Балалар:Ия
Жүргізуші: Хош келдің Күз ханшайымы! Төрлет.Біздің балалар әнде,тақпақта ,биде билей алады.Біздің балалардың барлығы ақылды.
Күз ханшайымы:Ондай болса балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын
Ағайынды бәрі,
Шықса –жасыл
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз ханшайымы: Дұрыс
Ата –аналарға жұмбақ жасырады Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би-билейік ойнайық.
Би: «Жапырақтар» Жүргізуші: Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайқ.
Балалар тақпақтары: Заңғар: Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық, алтын тау.
Бекарыс: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді
Алма: Амир Дәмі аузыңнан кетпейді,
Қызыл алма шырын бал,
Көктей тісің өтпейді,
Піскен кезде үзіп ал
Шие: Ислам Мен маржандай шиемін
Күн сәулесін сүйемін
Жемістерім піскенде,
Жерге басымды иемін
Пияз: Аруназ Қос батырдай түйілген,
Тоғыз қабат киінген.
Аршимын деп пиязды
Жылап шықтым үйімнен.
Бұрыш: Дина Аршығанда бұрышты
Абай болған дұрысты
Ашытады көзіңді ,
Жылатады өзіңді.
Қырық қабат: Нұрасыл Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын
Қабат, қабат киініп,
Қырық қабат атандым.
Сәбіз: Ерасыл Өсіретін бойыңды ,
Дамытатын ойыңды.
Қоянғада азықпын
Сәбізбін жазықсыз
Күз ханшайымы:Жарайсыңдар балалар. Мен жалғыз келмедім өзіммен бірге досым қоянды ерте келдім.(Қоян кіріп келеді)
Қоян: Балалар күз ханшайымы менен бұрын кетіп калыпты мен артынан жүгіріп жүгіріп,секіріп секіріп әрең жеттім.Менің ойнағым келіп тұр.Балалар менімен ойнайсыңдарма?