Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет61/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   146
ОЙЫҢДЫ ТҰЖЫРЫМДА
1. Қарағанды және Екібастұз көмірлерін салыстырғанда, қай кен ор-
нының көмірі қымбат болмақ? Екі дәлел келтіріңдер.
2. Екібастұз көмірін өте алыс қашықтыққа тасымалдау тиімді ме? 
Бұл мәселенің қандай шешімі бар?
3. Көмірсутегі шикізатының негізгі ауданы Батыс Қазақстан болуы-
ның себебі неде?
4. Қатпарлы аудандарда магмалық тау жыныстарының шоғырла-
нуының себебі неде?
2.
Өндірілген пайдалы қазбалардың басым бөлігін Қазақстан басқа 
мемлекеттерге экспортқа шығарады. Өндірілген қорларды дұрыс 
меңгеріп жатырмыз ба? Бұл қорлардың таусылатынын және қайта-
дан орны толмайтынын есте сақтаңдар. Минералды ресурстарды 
үнемдеп жұмсауды қолға алу керек. Осы мәселеге шешім бола ала-
тын өз пікірлеріңмен бөлісіңдер. Қабылданған шешімдердің мақ-
сатқа сай екенін дәлелдеңдер.
3.
Пайдалы қазбалармен байланысты ортаға шығатын экологиялық 
проблемаларды анықтаңдер.
Сызбаны толтырыңдар.
Ашық кен 
өндіру
Карьердің 
пайда 
болуы
75
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Мақсаты:
 

Қазақстандағы минералды ресурстарды өндіретін және өңдейтін не-
гізгі орталықтарды картадан көрсету және оларға сипаттама беру.
Мақсатқа қол жеткізу үшін:

минералды ресурстарды өндіру тәсілдерін;

минералды ресурстарды өңдеу орталықтарын және олардың орна-
ласу түрткіжайттарын; 

металлургиялық өндірістің кезеңдерін біледі.
ӨНДІРУ ОРТАЛЫҒЫ

 ТҮРЛІ ТҮСТІ МЕТАЛДАР

ҚАРА МЕТАЛДАР

ӨҢДЕУ ЗАУЫТТАРЫ
Еліміздің экономикасы металл өндірісінсіз дами алмайды. Бірінші 
кезекте бұл металдың негізгі тұтынушылары болып табылатын мә-
шине жасау кешені, құрылыс индустриясы (өнеркәсіп корпусының, 
көпірлердің, бөгеттердің, электрстансыларының қаңқалары) сала-
ларына қатысты болмақ. Қазақстанда металлургия саласы Ұлы Отан 
соғысынан кейін ғана дами бастады.
Қара және түсті металдарды өндіру орталықтары Солтүстік, 
Шығыс және Орталық Қазақстан аймақтарында орналасқандықтан, 
оларды өңдейтін зауыттар да осы аймақтарда орналасқан.
Қара металл түрлеріне темір және оның құйындысы (шойын, бо-
лат, ферроқорытпа), сонымен қатар марганец, хром, никель, кобальт, 
ванадий 
(31-сурет)
жатады.
Минералды ресурстарды өндіру
және өңдеу орталықтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет