Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет2/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146
Құрметті оқушы!
9-сыныптың географиясы біздің еліміз – Қазақстан Республикасы 
туралы тірек білімдеріңді тереңдетіп және жаңа мағлұматтар қалып-
тастыруға арналған. 
Жер шарында 230-дан астам мемлекет бар, оның ішінде 194-і – 
тәуелсіз мемлекет. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері 
бар.
Әр сабақ сайын оқу материалдарының мазмұны бойынша отаны-
мыздың өзіндік ерекшеліктерімен танысасыңдар. 
Еліміздің геологиялық және тектоникалық құрылымымен, клима-
ты, су ресурстарымен, өсімдік пен жануарлар дүниесі және бірегей 
ландшафтыларымен танысу қауіпті табиғи апаттардан қорғануға, ре-
сурстардың қорын анықтауға мүмкіндік береді. Оны білу оларды ба-
рынша тиімді пайдалану үшін де, сонымен бірге табиғат қорғау ісінде 
де қажет. 
Біздің еліміздің басты басымдылығы – Қазақстан азаматтарының 
татулығы мен әл-ауқаты. Ұлттық және діни құрамы туралы деректер 
қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде маңызды. Халық 
саны мен құрамы, еңбек ресурстарының құрылымы туралы мәлімет-
тер оңтайлы әлеуметтік саясат жүргізуге, денсаулық сақтау, білім 
беру, мәдениет салаларында жоспарлау жүргізуге, тауар және көр-
сетілетін қызмет түрлерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Елді 
мекендерді, олардың даму қарқынын зерттеу тұрғын үй құрылысын 
жақсартуға, қалалар мен ауылдарды, олардың инфрақұрылымын 
жоспарлауға жағдай жасайды.
Еліміздің аймақтарына экономиканың нақты бір саласын дамыту 
үшін тиімді іс-шараларды анықтауға байланысты зерттеулер қажет. 
Экономиканың даму деңгейі қол жеткен көрсеткіштерді қазір-
гімен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан 9-сыныпта 
шаруашылықтың даму деңгейіне бағалау жүргізілетін параметрлер 
мен мәнін оқып үйренесің. Дүниежүзілік экономикалық даму тенден-
цияларына көңіл бөлінеді. 
Қазақстан Республикасы – Дүниежүзілік қауымдастықтың толық-
қанды мүшесі, сондықтан еліміздің оқшау дамуы мүмкін емес.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өзіндік сыртқы саясат ұстанымы 
бар. Олар: елдің қауіпсіздігін сақтау, тату көршілік аймақ құру, басқа 
елдермен тиімді әріптестік. Осыған орай 9-сыныпта Қазақстан Респуб-
ликасының экономикалық-географиялық және саяси-географиялық 
жағдайына талдау жасалады.
3
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Қазақстанның географиясын зерттеу «Қазақстанның дамуы үшін 
не істей аламыз?» деген негізгі сұрақ тұрғысынан жүзеге асырылады.
Географиялық білім әлеміне жол салу үнемі оңай бола бермейді, 
бірақ қызықты екені рас, өйткені 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет