Вестник Алматинского университета энергетики и связи № 3 (54) 2021
38
NoSQL - бұл стандартты реляциялық үлгіден өзгеше тәсілдерді ұсынатын деректер қорының
түрлері тобы. NoSQL «SQL емес» немесе «тек SQL емес» деп аталады, яғни кей жағдайларда SQL
типтес сұранысқа рұқсат етіледі .
NoSQL дерекқоры немесе реляциялық емес деректер қоры құрылымдалмаған немесе
жартылай құрылымдалған деректерді сақтау мен өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. NoSQL
деректер қорының танымалдығы түрлі веб-қосымшалардың көбейіп, күрделене түсуіне байланысты.
2.3.1. «key-value» дереқоры
Ақпаратты сақтау үшін «key-value» (кілт-мән) дерекқорында сіз сақтағыңыз келетін кілт пен
деректер объектісін бересіз. Мысалы, JSON нысаны, сурет немесе мәтін. Деректерді сұрау үшін сіз
кілтті жіберіп blob-объектіні аласыз (5-сурет).
5-сурет. «key-value» дерекқорының құрылымы
Ерекшеліктері:
сақтау қоймалары жылдам әрі арзан қол жетімділікті қамтамасыз етеді;
негізінен конфигурация деректерін және сөздіктермен немесе хэштермен берілген мәліметтердің
күйі
туралы ақпаратты сақтайды;
деректер арасындағы байланыстың қатаң схемасы жоқ, сондықтан мұндай деректер қорында әр
түрлі типтегі мәліметтер бір уақытта сақталады;
әзірлеуші кілт атауының схемасын анықтауға және мәннің сәйкес түрге / форматқа сәйкес болуына
жауап береді.
Мысалдар:
Redis
memcached
etcd
2.3.2. Құжаттық деректер қоры
Құжаттық деректер қоры (сонымен қатар құжатталған деректер қоры немесе құжаттар қоры)
кілттер мен мәндер қоймаларына кірудің және іздеудің базалық семантикасын қолданады. Мұндай
деректер қоры деректерді бірегейлендіру үшін кілтті қолданады. key-value дерекқорлары мен
құжаттар қорының айырмашылығы мынада: Blob-объектілерді сақтаудың орнына, құжаттар қоры
деректерді JSON, BSON немесе XML сияқты құрылымды форматтарда сақтайды (6-сурет).