1. Физикалық картаны пайдаланып, Тұран ойпатының жер бедерінің
төмендеу бағытын анықтауға болатын 2 белгісін атаңдар.
2. Маңғыстау тауларында ақ әктастың бар болуы ненің куәсі?
3. Үстірттегі кемерлердің түзілуі қандай процестің нәтижесі?
4. Аймақ тұрғындары Тұран ойпаты аумағын қандай шаруашылық
түрлеріне пайдалана алады?
5. Осы аумақты пайдалану нәтижесінде қандай экологиялық мәсе-
лелер туындауы мүмкін? Бұл мәселелерді шешу жолдарын ұсы-
ныңдар.
Бетпақдала үстірті Қазақстанның Қарағанды, Түркістан және
Жамбыл облыстарының шегінде, Сарысу, Шу өзендерінің сағалары
мен Балқаш көлі аралығында орналасқан
(11-сурет) . Бетпақдала биік-
тігі 300-350 м болатын ойлы-қырлы және жайпақ жазықтық, ұзындығы
батыстан шығысқа қарай 700 км-ге және ені солтүстіктен оңтүстікке
қарай 150 км-ге созылған. Ең биік нүктесі – Жамбыл тауы (974 м).
Үстірттің шығыс бөлігі – Сарыарқаның каледон қатпарлығының жал-
ғасы. Ол палеозой эрасының шөгінді және эффузивті магмалық жыныс-
тарынан құралған. Батыс бөлігі палеозой, мезозой жыныстарынан
және кайнозой эрасының палеогендік шөгінділерінен (құмдар, құмтас-
тар, балшық, малтатас) тұрады, олардан кей жерлерде ірі ойыстарға
бөлшектенген көтеріңкі төмпешіктер қалыптасқан. Палеозой эрасы-
ның басында мұнда өте қуатты жанартаулар болған, соның нәтижесін-
де аумақты толықтай лава жауып қалған. Карбон дәуіріндегі палеозой-
дың соңына қарай жазықты тропиктік теңіз жауып жатты. Мезозойда
Бетпақдаланың жер бедері тегіс-
теліп, шөлді өңірге айналды.
Бетпақдала – Қазақстанның ең
аз зерттелген ауданы. Бұл балшық
топырақты жазықтың жер бетінің
сипатына ғана емес, сонымен бірге
осы аумақтың климатына да бай-
ланысты. 1930 жылдарға дейін оны
ешкім дұрыстап зерттеген емес.
1936 жылы зоолог В.А. Селевиннің
11-сурет.