Сабақтың мақсаты:
●
географиялық ғылыми зерттеулердің заманауи өзекті мәселелерін
анықтау.
Мақсатқа қол жеткізу үшін:
●
адамзаттың ғаламдық проблемаларын;
●
зерттеу мәселелерін;
●
география ғылымындағы зерттеулерді;
●
іргелі және қолданбалы зерттеулердің айырмашылықтарын білу
керек.
Мемлекет, қоғам және жалпы адамзатты қанағаттандырудағы
туындайтын қажеттіліктер қоғамның барлық өкілдеріне лайықты
өмір сүруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бүтін бір қоғам үшін қажеттіліктерді қанағаттандыру оны зерт-
теуден басталады. Ғылыми мекемелер мен зерттеушілер қажеттілік-
тердің туындау себебін, барынша айқын көріністегі олардың аумақтар
бойынша өзекті мәселелерінің санын, сондай-ақ мәселені шешуде
пайдалану үшін аумақта қандай ресурстар бар екендігі туралы құнды
мәліметтер береді, яғни оның ресурстық әлеуетін айқындайды. Келе-
сі мекемелер қажеттіліктерді қанағаттандыру жөніндегі техникалық
шешімдер әзірлейді.
География ғылымы адамзаттың әрбір даму сатысында қажетті
ғылымдар тобының қатарында болды. Зерттеудің өзектілігі қазіргі
сәтке дейін қажетті зерттеу мәнін білдіреді.
2015 жылдың 25 қыргүйегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясы барлық қатысушылар мақұлдаған – қарар қабылдаған.
Онда 2030 жылға дейінгі тұрақты дамуға қатысты Мақсаттар дайын-
дады
(1-кесте)
. Бұл құжат ХХІ ғасырдың бірінші жартысында барлық
адамзат үшін өзекті мәселелер зерттеу бағыттарын, оның ішінде
география ғылымына қатысты мақсаттарды айқындайды.
ӨЗЕКТІЛІК
●
ҒЫЛЫМ
●
ҚОҒАМДЫҚ ҚАЖЕТТІЛІКТЕР
●
ІРГЕЛІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
●
Достарыңызбен бөлісу: