Қазақстанның оңтүстігінде немесе солтүстігінде үй салмақ болдыңдар.
1. Құрылыс кезінде сендер қандай климаттық көрсеткіштерді есепке
алуларың қажет?
2. Құрылыс жүргізген кезде жылдың қай мезгілін айрықша есепке алу
керек?
3. Мұндай ақпараттарды қайдан алуға болады?
4. Бұл көрсеткіштер ғимараттың құнына
және пайдалануға беру
мерзіміне әсер ете ала ма?
Қазақстан жел ресурстарына да бай. Жиі жел соғатын өңірлер-
де жел энергиясы механикалық және электрлік энергия өндіру үшін
қолданылады. ЖЭС құрылысы үшін желдің жылдамдығы кем дегенде
5 м/с
болуы талап етіледі, ал қолайлысы – 50 м/с
жылдамдықпен
соққан жел. Қазақстанда мұндай жерлер көп.
1. ЖЭС салуға болатын Қазақстанның өңірлерін ата.
2. Электр энергиясы құрылысын салу және тасымалдау кезінде қан-
дай мәселелер туындауы мүмкін?
Достарыңызбен бөлісу: