Қорытынды Кәзіргі заманғы ғылыми зерттеулер музыкалық қабілеттерінің дамуы музыка мәдениеті негізінің қалыптасуы екенін айтады- яғни, музыкалық тәрбиені мектепке дейінгі жастан бастау керек. Балалық шақта музыкалық әсердің тақыр-таза болуының кейін орнын толтыру өте киын. Сөйлеу үшін сөздік орта қажеттілігі сияқты, музыканы жақсы көруі үшін балада түрлі дәуірлер мен стильдердегі музыкалық шығармаларды қабылдай білу тәжірибесі болуы тиіс, оның ырғағына үйренуі, яғни көңіл күйін тани білуі тиіс. Жасынан бесік жырын тындап өскен, санамақ айтып, ертегі тыңдап, ойын-күлкі арасында өскен бала көпшілік бақылауға қарағанда, неғұрылым шығармашылықты, музыкалық дамыған болатындығы анық. Музыкалық даму жалпы дамуға ештеңемен алмастыра алмайтындай әсерін тигізеді: адамның эмоциялық аймағы қалыптасады, ойлауы жетіледі, өнердегі және өмірдегі сұлулыққа сергектігі тәрбиеленеді.
Музыка мектепалды баласының өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының түйісуіне байланысты болады. Музыкалық жетекші мен тәрбиешілер әрекеттестігінде балалардың музыкалық дамуы бойынша жұмысты бірлескен жоспарлау олардың ұғымдары мен әрекеттерінің жалпы мағынасын қалыптастыруларын салыстыруға бағытталған инициатива алмасу қажет.
Балабақша өмірінің барлық жағына белсене қатыса жүріп, музыка жетекшісі ата-аналар арасында музыкалық – эстетикалық білімді белсене насихаттау тиіс. Егер ата-аналар музыкалық тәрбиенің маңыздылығын түсінетін болса, олар балаларын отбасында, музыка үйірмелерінде, студияларында, балалармен бірге концерттерге, музыкалық спектакльдерге барады, жан- жақты музыкалық әсерлермен байиды, олардың музыкалық тәжірибесі кеңейді.