Алматы технологиялық университети Тағамдық биотехнология кафедрасы ПӘН «Микробиология» Дәріскер: Алибаева Бахыт Насихатқызы
Дәріс № 1 Тақырыбы:
Дәріс № 1 Тақырыбы:
«Кіріспе»
Жоспары
Микробиология ғылым ретінде қалыптасуы. Микробиологияның зерттеу нысандары. Мақсаты мен міндеттері
Микробиологияның түрлері.
Микробиология дамуының тарихи кезендері
Тағам өндіріснің микробиологиясы.
Микроорганизмдердің жалпы қасиеттері.
6. Медициналық микробиология.
7. Бақылау сұрақтар.
БАКТЕРИИ - ең көне организмдер пайда болған шамамен 3,5 млрд. жыл бұрын (архейде).
МИКРОБИОЛОГИЯ (грек сөзі «micros» - кіші, «bios» - тіршілік, «logos» - ғылым) - өздерінің микроскопиялық пішініне байланысты микроорганизмдер (микробтар) деп аталатын, оптикалық құралмен қарамаса жай көзге көрінбейтін организмдерді зерттейтін ғылым саласы.
Жалпы микробиологияның негізгі бөлімдері
Цитология
Морфология
Генетика
Систематика
Микроорганизмдердің көбею
Микроорганизмдердің биохимиясы
Микроорганизмдердің экологиясы
Микроорганизмдердің биотехнологиясы
Пәннін мақсаты және міндеттер:
Мақсаты: микроорганизмдердің және олардың қоршаған ортадағы рөлін, ішкі ұйымдастыру, микроорганизмдердің метаболизм, азық-түлік өнімдерінің микробиологиясын, атап айтқанда, ет және ет өнімдері, балық және балық өнімдерін микробиологиясын, осы өнімдерге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды қалыптастыруды үйрету болып табылады; тамақ аурулары мен тағамдық улануды туғызатын патогенді микроорганизмдермен танысу, микробтық бүлінуге байланысты азық-түлік қауіпсіздігін мен тұтастығын сақтау маманының рөлін түсіндіру болып табылады.
Міндеттері: -микро-организмдер мен жұмыс істеу әдістерін білу;микро-организмдердің барлық топтарының морфологиясымен таныстыру; -Микроорганизмдердің физиологиясы және биохимиясына түсінік беру, сондай-ақ олардың тіршілік ету қабілетіне қоршаған орта факторларының әсерлері туралы түсінік беру;
-Ет және балық өнімдерінің микробиология сын үйрету; -Зертханалық зерттеулерде микробиологиялық көрсеткіштерге байланысты тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау әдістерін үйрету.