Нұрасыл: Қамба толды астыққа
Алғыс саған,Алтын күз!
Бір уыс дән шаштықта ,
Қап-қап астық алдық біз.
Жүргізуші: -Ендеше «Алтын күз» атты әнді орындаймыз
Ән: «Алтын күз» Музыка ойналып ,Күз ханшайымы да келеді.
Жүргізуші:-Міне ,балалар Күз ханшайымы да келеді.
Балалар:-Сәлеметсіз бе?
Күз ханшайымы : Уа халайық, дархан далам армысың
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын
Жүргізуші:- Қош келдің Күз ханшайымы! Төрлет.
Күз ханшайымы :Балалар мен құр алақан келген жоқпын өзімнің жемістерімен көкөністерімді ала келдім.
1.Алма: Ерасыл Дәмі аузыңнан кетпейді,
Қызыл алма шырын бал,
Көктей тісің өтпейді,
Піскен кезде үзіп ал
2.Шие: Ұлдана Мен маржандай шиемін
Күн сәулесін сүйемін
Жемістерім піскенде,
Жерге басымды иемін
3.Қияр: Амиралі Дәнін егіп қиярдың,
Тыным таппай суардым
Түйнектерін көргенде ,
Бес алғандай қуандым
4. Пияз: Иманәлі Қос батырдай түйілген,
Тоғыз қабат киінген.
Аршимын деп пиязды
Жылап шықтым үйімнен. 5.Сәбіз: Әмір Өсіретін бойыңды ,
Дамытатын ойыңды.
Қоянғада азықпын
Сәбізбін жазықсыз
6.Жүзім:Ануар Моншақ болып тізілдім
Шырынмын мен,нәрмін мен
Топ-топ болып үзілдім
7.Қызанақ:Арай Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген
8.Қарбыз:Дильяр Күздің әрбір таңында
Өзімнің бау-бағымда
Жайылып жасыл желегім
Менде өсіп келемін
9.Қырық қабат: Дина Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын
Қабат, қабат киініп,
Қырық қабат атандым.
10.Картоп:Санжар Мен ұялшық картоппын,
Мен емесепін мақтанар,
Мені жақсы көреді,
Үлкендермен балалар.
Би: Көкөністер Жүргізуші:- Ой Күз ханшайымы здар қандай керемет,ал енді сізде балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыз.
12.Аруна: Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
13.Бекарыс: Ән салайық күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік ойнайық.
14.Айсұлтан: Алтын, сары, қызыл көк,
Алуна, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп ,
Көз тартады атырап.
15.Ерсұлтан: Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
16.Зере: Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
17.Інжу: Берекелі, мерекелі
Келді жомарт Алтын күз.
Қалада да, далада да,
Жаннның бәрі жарқын күз.
18.Маржан: Жомарт күздің біздерге,
Берерін алып шашпайық.
Алтын күз тойын сіздерге,
Өлеңменен бастайық
28Тоғжан Күзде жауын,бұлт –туман
Сары жапырақ жауады
Сары құйын ұйытқып .
Сапырады даланы.
Күз ханшайымы : Кәне балалар сендермен бір ойын ойнап жіберейін
Ойын: «Жапырағынан таны» Ойын шарты:Емен,қацың ,қарағай ағаштарының ерекшеліктерін айтып жапырақтарын тауып жапсыру керек.
Жүргізуші: Күз ханшайымы ойыныңыз қандай керемет!Жарайсыңдар балалар!
Би: «Жапырақтар» Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балалар екі тілде ән орындап бермек.
Ән: «Уражайная» Күз ханшайымы:
Берекелі бақ-дәулет
Арта түссін тойланып,
Сау болыңдар, балалар
Келгенше жыл айланып.
Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді. Балалар:Қош бол Күз ханшайымы!
Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдаға, көкеністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне балалар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт-береке тілеймін.