арғынбаев. 31).
СОРП-СОРП <~ ет: қайта-қайта сораптап емуді бейнелейтін
еліктеуіш>
СУДЫР-СУДЫР <~ ет: 1. әбден кепкен, қатқан, қураған заттарды
қайта-қайта қозғағанда шығатын сусылдаған> *Шеңгелдің құрақ
қоңыраулары төгіліп, судыр-судыр үн шығарады (О.Сәрсенбаев. Таңд. шығ.,
2, 96).
СУМАҢ-СУМАҢ <~ ет: бір есіктен шығып, екінші есікке кіріп, сумаң
қағу>
СҰҢҚ-СҰҢҚ <~ ет: мақалдатып-мәтелдетіп сөйлеу; сұңқылдау>
*Кабинетінде отырып әмір еткен комиссарша маңғазданып, оқта-текте аққу
сұңқ-сұңқ етеді (Ж.Аймауытов. Шығ., 43).
СYЙРЕҢ-СYЙРЕҢ <~ ет: қайта-қайта сүйреңдей беру, жылмың
қағу> *Сөз таба алмағанда қаламы сүйрең-сүйрең етіп қағазды тесіп алардай
болады (Ғ.Мүсірепов. Таңдамалы шығармалары, 2, 56).
СYМЕҢ-СYМЕҢ <~ ет: бір жерді тесіп өтіп, екінші жерді тесуге
ыңғайлану>
СЫБДЫР-СЫБДЫР <~ет: қайта-қайта сыбдырлаған дыбыс
шығару>
108
СЫБЫР-ЖЫБЫР <ел арасында болатын сыбырлаған, жыбырлаған
(өсек-аяң, әртүрлі жасырын әрекет) қимыл-қозғалыстардың бейнелі
сипаттары> *Солардың сыбыр-жыбырын біліп отыру үшін, елдің біразын
сол елге кірістіру керек (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 125).
СЫБЫР-СЫБЫР <қайта-қайта сыбырлаудың көп сыбырдың
бейнелі сипаты > *Айлы аспанның астында ұзақ қыдырып, сыбыр-сыбыр
сырласқан (О.Бөкеев. Мынау аппақ дүние, 81).
СЫҚ-СЫҚ <~ күл: қара.: сылқ-сылқ>
СЫҚЫР-СЫҚЫР
<заттардың
бір-біріне
үйкелісінен,
соқтығысуынан қайталап шығатын дыбыс еліктеуіші> *Аяғының
астында шыныланған қатқыл қар сықыр-сықыр етеді (М.Әуезов. Абай
жолы, 1, 75). *Аяқ асты сықыр-сықыр етеді (М.Мағауин. Таңд. Шығ. ІІ том,
17).
СЫЛДЫР-СЫЛДЫР <темір заттардың (сырға, шашбау, қоңырау
т.б.) қамыстың өзара соқтығысуынан шығатын қайталама дыбыс
сипаты> *Тұма бұлақ сылдыр-сылдыр ағып жатыр (Ә.Кекілбаев. 21).
*Сылдыр-сылдыр шолпының үні шықты (Қ.Байсейітов. Құштар көңіл, 15).
СЫЛҚ-СЫЛҚ <~ күл: наздана, рахаттана сыңғырлай дауыс шығара
күлу> *– Атаң ғой, атаңа сәлем бер, – деп мысқыл еткендей сылқ-сылқ күлді
(М.Әуезов. Абай жолы, 1, 77). *Күлсім теріс айналып сылқ-сылқ күледі.
Құштиын босанысымен тайып тұрады (Ш.Хұсаинов. Yкілі Ыбырай, 286).
СЫЛП-СЫЛП <сұйық тамақты қайта-қайта жұтқанда, шалшық
суды малшып басқанда шығатын дыбыстарға еліктеу> *Сылп-сылп аяғын
сүйрете басып, шалдың өзі келді (З.Шашкин. Т.Бокин, 267).
СЫҢҒЫР-СЫҢҒЫР <~ ет: қайта-қайта сыңғырлау, сыңғырлап
күлу > *...Таза-тұнық бұлақтар мен бастаулар ма, әйтеуір сыңғыр-сыңғыр
күледі-ай («Қазақ әдебиеті», №30, 23.07.99).
СЫПСЫҢ-СЫПСЫҢ <1. сыпылдаған, сып-сып етіп қайталаған
дыбыс бейнесі; 2. ауыс. күңкіл-сүңкіл, сыбыр-сыбыр, сумаңдаған өсек-
аяң> *Күні-түні сол бір сыпсың-сыпсың (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ,
111). *Алапат сарайдан дөңгелек хауыздың сыпсың-сыпсың дыбысынан
басқа құлақ селт еткізер үн де жоқ (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 111).
СЫП-СЫП <~ет: қайта-қайта сып-сып етіп шыққан дыбыс
сипаты>
СЫР-СЫР <~ ет: қайта-қайта сыр-сыр еткен дыбыс шығару> *Бір
жылтылдақ темірлер бұның әр адымын аңдып сыр-сыр етеді (Ә.Кекілбаев.
Бір уыс топырақ, 291).
СЫРП-СЫРП <~ ет: сыртылдап қайталап шыққан дыбыстарға
еліктеу> *Тас астауға мойындарын салып, сырп-сырп сораптап ұзақ
тұрысты (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 237).
109
СЫРТ-СЫРТ <тырсылдап қайталап тамған тамшының дыбысын
бейнелейтін еліктеуіш> *...Қос қабат терезеге қиыршық қар сырт-сырт
соғады (Т.Дәуренбеков. Таң атып келеді, 110).
- Т -
ТАҚ-ТАҚ <екі заттың бір-біріне соқтығысуынан тақылдап
шығатын дыбыс сипаты> * «Қазақта би жоқ, болмаған», – дегенде,
таңдайлары тақ-тақ ететіндердің талайы сол слеттен кейін ойлап
сөйлейтін болды (Қ.Байсейітов. Құштар көңіл, 94). *Поездың тақ-тақ
үні аза бойын қаза етіп, безгегі ұстағандай өз-өзінен дірілдеп-қалшылдап
шошынатын мүшкіл халге жеткізді (О.Бөкей. Өз отыңды өшірме, 6).
ТАҚ-ТҰҚ <ауыс: ас-тағамның, азық-түліктің бірде жетіп, бірде
жетпейтін, болар-болмас аз мөлшері> *Ол мынау тақ-тұқ жаңғырып
жатқан тас қабаттың астында (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 251).
ТАҚЫЛ-ТАҚЫЛ <1. қайталана беретін тақыл-тақыл дыбыс
сипаты; 2. ауыс. мән-мағынасы жоқ тақылдаған бос әңгіме, құры сөз>
ТАҚЫЛ-ТҰҚЫЛ <жетер-жетпес, бірде жетіп, бірде жетпейтін,
болмашы дүние сипаты> *Қару жағы да тақыл-тұқыл жетіспей қап
жатады.(Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 628). *Төлебайдың тапқаны, тақыл-
тұқыл тамаққа ғана жарайды (С.Мұқанов. Таңд. шығ., 233).
ТАҢҚ-ТАҢҚ <1. «тарс-тарс», «таңқ-таңқ» етіп қайталап
шыққан (мылтық, зеңбірек т.б.) дыбыстарға еліктеу; 2. ауыс. қопал
дауыс шығарып күлудің сипаты>
ТАПЫР-ТҰПЫР <көп адамның (жан-жануарлардың да) бір жерге
жиналып, бейберекет, топырлап, тапырақтап, қалаймақан етуін
бейнелейтін еліктеуіш> *Асыр салып ойнаған тай-құлындай тапыр-тұпыр
дүрлігіп, көңіліңді еліктіріп барады (Ә.Кекілбаев. Yркер, 383). *Желіп келе жатып
томаршаға сүрінген арық аттай тапыр-тұпыр етіп күрс беріп, жығылуға айналып
қалады (М.Әуезов. Таңд. шығ., 59).
ТАРПАҢ-ТАРПАҢ <асау, шайпау мінез білдіріп, тарпаң-тұрпаң, тасыр-
тұсыр басатын жылқының, түйенің қимыл-әрекетін бейнелейтін еліктеуіш>
ТАРПАҢ-ТҰРПАҢ <қара.: тарпаң-тарпаң>
*Тарпаң-тұрпаңсыз, биязы (Ә.Кекілбаев. 32).
ТАРП-ТАРП <аяғын жер сүре, тарпылдатып басатын адамның,
жылқының жүрісін бейнелейтін дыбыс сипаты> *Жұмабайдың аяғы тарп-
тарп етіп қаздаңдап, тымағы, тақиясы да ұшып түсіп қалған-ды (М.Әуезов.
Абай жолы, 20).
ТАРП-ТҰРП <қара: тарп-тарп>
ТАРС-КYРС <тарсылдаған: күрсілдеген дыбыс; атылған мылтықтың,
соғылған дабылдың, т.б. соқтығысқан кейбір заттардың дыбысын бейнелейтін
етістік> *Тарс-күрс, бұл не қылған алыс-жұлыс? (А.Жұмағалиев. ҚТС, 620.)
110
ТАРС-ТҰРС <қара.: тарс-тұрс> *Сыралғы қарсыластар аңдысып
жатпады. Сатыр-гүтір, тарс-тұрс соқты («Егемен Қазақстан», №44.
25.04.2003, 6).
ТАРСЫЛ-ТҰРСЫЛ <қара.: тарсыл-тарсыл> *Медведев шыққасын көп
кешікпей далаң үйде тарсыл-дүрсіл молайып, есік кең ашылды да, жүз басыға
ілесіп бөлмеге түлкі тымақ, сенсең ішік киген, қамшыларын екі бүктеп қолдарына
ұстаған үш қазақ кірді (Қ.Жұмаділов. Соңғы көш, 167).
ТАСЫР-ТҰСЫР <тарс-тұрс еткен дыбыстар> *Арна бойындағы қалың
жыныстың тасыр-тұсыры тым көбейіп кеткен тұста барып бас уәзірге иек қақты
(Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 194).
ТЕПЕҢ-ТЕПЕҢ <адамның шаршаған, болдырған атын аяғымен екі
бүйірінен түрткілеп, әрең жүргізуін бейнелеу> *Қуығынан шаншыла отырып,
байталының құйрығын сипалақтатып, тепең-тепең етіп біреу келе жатыр
(Ж.Аймауытов. Шығармалары, 79).
ТИПЫҢ-ТИПЫҢ <тез-тез, жылдам-жылдам, жиі-жиі майда қадаммен
басып жүруді бейнелеу>
ТОҢҚ-ТОҢҚ <~ ет: 1. қайта-қайта тоңқылдап шыққан дыбысқа еліктеу;
2. ауыс. біреуге өкпелеп, өзінше мінез танытып, жағымсыз сөздер айту>
ТҰҒЖЫҢ-ТҰҒЖЫҢ <~ қақ: денесін толық игере алмайтын жас баланың
икемсіз, қолапайсыз әрекетін бейнелейтін еліктеуіш> *Бәрі де Бұланбайды
көрмеген болып, тұғжың-тұғжың етеді (Ғ.Мүсірепов. Таңд. шығ., 2, 402).
ТҰТЫҒА-ТҰТЫҒА- <тілі күрмеліп, өз ойын анық айта алмай,
кекештеніп (қиналу)> * Тұтыға-тұтыға бірауыз сөзді азар айтты (Ғ.Мұстафин.
Қарағанды, 32).
ТYЙДЕК-ТYЙДЕК <бір-бірімен байланыса, ұйыса топтасқан,
шиеленіскен шоғырлар (топ, айтылар өлең т.б.)> *Сонда арасында түйдек-
түйдегімен сөнбеген кокс жүреді (Ш.Мұртазаев. Интернат наны, 174). *Арғы-
бергіден шетінемей, селкеулемей түйдек-түйдек жеткен ел құдіреті, ыстық
сәлемі де ме екен?! (С.Сматаев. Елім-ай, 7).
ТYТЕ-ТYТЕ- <тұтас заттың жүндей түтіліп, быт-шыты шыққан
қалпы> * Түте-түтесі шығатын еді, қаңсылаған дыбысты естіп жүгіріп шыққан
әжесі арашалап қалды (М.Мағауин. Қияндағы қыстау, 38). *Түсе қалса, жабылып
ұрып , түте-түтесін шығарар едік (А.Әшімұлы. Майраның қні, 46).
ТЫҚ-ТЫҚ <бір нәрсенің екінші бір нәрсеге ақырын ғана тықылдап
тигенде қайталанып шығатын дыбысы> *Алдына өзгерген аспаптың күрең
тақтайына тық-тық тиген шынашақ екпіні басылуын күтіп ұзақ отырды
(С.Сматаев. Елім-ай, 2, 14).
Достарыңызбен бөлісу: |