Микроорганизмдер табиғатта кең тараған және кез-келген субстраттарда, тіпті күрделі құрылысты жануарлар және өсімдіктер организмдерінде тіршілік етуге қабілетті. Микроорганизмдер барлық климат белдеулерінде, барлық жерлерде, адам организмінде де тіршілік етеді. Микробиология микроорганизмдердің морфологиясын, олардың даму заңдылықтары мен тіршілік ету ортасында тудыратын процесстерін, сонымен қатар адамзат тіршілігі мен табиғаттағы ролін зерттейді. Микроорганизмдердің белгілі бір қоректік ортаға ұзақ уақыт аралығында бейімделуі, микроәлемнің әртүрлі класс өкілдерінің спецификалық белсенділігін тудырады. Олар өлген жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарын ыдыратып, қоршаған ортаны қорғауға атсалысады. Микроорганизмдердің өміршеңдігінен пайдалы қазбалардың түзілуі, топырақтың құнарлылығы, су қоймаларының өздігінен тазалануы, т.с.с байланысты. Микроорганизмдердің пайдалы қасиеттері көптеген тағам өнімдерінің, әртірлі биологиялық белсенді заттар (ферменттер, амин қышқылдары, витаминдер, антибиотиктер және т.б) өндірісінің технологияларында қолданылады.
Микроорганизмдер
Микроорганизмдердің ішінде ерекше топ бар – патогенді (ауру тудырушы) микроорганизмдер. Ондай микроорганизмдер адам ағзасына тағаммен бірге түсіп, тағамдық инфекциялық аурулар тудыруы мүмкін. Бактериялардың шамасын микрометр мен ( 1 мм = 1000 мкм ) өлшейді. Бактериялардың органелларың мөлшерің нанометрде (1 мкм = 1000 нм) білдіреді. Электрондық микроскопия пайдалану кезінде өте ұсақ өлшем – ангстремы ( 1 мм = 10000000 А ) ретінде білдіреді.
Микроорганизмдер арасында клеткалық құрылымы жоқ, басқа микроорганизмдерден химиялық құрамы бойынша ерекшеленетін топ: вирустар және бактериофагтар. Тірі организмдер жүйесіндегі вирустар мен фагтардың күйі әлі күнге дейін мәлім емес. Вирустар клеткаішілік паразиттер бола отырып, адам, жануар, және өсімдіктердің әртүрлі ауруларын тудырады. Бактериофагтар бактериялар клеткаларында паразиттік түрде тіршілік етіп, пайдалы микрофлораны қолдануға негізделген: тағам өндірісі, биологиялық белсенді заттар (антибиотиктер, бактериалды ферменттер) өндірістеріне зиян келтіреді.