Алтын орданың мәдени-өркениеттік мұрасы



Дата03.12.2023
өлшемі26,08 Kb.
#133801
Байланысты:
Алтын орданың мәдени мұрасы


Алтын орданың мәдени-өркениеттік мұрасы

Ұлы Дала төсінде өркендеген Алтын Орда өркениетінің адамзат тарихындағы орны, түркі халықтарының тілі мен дініндегі, әдебиеті мен мәдениетіндегі маңызы, сондай-ақ кейінгі дәуірлерде тарих сахнасында бой көрсеткен хандықтар, әмірліктерге тигізген ықпалы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған «Алтын Орда өркениеті: әдеби мұра және дәстүр жалғастығы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми онлайн конференцияға арқау болды.


Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.На­зар­баевтың «Ұлы даланың жеті қыры» ма­қаласында айтылған негізгі ойлар мен Президент Қ.К.Тоқаевтың «Ұлы­тау-2019» халықаралық туристік форумында: «Ұлытау халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығына айналуы тиіс. Бұл жұмыстарды Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу қар­саңында бастау керектігін» мақсат еткен ғылыми жиын­ға Түркия, Өзбекстан, Татарстан мен Қазақ­станның Жошы ұлы­сын зерттеп жүрген тіл­шілері, тарих­шылар, әдебиеттанушылар, дін­тану­шылар, ЖОО ұстаздары, докторанттары мен магистранттары қатысты.
Ғылыми жиын қатысушылары Алтын Орда тұсында жазылған әдеби жәдігерлер мен рухани мұралардың бүгінгі түркі халықтарының руханиятындағы орны, қолжазбалардың хал-жағдайы, олар­дың зерттелуі мен алда атқа­рылар мәселелер, әсіресе түркі елдерінің интег­рациясы жо­лында ортағасырлық түркі жазба ес­керткіштерінің соның ішінде Ал­тын Орда жазба жәдігерлерінің маңыз­ды­лы­ғына назар аударды.
Іс-шара барысында М.О.Әуезов атын­­дағы Әдебиет және өнер инсти­ту­тының директоры, ҰҒА кор­респон­дент-мүшесі, филология ғы­лымдары­ның док­торы К.Матыжанов Прези­дент Қ.То­қаевтың бастамасымен Ұлық ұлыс – Алтын Орданың 750 жыл­ды­ғына дайындық және оны ме­ре­ке­леу жөніндегі іс-шаралар аясын­да ұйым­дастырылған конференция­ны өткізу тарихымыздың тереңде жат­­қандығын насихаттауға, Алтын Орда мен көне түркілер арасындағы сабақ­тас­тықты зерттеуге, Алтын Орда­дан бас­тау алған қазақ хандығының тарихын жас ұрпаққа үйретуге жол ашуға түрткі болатындығымен байланысты деп атап өтті.
Осы жиында сөз алған Өзбекстан ұлт­тық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докто­ры На­симхан Рахмонов «Алтын Орда әдеби кеңістігінің өзіне тән ерекшеліктері» баяндамасында Алтын Орда дәуірінде дүниеге келген жазба жәдігерлердің жанрлық ерекшеліктері, генезисі, идея-мазмұнына кеңірек тоқталып, бүгінгі әдебиеттің даму барысымен салыстырып өтсе, Ыстанбұл университетінің про­­фессоры, доктор Абид Назар Мах­дум «Алтын Орда дәуіріндегі түрік әдебиетіндегі діни және сопылық ұғым­ның негіздеріне, қолданылуына және кейінгі дәуірлерге әсерін шолу» ең­бе­гін­де Алтын Орда тұсында жазылған діни-танымдық, діни-дидактикалық және діни-сопылық әдебиеттің бастау­лары мен кейінгі дәуірлердегі әдеби шығармаларға әсері туралы кеңірек тоқталды.
А.Ясауи атындағы ХҚТУ про­фес­соры, тарих ғылымдарының канди­да­ты Зікірия Жандарбек Алтын Ор­да­­­ның мемлекеттік құрылымына Ясауи ілімінің әсері, сол тұстағы ді­ни-әлеуметтік мә­се­лелер туралы «Ясауи жолының Ал­тын Орданың мемле­кет­тік жүйесіне ық­палы» баяндамасында арқау етсе, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ежелгі дәуір әдебиеті және түркология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Төрәлі Қыдыр Алтын Орда тұсында жазылған әдеби жәдігерлерді зерттеудегі негізгі мәселелерге тоқ­талып, алдағы атқарылар мәселелер мен сол заманда жазылған мәдени ес­керткіштерді ұлттық құндылықтар не­гізінде зерделеудің маңыздылығын атап өтті.
Татарстан Республикасы Ғылым ака­де­мия­сының Г.Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтының жоғары ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Азат Ахунов Құтбтың «Хұсрау-Шырын» поэмасындағы тарихи және әдеби синтез: Әт-Табаридің «Пайғамбарлар мен патшалар тарихы» контексі негізінде» баяндамасы арқылы Алтын Орда тұ­сында жазылған Құтбтың «Хұсрау-Шы­рын» дастанының жазылу тарихы­на үңіліп, ондағы сюжеттер мен образдардың қалыптасуындағы Әт-Табаридің «Пай­ғам­барлар мен патшалар тарихы» ең­бе­гінің әсеріне, Алтын Орда ханы Жәнібек пен ақын Құтб арасындағы бай­ланыстарға ерекше назар аударды. Ал Анкара университетінің профессоры, доктор Абдулла Гундоғдының «Жо­шы ұлысының түркі әлеміндегі ортақ мұрасына шолу» баяндамасы Алтын Орда мемлекетінің бір кездері алып империя болғандығын, көршілес елдермен сауда-саттық, экономикалық және саяси-дипломатиялық қарым-қатынас орнат­қандығы, Осман империясының тарих сахнасына шығуындағы Жошы ұлы­сының рөлі турасында өрбіді.
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет жә­не ­өнер институтының бас ғылыми қыз­­­меткері, филология ғылымдарының док­­торы Алымжан Хамраев «Рабғұзи және қазақы мифтік сана» баяндамасында Алтын Орда тұсында жа­зыл­ған Бурһануддин Рабғұзидің «Қис­сасул-әнбия» еңбегіндегі аңыз-әпса­на­лар, хикая-дастандарға тоқталды. Бү­гінгі қазақ мифтерінің Рабғұзидің шы­ғармасындағы көрінісі, түркілік на­ным-сенімдер хақында сөз қозғаса, Нұр-Мүбәрак Ислам мәдениеті универ­ситетінің профессоры, филология ғы­лым­дарының докторы Шәмшидин Ке­рім «Алтын Орда және Ислам» тақы­ры­­бындағы баяндамасына ХІІІ-ХV ғасыр­лардағы ислами құндылықтарға тоқ­талып, Берке ханның Исламды қабылдап, Алтын Ордада мемлекеттік дін ретінде жариялағанын, содан дәстүрлі Исламның негіздері қалыптасқандығын арқау етті.
Ал Алтын Орда жәдігерлерінің зерттелу тарихы, сол дәуірдің жазба мұраларын зерттеуде қазақ ғалымдарының қосқан үлесі және бүгінгі жас ғалымдардың осы саладағы орны туралы SILKWAY Халықаралық университеті Түркология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сейсенбай Құдасов «Алтын Орда жазба ескерткіштерінің Қазақстанда зерттелуі» баяндамасында атап өтті. Оның сөзін жалғаған Абай атында­ғы ҚазҰПУ Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының доценті Ерғали Есбосынов «Ахмет Жафероғлу – мәм­лүк-қыпшақ жазба ескерткіштерінің зерт­теушісі» баяндамасында қып­шақ тіліндегі жазба жәдігерлерді зерт­теу­дегі Ахмет Жафероғлұның тә­жі­ри­бесін алға тартып, бүгінгі док­то­ранттар мен магистранттарға ғылы­ми тақырып беруде Алтын Орда тұсын­дағы ескерткіштерге назар аудару­ды, соның нәтижесінде болашақ түр­кітанушыларды қалыптастыру жағына назар аударса, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің деканы Мең­дігүл Ноғайбаева ХІV-XV ғасырлардағы Алтын Орданың ру-тайпалық құрамының ерекшеліктеріне тоқталды. Ал Л.Н.Гуми­лев атындағы ЕҰУ Шығыстану кафед­расының меңгерушісі Ақжігіт Әлібекұлы Алтын Орда мен Мысыр арасындағы мәдени-әдеби байланыстар жайында сөз қозғады.
Келелі ойлар мен терең зерттеулерді ар­қау еткен жиында ғалымдар бұл жұ­мыстардың әлі де көптеген басқосулар­ға арқау болатындығын назарға алды. Осы орайда «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған міндеттерді жү­зеге асыру мақсатында М.Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер институ­ты тарапынан бірнеше жобаның қол­ға алынғандығын айта кеткен абзал. «Ұлы дала жауһарлары» сериясы­мен биыл жарық көретін «Ежелгі дәуір әде­биетінің» 2-3-томдары қарахан­дық­тар мен Алтын Орда тұсында жазылған жаз­ба жәдігерлерге арналатын болса, Алтын Орда ескерткіштерін зерттеу бо­йынша шетел ғалымдарымен бірлескен жобалар да дайындық үстінде. Онлайн-конференцияда алдағы жобаларды жос­парлау, ғылыми негіздеу жағы да пы­сықталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет