Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет57/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

ОЙЫҢДЫ ТҰЖЫРЫМДА
1.
Өздерің тұратын аймақтың топономиясында бар терминдердің 
тізімін жасаңдар.
2.
Төменде көрсетілген үлгі бойынша «Қазақ оронимдерінің конс-
трукторы» тапсырмасын орындаңдар. Тапсырма барысында 5-кес-
теде көрсетілген оронимдердің қалыптасуы тәсілдерінің барлығы 
қамтылуы тиіс. Бірінші торкөзге кез келген индикатор сөзді, келесі 
тор көздерге ұлттық географиялық терминдерді енгізіңдер. Мысалы, 
ақ + тау, ақ + төбе, ақ + адыр. Қосымша көздердің көмегіне жүгініп, 
осындай атты орографиялық бірліктердің шын мәнінде бар немесе 
жоқ екенін анықтаңдар.
Индикатор
ұлттық географиялық термин
ұлттық географиялық термин
70
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Сабақтың мақсаты: 

Қазақстан минералды ресурстарының таралу заңдылықтарын 
анықтау.
Мақсатқа қол жеткізу үшін:

минералды ресурстардың негізгі түрлерін және кен орнын;

пайдалы қазбаларды өндіру жолдарын;

бұл материалдарды адамдардың шаруашылық қызметінде қалай 
қолданатындығын білу керек.
Батыс-Еуропалық платформасының, Тұран және Батыс-Сібір пли-
таларының кең алқаптарында шөгінді жыныстар басым. Мысалы, 
мұнай және газ түріндегі жанғыш пайдалы қазбалар. Еліміздің батыс 
бөлігінде шоғырланған мұнай мен газдың ауқымды қорын есепке 
ала отырып, Қазақстанды ірі мұнай өндіруші мемлекеттердің қатары-
на жатқызуға болады. Ел аумағында 3 мұнай-газ бассейндері орна-
ласқан, атап айтсақ: Орал-Ембі, Маңғыстау және Оңтүстік-Торғай.
Мұнай
– стратегиялық шикізат 
және шикізатты қайта өңдеу ба-
рысында 300-ден астам өнім алуға 
болады. Бұл сала ХІХ ғасырдың со-
ңында қолға алынды. Алғаш Қара-
шүңгіл мұнай кен орны 1899 жылы 
ашылды. Кейіні рек Доссор (1911 ж.) 
және Мақат (1915 ж.) қатарға қо-
сылды. Бұл кен орындары Аты-
рау облысында орналасқан және 
Орал-Ембі
бассейнінің құрамына енеді. Жеңіл, майлы мұнай ши-
кізаты зымыран отынын, қымбат майлау материалдарын өндіруге 
жұмсалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет