Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет3/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

қайда? қалай? неліктен? 
тәрізді 
басты географиялық сұрақтарға жауап іздейсіңдер.
Бұл оқулықтың интернет желісіндегі opiq.kz арнайы оқу платфор-
масында электронды нұсқасы бар. Ноутбук, компьютер, планшет 
және смартфондарды пайдаланып, электронды оқулықпен жұмыс 
істей бересің.
Электронды оқулықтар қызықты материалдармен үнемі толықты-
рылып отырылады. Әр сабақта тақырыпқа сай сурет, сызба, аудио 
және бейнематериалдар берілген. Тапсырмаларды дұрыс орындаға-
ныңды бірден тексеруге мүмкіндігің бар. Оқу барысында электронды 
оқулықтар сенімді көмекшің болып, білім алуды барынша қызықты 
етеді.
Оқулықпен жұмыс істеу ерекшеліктері
Оқулықпен жұмыс істеу үшін ондағы оқу материалдарының 
берілу ерекшеліктерін білулерің қажет.
Әр тақырып бойынша оқытудың басты мақсаты мен оған білім, 
түсінік және дағдылар арқылы жету жолдары параграф «басында» 
көрсетілген. Оқулықтың әр параграфы осыдан басталады.
Оқулық мәліметті оқып қана қоймай, оны жан-жақты қарас ты-
рып, терең түсінуді ұсынады. Ол үшін әрбір дайын мәлімет блогы-
нан кейін тапсырмалар мен сұрақтар беріледі. Сұрақтардың жар-
тысының жауабы оқулықта қамтылмаған, оларды табу үшін бар-
лық сұрақтарды сыныптастарыңмен талқылаңдар, идея ұсынып, 
баға беріңдер және тірек білімдеріңді еске түсіріңдер. Тапсырмалар 
мен сұрақтардың жауаптары басқа географиялық ақпарат көздері-
нен – веб-сайт, фотосурет, сурет, газет-журнал беттерінен табылуы 
мүмкін. Олармен жұмыс жасау 
географиялық ақпарат көздерімен 
жұмыс 
деп аталады.
Кейбір жағдайда оқулықта географиялық нысандар мен 
кеңістіктердің жекелеген қасиетін қалай білуге болатыны туралы 
тек нұсқаулар ұсынылады. Оны өздерің 
тәжірибе
жасау үлгісін 
құрастыру немесе 
зерттеулер
жүргізу арқылы анықтайтын бо-
ласыңдар.
4
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Кейбір тапсырма мен сұрақтардың жауабын тек тақырыптық 
картадан табуға болады. Сонымен қатар көптеген тақырыптық 
карталарды қосымша сипаттау элементтерімен толықтыруларың 
керек. Сондықтан 
картамен жұмыс
бүкіл оқу жылы бойы жүр-
гізіледі.
Географиялық зерттеулердің бәрін бірдей мәтін арқылы неме-
се картада бере алмайсың. Оларды график, диаграмма, инфогра-
фика, фотоколлаж сурет, постер, құрас тырылған кестелерде көрсе-
туге болады. Кейде шартты белгілер немесе пиктограммалар 
жүйесін пайдалануға болады. Осы жұмыс тың барлығы география-
лық тілмен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет