тауып алады. Мұндай қара тастар жанғанда өте жақсы жылу бөлетінін
білген ол, өз туған ауылын ғана емес, көршілес ауылдарды да көмір-
мен қамтамасыз ете бастады.
Қарағанды көмірі жоғары сапалы және кокстелгіш, сондықтан ол –
көршілес мемлекеттердің металлургиялық зауыттарының шикізат
базасы.
1886
жылы Сындар Абылайхан ашқан
Екібастұз көмір бассейні
Павлодар облысында орналасқан. Бұл аймаққа 1893 және 1896 жыл-
дары орыс және француз инженерлері
басқарған іздеу топтары
жіберіледі. Кен орнын игеру 1895 жылы қолға алынды.
Екібастұз разрездерінің құры лысы Екінші Дүниежүзілік соғыстан
кейін 1948 жылы басталып, 1-ші, 2-ші, 3-разрездер іске қосылды. Ең
қуатты болып саналатын «Батыр»
(29-сурет)
разрезі 1964 ж. (жобалық
қуаты жылына 50 млн), «Восточный-Шығыс» (жобалық қуаты жылына
30 млн.) разрезі 1979 жылы басталды.
29-сурет.
«Батыр» көмір разрезі
Екібастұз көмірі – күлі көп көмір (40% астам) және құрамында қоспа-
лар басым. Бұл кен орнының көмірі көптеген жағдайларда ЖЭС және
металлургиялық комбинаттарда қолданылады.
Павлодар облысында қазіргі таңда жоғары сапалы қоңыр көмірді
игеріп жатқан ірі кен орны – Майкүбен орналасқан. Өндіріс жұмыс-
тары ашық түрде жүргізілуде, көмірдің күлі – 22%. Көмір тұрғындардың
коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне қолданылады.
Алакөл және Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Кендірлік
(жылына 300 мың тонна), Жамбыл облысындағы Құланкетпес (жылы-
на 500 мың тонна), Ақмола облысындағы Сарыадыр (жылына 1 млн
тонна), Қостанай облысындағы Торғай бассейні (жылына 500 мың
тонна) тәрізді кен орындары – келешекке арналған жобалар.
73
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы
Қазақстан қара және түсті металдарға бай: темір,
қорғасын,
мырыш, хром, алтын, алюминий, марганец, т.б. Сонымен қатар фос-
фор, асбест, тұз тәрізді бейметалл пайдалы қазбалардың орасан зор
қоры бар.
Темір
. Темір кенін өндіру жұмыстары 12 кен орындарында жүргізі-
луде. Қостанай облысында Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар, т.б.
кен орындары бар. Сонымен қатар Қарсақбай, Қаражал (Қарағанды
облысы) және Кенді Алтай (Шығыс Қазақстан облысы) аймақтарында
да қара металл кен орындары бар.
Қазақстан қойнауы
Достарыңызбен бөлісу: