Мемлекет аумағы – белгілі бір елдің егемендігі аясында орналасқан
жер шарының бөлігі. Оның құрамына жер қойнауымен бірге құрлық, су-
лар, құрлық пен су үстіндегі әуе кеңістігі кіреді. Сулы аумағын ішкі (ұлттық)
сулар мен аумақтық сулар, яғни 12 теңіз милі шеңберінде елдің құрлығы-
на жалғасатын Дүниежүзілік мұхит сулары кіреді.
Н арықтық экономика – нарық заңына, яғни мемлекет және дүние-
жүзілік шаруашылық ауқымында тауар ұсынысы мен оның сұранысына,
сонымен бірге құн заңына негізделген баға теңгеріміне негізделген шаруа-
шылық (оны өндіруге жұмсалған еңбек көлеміне сәйкес тауар алмасуын
реттейді).
Нарықтық экономика жағдайында тауарды сатып алу-сатуға негіз-
делген тауаршаруашылығы дамиды, шынайы шаруашылықтан айыр-
машылығы, онда еңбек өнімі өндірушілердің қажеттілігін қанағаттандыру
үшін өндіріледі. Шынайыдан тауаршаруашылығына өткенін көрсететін
құбылыс – баспа-бас айырбас, тауарды тауарға алмастыру.
Нарықтық экономикасы бар дамыған елдер – 23 мемлекет, олар
экономикасының ауқымына халықаралық-құқықтық мәртебесіне байла-
нысты бірқатар топшаларға бөлінеді.
Нәтиже – сандық және сапалық түрде көрсетілген іс-әрекеттер мен
оқиғалардың салдары.
О қудың іздеушілік (іріктеушілік) техникасы – нақты ақпаратты із-
деу кезінде мәтінді көзбен жылдам «сканерлеу».
Ортаны ластағаны үшін төленетін төлем – табиғатты пайдала-
нушының ортаны ластауы салдарынан адамдардың денсаулығына және
шаруашылыққа келтірген әлеуметтік-экономикалық шығынының орнын
ақшалай толтыруы.
Отанына қайта оралу – шетелдерге қоныс аударғандардың ұрпақта-
рының қайта оралуы.
Ортаның өздігінен тазаруы – физикалық, химиялық және биоло-
гиялық процестердің әсері нәтижесінде ластаушы заттардың өздігінен
ыдырауы.