Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет65/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Г
ЕОДЕРЕК
.
Ең қымбат металдың бірі – Осмий-187 – сирек кезде-
сетін изотоп. Оны өндіру 9 айға дейін созылады. Оны химиялық 
реакциялардың катализаторы ретінде және медицина өнеркә-
сібінде қолданады. Қазақстан – әлем нарығында Осмий-187 сата-
тын алғашқы және жалғыз мемлекет. Бірегей металдың нарықтық 
құны 1 грамм үшін 10 мың долларды құрайды.
ОЙЫҢДЫ ТҰЖЫРЫМДА
1.
Толық емес циклді кәсіпорындарда/қайта өңдеу зауыттарында 
металлургиялық өндіріс кезеңдерін атап өтіңдер.
2.
Қара және түсті металдар зауыттары қандай қағида бойынша 
орналасқан?
3.
Ауыр және жеңіл металдар кәсіпорындарының орналасу түрткі-
жайттарын атап өтіңдер.
81
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Кез келген шаруашылық күрделі қаржы жұмсалымын талап етеді 
және кен игеру өнеркәсібі де осы талапқа сай жүргізіледі. Сондықтан 
барлауға және кен орнын бағалауға кеткен шығыс есебін жүргізіп оты-
ру қажет. Пайдалы қазбаларды іздеу жұмыстары топографиялық, жо-
балық, геологиялық барлау, геохимиялық және геодезиялық зерттеу-
лер; бұрғы ұңғымасын орнату және тіке қазуды барлау; үлгілер алу және 
оларға сараптама жасау; техникалық ерекшеліктерін және пайдалы қаз-
баларды өндірудің экономикалық нысанаға сай болуын анықтау секілді 
шығындардан тұрады. Кей жағдайларда, мұндай орасан зор шығындар 
күтілген нәтиже бермей, шығындардың орнын толтырмайды. 
Қазақстанда мұнай өндірісімен қазақстандық және шетелдік 
кәсіпорындарды басқаратын 70-тен аса компаниялар айналысады. 
Шетел компанияларының өкілдері: Ресей, АҚШ, Канада, Франция, Қы-
тай, Италия, Испания, Германия, т.б. мемелекеттер. Қазақстанда мұнай 
өндірісі саласында кездесетін тозып кеткен мұнай құбырлары, ескірген 
жабдықтар, мұнай-газды кен орындарын өңдеуде ұлттық компаниялар 
үлесінің аз болуы, мұнай тасымалы құрылымының нашар дамуы секіл-
ді проблемалар кездеседі. 
Аталған проблемалардың шешімін табуға мемлекет тарапынан әре-
кет жасалмаса, салдары қандай болады?
Метанның жарылуы – шахталарда минералды ресурстарды иге-
рудегі бірінші кезектегі мәселе. Мұндай оқиға желдету құбырларын 
ауыстыру барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамау, 
инертті газ беру тәртібін бұзу, газдың шығып кетуі тәрізді жағдай-
ларда орын алып, өрт басталуына әкеліп соғады. Тау жыныстарының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет