Қазақстан Еуразия құрлығының ортасында, мұхит пен теңіздер-
ден мыңдаған километр қашықта орналасқан,
сондықтан климаты
шұғыл континентті. Оның ерекшеліктері қысқы және жазғы темпе-
ратуралардың арасындағы айырмашылықтарымен ғана емес, тәулік
ішіндегі ауа температурасындағы ауытқулармен, солтүстіктегі қыты-
мыр
қыс пен қысқамерзімді жаз, республикамыздың оңтүстігіндегі
ыстық жаз бен ұзаққа созылмайтын қыс және көпшілік аумақтардағы
ауаның құрғақтығымен сипатталады.
Еліміздің кең-байтақ жері, оның географиялық орны мен жер бе-
дерінің алуан түрлілігі климат түзуші түрткіжайттарға, яғни күн радиа-
циясынан, атмосфера айналымынан және жердің төсеніш беттеріне
(құрлық, теңіз) әсер етеді.
Күн радиациясы
– бұл Күннің жылу мен жарық шашуы. Оның
өлшеу шамасы джоульмен, яғни 1 см
2
жер бетіне уақыт бірлігімен та-
ралғаны бойынша анықталады. Жер бетіне дейін тура және шашы-
ранды сәуле түрінде жетеді. Күн сәулесінің
таралуы географиялық
ендікке байланысты болады. Оның түсу бұрышы қаншалықты үлкен
болса, Жер беті көбірек жылынады.
Жер бетіне түсетін күн радиациясының шамамен 20%-ы атмос-
ферамен шағылысып, ал қалғаны Жердің бетіне жетеді де, ол
тура
радиация
деп аталады.
Шашыранды
радиация атмосферадағы шаң-
Достарыңызбен бөлісу: