Вестник Алматинского университета энергетики и связи № 3 (54) 2021
40
Графтық деректер қоры мәліметтерді жеке түйіндер ретінде көрсетеді, олармен байланысты
қасиеттердің кез келген саны болуы мүмкін. Графтық деректер қоры деректерді объектілер мен
объектілер арасындағы қатынастар контекстінде сақтайды.
Ерекшеліктері:
желілік дерекқорға ұқсас;
элементтер арасындағы қатынастарға назар аударады;
мәліметтер типтері арасындағы байланысты анық көрсетеді;
элементтер арасында жылжу үшін қадамдық жүруді қажет етпейді;
ұсынылған сілтеме түрлеріне ешқандай шектеулер жоқ.
Мысалдар:
Neo4j
JanusGraph
Dgraph
2.3.4. Бағаналы деректер қоры
Бағаналы деректер қоры (реляциялық емес бағандар қорлары немесе кең бағандық деректер
базасы) NoSQL деректер қорының тобына жатады, бірақ сырттай реляциялық дерекқорларға ұқсас.
Реляциялық деректер қоры сияқты, бағаналы деректер қоры деректерді жолдар мен бағандар
көмегімен сақтайды, бірақ элементтер арасындағы байланыс өзгеше болады. Реляциялық деректер
қорында барлық жолдар бекітілген схемаға сәйкес келуі керек. Сұлба кестеде қандай бағандар
болатынын, мәліметтер типін және басқа критерийлерді анықтайды. Бағаналық негіздерде
кестелердің орнына «бағаналы топтар» деп аталатын құрылымдар бар. Топтар әрқайсысы өзінің
форматын анықтайтын жолдардан (қатарлардан) тұрады. Жол іздеу үшін пайдаланылатын бірегей
идентификатордан тұрады, ал идентификатордан кейін баған атаулары мен мәндер жиынтығы
орналасады (8-сурет).
8-сурет. Бағаналы деректер қорының құрылымы
Ерекшеліктері:
|