«Алтын күз» Музыка залы мерекеге сай безендірілген.Жүргізуші кіреді.
Жүргізуші: Қуандырып біздерді
Мерекелді күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін ел енді.
Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Ендеше «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз..
Балалар музыкалық әуенмен қолдарына жапырақ алып кіреді.
Балалар тақпақтары Айғаным:Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Күзгі тойда жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық.
Сымбат:Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Ануар:Ән салайық күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік ойнайық.
Зере: Алтын, сары, қызыл көк,
Алуна, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп ,
Көз тартады атырап.
Аруна:Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Нұрия: Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Дария: Берекелі, мерекелі
Келді жомарт Алтын күз.
Қалада да, далада да,
Жаннның бәрі жарқын күз.
Хамза: Жомарт күздің біздерге,
Берерін алып шашпайық.
Алтын күз тойын сіздерге,
Өлеңменен бастайық
Хор : «Күзгі жаңбыр»
(балалар өз орындарына отырады) Жүргізуші Балалар бізге сонау алыстан «Күз ханшайымы»келіпті
(осы кезде себетке толы жемістері бар «Күз ханшайымы» билеп кіреді.) Күз ханшайымы: Сәлеметсіздерме балалар!Сәлеметсіздерме қонақтар
Балалар:Салеметсізбе!
Күз ханшайымы:Уа халайық, дархан далам армысың!
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен күзгі ханшайыммын сендерді көргеніме қуаныштымын.Мен сендерге сонау алыстан «Еркем-ай «тобына арнайы келдім.Маған өнерлеріңді көрсетесіңдерма?