ТӨРТІНШІ ТАРАУ
Тəуелсіздік — тəуекелі тұратындардың еншіс
Тəуелсіздік — тарихтың мəңгіге бөліп берген еншісі емес,
халықтардың мамыражай өмір сүруіне берілген кепілдік те емес: аңғал
22
болмағанымыз абзал.
Тəуелсіздікті нығайту үшін күрес — елге тиген үлес.
Қазақстан Тəуелсіздігінің формуласы — бүл тең мəнді екі үғымның
Азаттың пен Жауаптылыңтың қосындысы.
Жауаптылықтың арқасында ғана біз дамудың дұрыс стратегиялық
жолын таңдай алдық, мемлекет құрып, бейбітшілік пен келісімді сақтап
қалдық.
Тəуелсіздік алған сəттен бастап Қазақстан өзінің, бір де бір
қадамымен, іс-əрекетімен немесе тіпті бір де бір сөзімен өңірлік жəне
жаһандық, қауіпсіздікке нұқсан келтірмеген мемлекеттің өнегесі болып
табылады.
Біз тəуелсіздікпен бірге тілімізді түлеттік, дінімізді өркендеттік,
тамырымызды жалғап, салт-дəстүрімізді жаңғырттық.
Ұлттың
жаңғыртуды
жүзеге
асырып,
жаңа
құндылықтар
қалыптастырдық. Ғасырлар қойнауынан асылдарымызды аршып алдық.
Біздің
тəуелсіздігіміз
қазақ
ұлтының
қоғамдық
ойдың
қалыптасуымен жəне халықтың жан-жүрегінің аңсауымен демелген
көпғасырлық ұмтылысының жемісі.
...Тəуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, Тəуелсіздікті мəңгі ұстап қалу
одан əлдеқайда қиын. Бұл əлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың
басынан өткерген тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа жөнсіз
тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген.
Тəуекелі тұратындардың ғана қолы жетпесе, Тəуелсіздік бола ма?
Азаппен, арпалыспен келмесе, Азаттық бола ма? Оңайлыңпен келсе, оның
қадірі бола ма? Қадірі жоқ нəрсе қолда ұзақ тұра ма?
Алда тұрған сын белестерден білекке — білек, жүрекке — жүрек,
тілекке — тілек қоса білсек қана абыройлы өте аламыз.
Тəуелсіздіктің қайта оралғаны — біздің ата-бабаларымыздың сан
ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған əділдігі.
Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ
білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.
Теңге — ел тұрақтылығы мен тəуелсіздігінің белгісі.
Тəуелсіздіктің туын қолда берік ұстау əрбір қазақтың, Қазақстанды
23
өз Отаным деп санайтын əр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты.
Қазақстанның тəуелсіздігі таза парақтан «жазылған жоқ», оның көне
дəстүрлері бар. Бізге бүгінімізді түйсініп, болашағымыздың сұлбасын көру
үшін өткенімізге үңілу қажет.
Бостандық бізге азап, күрес пен жоқшылықтар арқылы, ал
тəуелсіздік — өтуіміз қажет болған тəуекел арқылы келді. Міне, сондықтан
да біз бұл үлы үғымдардың құнын да, пайдасын да, қасиетін де білеміз.
Тəуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз ғүмырлы болсын!
Өтпелі кезеңнің өкпек желі соғар да өтер.
Дүниеде тəуелсіз Қазақ елі бар.
Əлемде егемен Қазақстан бар.
Оның көпұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.
Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар.
Ең бастысы — бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар.
Сол күнге берік сенім бар!
Енді біздің ел атқа қонады: дүйім дүниенің қандай дүбірлі додасына
да тайсалмай түсіп, кім-кіммен де жалтақсыз жарысатын болады.
Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік.
Бар байлығымызды өзімізге бүйыратын еттік.
Қоғамның саяси түрақтылығы мен бірлігіне жеттік.
Қысқасы, ел болудың ең ауыр белесінен өттік.
Біле білсек, осы он жылдағы еңбегіміздің ең басты қорытындысы —
ел болғанымыз. Ел бола алғанымыз. Біз мемлекет құрдық. Құрғанда да, аты
бар да заты жоқ мемлекет емес, бүкіл адамзат танитын, танып қана
қоймаған, мойындайтын, құрметтейтін мемлекет құра алдық.
Қазақстанның тəуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл азаттық үшін
алысқан мың- мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл бүкіл
24
тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің
қайтарымы.
Тəуелсіздік Туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны
құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.
Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соғар желдер
бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бəріне көну керек, бəріне төзу керек.
Қаз тұрып, қадам басқан Тəуелсіздік сəбилік тұсауын өміршең
уақытқа кестірген кезден бастап, Қазақстанымыз айшылық жерді алты-ақ
аттаған алып секілді, дəуір жалынан мықтап ұстап, тізгінін бекем қаға білді.
Аталарымыздың тар кезеңде табысып, бірлік-берекесін көрсеткен
жақсылығымен қатар, кеңшілікке шыққанда кесірлік танытып, ала болып
ауыздағыларынан айырылып, өзара қырқысып кететін жаманшылығының
қабат жүретіндігі де өзекті өртейді.
Қазақстанның аспан түстес Туының, бетінде алтынға айналған
бүркіт қанат керген. Осынау келіскен мазмұнды да мағыналы нысанның
бойында табиғат та, тіршілік те, тарих та тоғысып жатыр.
Еңсесі түскен елдің есін жиғызған, жапа шегіп, зар жылаған
халықтың көзінің жасын тыйғызған кімдер еді?
Азаматынан айырылған арғымаққа қайтадан ер салдырған, тұтастық
туын қолға қайтадан алдырған кімдер еді?
Қасиетті бабаларымыз — Төле би, Қазыбек би, Əйтеке би еді.
Тəуелсіздік — бұл ең алдымен елдің экономикалык, дербестігі.
Біз ендігі жерде Ресеймен қарым-қатынасты Біріккен Ұлттар
Ұйымының тең қатарлы мүшелері ретінде сенімді əріптестік жағдайында
жалғастыратын боламыз.
Бəрін де тарихтың, сый-сыбағасы деуге болар, алайда жан-
жүрегіңнің аңсары болған азаттықты ешкім де сыйға тарта алмайды.
Азаттық дегеніміз бұл əлемдік тарих толқынында өзінің субъектілік
құқығын сезінетін жəне оған жауап бере алатын халық болмысының
жалғыз ғана үлгісі.
Біз тəуелсіздік алғаннан бері бірыңғай ізденіс үстінде келе жатқан
елміз. Ізденіс үстінде дөп басу да, мүлт кету де бола береді. Ештеңе
істемеген адам ғана қателеспеуі мүмкін.
25
Қандастарымызға қаратып айтар жайдың тағы бірі тарихи Отанына
оралған ағайын, ең алдымен, «Қазақстаным маған не береді?» деп емес,
«Мен Қазақстаныма не беремін?» деп ойлағаны да дұрыс болар еді.
Бүгінгі біздің тəуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан
ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.
Бойында қаны бар, намысы бар əрбір азамат: «Енді тəуелсіздікті
қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз?!» деп ой-
санасын қамшылауы керек.
Халық кешпейтін бір-ақ нəрсе бар: елдің қолына зарықтырып келіп
қонған бақыт құсынан — Тəуелсіздіктен айырылуды кешпейді.
Тəуелсіздікті күн сайын қорғау керек, ай сайын қорғау керек, жыл
сайын қорғау керек, нығайту керек, өркендету керек.
Тəуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің
есуінен тайсалмауға тиіспіз.
Мəселе қай топтың жеңетінінде немесе билік басына кімнің
келетіндігінде емес, мəселе — тəуелсіздіктің тағдырында.
Біздің тəуелсіздігіміздің жолы — Отан тағдыры үшін барлық 140
ұлттың жауапкершілігінің жолы.
Танылған мемлекеттік егемендік — бұл кез келген халықтың үлкен
əрі қымбат тұратын ресурсы.
Тəуелсіздік, бұл əлемдік тарихтың ағынында субъект болу құқығын
сезінетін əрі соған жауап беретін халық болмысының жалғыз ғана нышаны.
Азаттық жолы ұзақ та тауқыметті. Оны баянды ете білу де оңай
шаруа емес.
Мемлекеттік тəуелсіздік — тарихтың сыйы немесе тек қазіргі
ұрпақтың ғана меншігі емес. Ол — өткеннің алдындағы борыш жəне
келешектің алдындағы жауапкершілік.
БЕСІНШІ ТАРАУ
Мемлекет мерейі мығымдығында
Жер шарының басқа бөліктеріндей емес, КСРО - ның ыдырауы
тарихи негізі атымен жоқ жаңа мемлекеттердің пайда болуына емес, тарихи
26
тамыры
тереңде
жатқан,
кейін
күшпен
жойыла
жаздаған
мемлекеттіліктердің қайтадан қалпына келтірілуіне үласты.
Біз тек КСРО-ның ыдырауының ғана емес, мемлекеттіліктердің
жаңадан жандандырылуының жан-жаңты күрделі процестеріне ұласты деп
айтқан болар едік.
Мемлекеттік құрылыс экономикалық жəне саяси жаңашылдық
үрдіске көшумен бір мезгілде жүргізілгенде, мемлекеттік машинаны жүйеге
салу жағдайды түбегейлі бақылау тізгінінен біржолата айырылып қалу
қаупін туғызады. Егер жағдайды қадағалаудың берік тізгіні қолда жоқ кезде
күйретушілік желікті бір қоздырып алсақ, оны қайта тоқтату қиындап
кетеді.
Бүгінде дүниежүзінің ең ірі мемлекеттерінің қатарына кіріп отырған
Қазақстанның ұлан-байтақ жер көлемін сақтап қалуы қатардағы қолбасы
батырлардың ерлігі арңасында ғана мүмкін болған нəрсе емес. Бүл қазақ
хандары мен сұлтандарының даналығы мен көргендігінің де жемісі
болатын.
Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып,
дамудың даңғыл жолына бет бұрған елміз. Ықтимал сын-тегеуріндерге
тыңғылықты шеп құрған елміз.
...биліктің міндеті — мемлекет, қоғам мен жеке адам мүддесінің
ұтымды тепе-теңдігін қамтамасыз ету. Шынайы əділеттілік дегеніміз, міне,
осы.
Мемлекет əрбір жас адамның өз еліне міндетті түрде қажет болуы
үшін бəрін де жасауға тиіс.
Біздің алдымызда қо стін жол тұр: не қазіргі ақиқатты еңсеріп, жаңа
Қазақстанды жасақтаймыз, не ғайыпқа сіңіп, жоқ боламыз.
Біздің таңдағанымыз — біріншісі, алайда біздің жасампаз
жаңалығымыз тарихи бай тəжірибені тірек етуі керек.
Біздің тараптар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. Қазақстаннан тыс жерде
жұмақ жоқ. Еш жерде, əлемнің ешбір елінде бəріне бірден ие болу мүмкін
емес.
Мемлекет мерейі — мығымдығында.
27
Біздің бағдарламамыздың басты мақсаты халықтың əл-ауқатын
нығайту.
Əлемдік деңгейдегі жетекші мемлекеттерге зор маңыз бере отырып,
бейбітшілік орнатуда тек соларға үміт арту атымен қате. Келешекте
дағдарысты жағдайдан шығатын жолды бірлесіп іздеу факторының маңызы
арта түсетін болады.
Мемлекет қызметін бақылаудың нəтижелілігі, көбіне-көп бүкіл
халықты жігерлендіріп, белгілі бір мақсаттарға жұмылдыра алатын
идеология жасақтауға байланысты болатыны даусыз.
Менің ғұмырым ел тағдырымен еншілес.
Мен бизнес қуатты болса, мемлекетте қуатты деген қағидатты
жақтаушымын.
...біз ешқандай идеологиялық, діни немесе өркениеттік аңыздар мен
өлшемдерге артықшылық атаулыны қабылдамаймыз. Басты өлшем —
тəуелсіз мемлекет, Қазақстан Республикасының, ұлттық мемлекеттік
мүддесі.
Жетістіктерімізге сын көзбен қарап, сабыр сақтайтын ел болайық.
Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тəуелсіздігі, ұлт мұраты,
ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мəңгі қалады.
Ұлы той көппен көрген халқың үшін,
Ешқашан адастырмас салтың үшін.
Жаратқан!
Қазағыма ынтымақ бер,
Тұрғанда мына заман тартып ішін!
Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды.
Қуатты Қазақстан дегеніміз ең əуелі, өңірлердің қуаттылығы.
Қоғам билікке тек сыртқы жылтырағына қарап ұмтылса, қатты
ұтылады.
...Мемлекет пен халықты біртұтас ұлттық мүдде тұрғысынан
ұйыстыру — асқан ұлы міндет. Бұл жаңа өркендеу үстіндегі
28
демократиялық Қазақстанды дамытудың, басты шарты. Бірге жиналу —
бастауы. Бірге болып қалу — прогресс. Бірге жұмыс істеу — табыс.
Ертең өз мемлекетіңнің астаң-кестеңі шығып жатқанын көрмес
үшін, өз еліңді қайдағы бір желбуаз ұрандардың жетегімен орға апарып
жығып жүрмес үшін жалпы əлемдік даму қарқынынан хабардар болып
отырудың маңызы ерекше.
...жаһандану мен мемлекеттілік идеясы өлмей тұрып, регионализм
мен сеператизм өлмек емес.
Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Мəдени тұрғыдан алғанда мұның
өзі демократиялық мемлекеттің, алдына қатаң талаптар тартады деген сөз.
Азаттық
жолындағы
Казақстанның
əлі
талай-талай
қиын
кезеңдерден өтуіне тура келеді.
Мүлдем кикілжіңсіз қоғам болмайды, біз ондай тəуекелдерді
барынша азайтуға ұмтылуға міндеттіміз.
Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген жолда біз биік
белестерді бағындырдың. Көңіл жүгірткендерді сағындырдық, көзі
көргендерді табындырдық.
Біз өзіміздің белгілі тарихымыз бен өзіндік болашағымыз бар
еуразиялық елміз. Сондықтан біздің моделіміз басқа ешкімнің моделіне
үқсамайтын болады. Ол өз бойына əртүрлі өркениеттердің жетістіктерін
сіңіреді.
Біздің байтақ мекенімізде баршамызды біріктіре түсетін ортақ
құндылықтар мол. Ол талайлы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі
тарихымыз. Ол байтақ мұрамыз бен қазығы берік мемлекеттік тіліміз.
Ішкі саяси тұрақтылық пен даму үш тапқа да: байларға, орташаларға
жəне кедейлерге сүйенеді. Олардың барлығы да қазірше қоғамда болады,
бірақ, əрине, қалыпты өркениетті арақатынаста болуға тиіс.
Біз қарапайым, алайда сөзсіз бір ақиқатты түсінуге тиіспіз бүгінгі
дүниеде біздің бəріміз өзара тəуелдіміз. Жəне бұл өзара тəуелділік кез
келген жайт пен тербелісті сезінетін шетін де сезімтал тетік болып
табылады.
Біздің мақсат — жұдырық болып түйілсе, бір- біріңнің қолыңды
қыса алмайтыныңды тағы да еске салу.
29
...анық көзім жеткен бір мəселе — өтпелі кезеңдерді бастан кешіп
жатқан қогамда, мемлекеттік экономика əлі сақталып тұрған тұста, жеке
меншік институттары, олардың мүддесін көздейтін партиялар түріндегі
саяси өкілдер əлі қалыптасып біте қоймаған кезде, мемлекеттің қызметінің
орасан зор екендігі.
XX ғасырдағы заманға лайық жаңартуға тоталитаризм өте үлкен
қауіп туғыза алады. Өйткені ол индустриалдық өркениет пен қоғамдык,
топтарды бақылаудың атымен соны техникалық жəне ақпараттық
мүмкіндіктерді туғызған құбылыс.
Əлемнің келеңсіз тəжірибесінен де үйрену қажет.
Біздің балаларымыз бен немерелеріміз қауіпсіз, тұрмыс үшін
қолайлы дүниеде өмір сүре ме немесе əлемдік жүйе дамуының барынша
пессимистік жəне қасіретті болжамдары іске аса ма, бұл біздің бүгінгі
əрекеттерімізге байланысты болмақ.
Батыс пен шығыстың тоқайласқан тұсында орналасқандықтан, біз
өркениеттер, мəдениеттер мен діндер арасындағы тұрақты үнқатысудың
қажеттігін сезініп қана қоймаймыз, сонымен бірге оны белсене жүзеге
асырып келеміз.
Біздің мызғымайтын жəне дау-дамайы жоқ өзекті ойымыз: ұлттың
қауіпсіздігі мен мемлекеттілігіміздің сақталуы.
Жаһандану процесіне интеграциялық ұмтылыс пен араласу — бұл
дамудың бірден- бір векторы.
Əлем өзгеріп келеді: алға тартқан озады, кейін кеткен тозады.
Нарықтық экономика мен демократиялық тұрғыда таңдап алынған
мемлекет Қазақстанға қандай шамада өркендеу əкелерін уақыт өте келе
біздің өз тəжірибеміз көрсетуге тиіс.
Мемлекеттік, тəуелсіздік — бұл тарихтың сыйы емес жəне тек
қазіргі ұрпақтың бір өзінің ғана меншігі емес. Бұл өткеннің алдындағы
парыз жəне болашақтың алдындағы жауапкершілік.
Жай ғана саяси тəуелсіздік пен күшті мемлекет арасын зор
қашықтық бөліп жатыр. Біздің мақсатымыз — Қазақстанның тəуелсіздігін
ақиқат
шындыққа
айналдыру,
экономикалық,
құқықтық
əскери,
ақпараттың өлшемдерді ақиқат шындыққа айналдыру. Бүгінгі мемлекеттің
аксиомасы осындай.
30
Ұлттық тарихымыздың, ең бір алмағайып сағаттарында халық бірігу
үшін əрқашан да күш таба білді, алайда ұлттық ыдырау тетік- терінің
соншалық тез іске қосылуы да мəңгілік лағынетке батыратын. Біз ғасырлар
бойы шыға алмай келе жатқан ескі қақпанға түспес үшін атам заманғы
таптаурындардан іргені аулақ салуымыз керек. Сондықтан біздің міндетіміз
шынайы ұлттық топтасуға қол жеткізуде болып отыр, онсыз біздің
мемлекетіміздің болашағы жоқ.
...интеграция эволюциялық жолмен дамыса ғана сенімді болмақ.
Революциялық оқыс сілкіністер, аяқ астынан біріге қалу, байыбына бармай
жатып конфедерация құра салу сияқты қадамдар қалыпты жəне табиғи
дамып келе жатқан процеске тек залал келтіруі мүмкін.
Мемлекет саған не беруге тиіс деген сұрақ қисынды да əділетті.
Бірақ оның тарихындағы ең маңызды кезеңде сен өз мемлекетің үшін не
істеп жатырсың деген сүрақ та əділетті болмақ.
Жас мемлекеттердің ежелден белгілі дерттері — жемқорлық,
қылмыстық жүгенсіз кетуі жəне төрешіл өктемдік — ең терең
реформалардың мəні мен мазмұнын бұрмалап жіберуі мүмкін.
Қазақты еш уақытта ешкім жеңіп, жерін ала алмаған. Тек бір-бірін
арандатып, ішіне іріткі салып барып жеңген. Біз содан бодан болдық. Енді
бүдан былай ондайларға жол бермеуге тиістіміз.
Түрлі этникалық жəне діни топтардың құқықтары əртүрлі болып
келетін, біреулерге мүмкіндік беріліп, өзгелерге берілмейтін, саяси
партиялар мен қозғалыстар тікелей қарама-қарсы тараптарға «бұра
тартатын», бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі мен жауапкершілігі,
либерализм мен демократияның жəне мемлекет күшінің арасында орасан
зор сəйкессіздіктер бар елдің де болашағы жоқ.
Тағы да айқындаушы тарихи сəт келіп жетті, біз планетаның озық
мемлекеттері қатарына кіруге, іс жүзінде жаңа əлемнің жаңа елін құруға
тиіспіз.
Бұл үшін бізде барлык, ресурстар бар, тиісті реформалар жүргізілді.
Біздің тұрлаулы еліміз, білімді халқымыз, қабілетті кадрларымыз бар. Біз
өзіміздің шикізат ресурстарымызға тəуелді емес, баламалы экономика
құрып жатырмыз.
Келіңіздер, ұлы Қазақстан халқының осынау ұлы мақсаттарына
қызмет етейік!
31
Ұлттың тəуелсіздігін жариялаған жас мемлекет өзінің ұлттың
мүдделерін мəлімдейді. Міне, осы тұста əртүрлі қақтығыстар тууы мүмкін,
себебі, жаңа мемлекеттер дамыған сайын үлттык, мүдделердің аумағы өсе
береді
де,
олардың
келісу
рəсімдерін
қатты
қиындатады.
Ел
басшылықтарының өзара келісудің іс жүзінде жұмыс істейтін жүйесін
жасауға деген саяси еркі болмаған жағдайда басқа мемлекеттердің ұлттық
мүдделерімен арада сөзсіз жанжал туады. Ал мұның өзі əртүрлі жағдайда
көрініс беруі, тіпті, əскери текетіреске дейін баруы мүмкін.
Тарихи тəжірибе мынаны көрнекілеп көрсетіп отыр: ортақ аймақтың
мүдделері бар елдердің ортақ саяси, əскери, мəдени стратегиясы жəне соған
сəйкес тактикасы болмаса, мүның өзі сайып келгенде, сол елдердің
əрқайсысының
жеке-жеке
ұлттық-мемлекеттік
мүдделеріне
жету
мүмкіндіктерін жоғалтып алуына апарып соғады.
Шын мəнінде, идеология — бұл адамдардың қоғамдастығын саяси
жəне экономикалық мін- деттерді шешуге топтастыру мен жұмылдырудың
уақыт тезінен өткен тəсілі, бұл əлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыру
тетігі, бірақ бұл күштеп-зорлау тəсілі емес, қайта мемлекеттің жəне оның
тұгырнамасын қолдайтын партиялардың, қоғамдың қозғалыстардың
адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тəсілі.
...бір багыттағы интеграция қадамдары басқа бір бағыттағы
қадамдардан бас тартуға соқтырмауға тиіс.
Мемлекет азаматтың қоғам институттарын жасанды түрде өсіре
алмайды, олардың дамуы үшін қолайлы жағдай ғана жасай алады.
Мемлекеттің мемлекеттілігі оның өз тағдырына қатысты мəселелерді
өз бетінше шеше алуынан танылуға тиіс.
Тату-тəтті елдің, экономикасы өркендеген елдің, сауатты ұрпақ
өсірген елдің, ел ішінде, басқа жерде жүргенде өз Отанын мақтап, мақтан
ететін елдің Отанын шын сүйетін азаматтары бар елдің елдігі мықты
болады.
Бұл заман — тек күштіні, бірлікті мойындаған заман. Бұл заманда
əлем тек экономикалық жағынан мықты, ішкі тұтастығы берік, ауызбірлігі
күшті мемлекеттермен ғана санасады, сондай елдерді ғана сыйлайды.
Қазақстан қазір əлем санасатын, əлем сыйлайтын сондай елге айналды.
Біз келер ұрпаққа жасыл орманға оранған əдемі ел қалдыруымыз
32
керек. Тəуелсіздігімізді орнаттық, мемлекетті нығайтып жатырмыз.
Қазақстанды əлемге таныттық. Енді өзімізге, халыққа жайлы, таза ауасы
денсаулыққа шипасын тигізетін Қазақстан жасауымыз керек.
Мен үшін қашанда мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында
қалтқысыз қызмет атқарудан артық бақыт болған емес.
Біз тығырықты заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын
Атамекенге жинаған əлемдегі үш елдің бірі болдық. Ендеше, тірі де
боламыз, ірі де боламыз.
Халқы тату-тəтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар,
болашағы баянды болады.
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
Тұрақтылық болмаса – ештеңе де болмайды
Шынайы патриотизм дауыс көтере сөйленген сөздерден емес, нақты
істер мен жауапты қимыл-əрекеттерден көрінуі керек.
Табанды тұлғалар тəрбиелеу арқылы ғана ел тəуелсіздігін баянды
етуге болады.
Тұрақтылық — саяси мəселелерді шешудің күшке негізделмеген
тəсілдеріне сүйенгенде ғана сақталмақ.
Егер ел ішінде тұрақтылық болмаса, ештеңе де болмайды.
Тұрақтылықты, тəуелсіздікті жəне қауіпсіздікті сақтау қазіргідей күрделі
кезеңде мемлекет өміршеңдігінің ең басты факторы.
Біз тыныштық арқылы — тұрақтылыққа, татулы арқылы —
тұтастыққа қол жеткіздік.
Қиындылық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол — бірлік. Еліңді,
жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тəуелсіздік
жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол
сондай қажет.
Алуандылық дегеніміз өсу, алуандылық — прогресс жəне жаһандық
əлемдегі біздің артықшылықтарымыз. Соған сəйкес бірлікті сақтау — біздің
баршамыз үшін қасиетті міндет. Бұл — біздің зердеміз, бұл — біздің
болашагымыз.
Батырлардың,
қаһармандығымен
жəне
ақсақалдардың
33
ақылмандығымен біз туған жерімізді қорғап, сақтай алдық, тəуелсіздікке ие
болдың, осы заманғы мемлекет құрдық.
Біз тыныштық арқылы — тұрақтылыққа, татулық арқылы —
тұтастыққа қол жеткіздік.
Отаншылдық сезімді орнықтыру қай заманда да, қай қоғамда да
маңызды. Бұл, əсіресе, жас мемлекеттер үшін ерекше мəнге ие. Біз
патриоттық тəрбие беруге көп көңіл бөлуге тиіспіз.
Қазақтың ертеңін, өзінің, бала-шағасының ертеңін ойлаған адам
алдымен осы елдегі тыныштықты ойлауы керек.
...ұлттық қауіпсіздік болмаған жерде мемлекеттің өзі де жоқ.
Тек қана төзімділік пен серіктестік арқылы біз лаңкестік, жаппай
қырып-жою қаруы мен кез келген басқа қаруды тарату, есірткі бизнесі мен
оның зардаптары, экологиялық апаттар, заманымыздың əлеуметтік дерттері
тəрізді əлемдік нəубет көріністеріне қарсы күресте табысқа жете аламыз.
Егер бір сəттік саяси пайда үшін мемлекет іргесін шайқалтатын
болсақ, біз болашақ ұрпаққа солақай тəрбие көрсетеміз.
Еуразия қауіпсіздігі — бұл метафора емес, қатаң геосаяси факті.
Өзінің мемлекеттігіне қол жеткізген халықтың тағдырын ешкімнің
де, мейлі ол қандай ұранды бетперде етіп ұстаса да, тəлкегіне түсіріп қоя
алмаймыз.
Біз қандай шамада мүмкіндіктерімізді пайдаланып, қауіп-қатердің
алдын аламыз, өзіміздің оқымызды еселеп, терісімізді азайтамыз — бұл
біздің өзімізге, мақсаттар мен басымдықтарды дəл қоя білуімізге, оларды
уақтылы əрі оралымды іске асыруымызға байланысты.
Жалпыға ортақ жəне ғаламдық қарусыздану оны ядролық қарудың
иелері емес, тек ядросы бар жəне ядросы жоқ барлық мемлекеттердің
халықаралық қауымдастығы шешсе ғана, тек сонда ғана шешілетін болады.
Ядролық қару — адамзат үшін өзін-өзі жоятын қару. Ал өзін-өзі
өлтіруді Жаратушының, ұйғарымына тікелей қарсылық ретінде əлемнің
барлық діндері де айыптайды.
Ядролық қарудың «алибиі» жоқ, болуы мүмкін де емес əрі оның
қылмыстық пиғылы таза.
Қауіп-қатерді жеңу үшін оны қаперден шығармау керек жəне одан
34
тайсақтамаған жөн.
Біз ядролық қаруларымызды өткен ғасырға қалдырдың. Мемлекет
пен ұлттың нағыз күш-қуаты қару-жарағын жалаңдата қыр көрсетуде емес,
соларды «қолданбауында».
Бүгінде, XXI ғасырда біз «шынының ішіндегі əлемде» өмір
сүрудеміз. Бұл мөлдір əрі нəзік əлем. Бұл жерде тас лақтырысуға болмайды.
Əлем кез келген ең қалың əрі танылған монографиядан да едəуір
күрделі.
Теориялық
тілектердің
көбіне-көп
біржақты
шындықтың
қысымынан талқаны шығып жатады.
Біздің көне аңыздарға кұрылған ауызекі шығармашылығымызға тек
бір ғана кемшілік «тəн», онда болашақтағы əлем құрылысында, тіпті
апокалипсистік сценарий мүмкіндігінің өзі де жоқ.
Қазақстан — қазыналы ел. Ал қазына жүрген жерде қатер де қоса
жүретінін ұмытпау керек.
Əскери қызмет орасан зор абыройлы болуға тиіс, əскердің, халық
арасындағы беделін мызғымастай ету керек.
Республика əскері өзінің алғашқы қадамдарынан бастап əскери
əзірлігін арттыруға, жастар үшін Отанға шынайы сүйіспеншіліктің мектебі
болуға, біздің халқымыздың шын мəнінде даңқты жауынгерлік жəне еңбек
дəстүрлерін дамытуға міндетті.
Жас тəуелсіз мемлекеттер көбіне сырттан таңылатын пікірлердің,
қатал қысымына ұшырайды. Нəтижесінде өз қисыны бар аса күрделі ішкі
процестер сырт көзқараспен бағаланып, көбінесе үстірт, ал кейде біржақты
түсіндіріледі. Бұл көптеген мемлекеттердің шынайы тəуелсіздікті нығайту
жолында өзіндік кедергіге айналады.
Біздің болашағымыз өз қасымызда, арманымыз бен біз жөніндегі
мүңда өмір сүріп келеді жəне өзімізден басқа оны ешкім қорғай алмайды.
Ұлтшылдықтың кез келген түрі терроризмнің тарауына қолайлы
негіз болатынына ешқандай күмəн жоқ.
...адамзатты ажыратып тұрған жанталаса қарулану жəне əскери
əлеуетті бір сəт бөгелмей ұлғайта беру халықаралық қатынастардың
тұрақтылығы
мен
қауіптілігіне
жəрдемдеспейді,
қайта
болашақ
35
тұрақсыздықтың алғышарттарын жасайды.
Тарихи тəжірибе мен жай ғана парасат мынаны аңғартады: өзінің
дарабоз немесе басқалардан артық екенін уағыздау идеясы қандай
пошымда, ашық, жабық пошымда жасалса да, өз-өзінің түбіне жетудің ең
қысқа жолы.
Ядролық жанжалдық нəтижесі тек қана дұшпанды құртып жіберу
емес. Ең бастысы, іс жүзінде сол мемлекет жерінің өзі өмір сүру мүмкін
емес жерге айналады.
Біз, Қазақстан халқы, ядролық бұғаудан еркіндік арқасында
арылдық. Тек қана бейбіт жолмен алға басуымыз да тəуелсіздіктің арқасы.
Бетімен жіберілген оқиғалар əдетте ең нашар сценарий бойынша
өрбиді.
Терроризм өзінің болжаусыздығымен жəне тосындығымен нақтылы
үрей сезімін ұялатып, жұртшылықтың бəрін дерлік шарасыз да жазмыштың
қауіп-қатермен шырмап тастайды.
Терроризм белгілі бір мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін күш
көрсету идеологиясын түғыр етеді.
Терроризм — көзқарастар мен идеялардың емес, əрекеттердің
жүйесі, өйткені, ол қара бастың, қамын күйттемейді. Ол өзінен-өзі
əлеуметтік құндылың бола алмайды, алайда қызмет көрсетудің бір түрі
ретінде айтарлықтай əрекетшілік пен сұранысқа ие.
Терроризммен күреске елігіп, елдер мен халықтарды «тас ғасырына»
қуып тығу арңылы біз «терроризм» үғымын келмеске кетірудің орнына, тек
қана жандандыратын боламыз.
Халықаралық терроризм, экстремизм мен сеператизм — тек қана
адамзаттың жасырын сырқаттарының сыртқы көрінісі. Ол жеке-жеке
емдейтін
аурулардың
санатынан
емес,
ол
барлық
елдер
мен
қауымдастыңтардың ұжымдық консилиумын талап етеді.
Əрбір адам мемлекетке қызмет етуде өз лауазымында елі мен халқы
үшін не істеуге міндетті екенін түсінуі тиіс жəне осы сенімге сəйкес адал
əрекет етуі керек.
...саяси радикализм сынаса, терроризм өлтіреді.
Патриот болу біздің Қазақстанды мақтан тұту ғана емес. Бірінші
36
кезекте бұл Қазақстанның мүддесін қорғап, өзін-өзі аямау, оның игілігі
үшін жұмыс істеу.
Тұғырымыз — тыныштық, тірегіміз — тұрақтылық, тілегіміз —
татулық болсын.
Отанға
қызмет
ету
—
мемлекеттік
қызмет
пен
барлық
патриоттардың ой-ниетіне айналуы тиіс. Өйтпейінше, ең, прогресшіл де
мінсіз əзірленген барлық жобаларымыз қазақстандыңтар бізден күтіп
отырған нəтижелерге жеткізбейді.
Қазір ешбір мемлекет, тіпті ең мыңты ел жеке-дара қауіп атаулыны
жоя алмайды. Сондықтан жаһандың қауіпсіздікті нығайту мəселесінде
халықаралық ынтымаңтастыққа балама жоқ.
Ыңпалдастықты саяси жарнама мақсатында пайдаланбай, шынымен
жақтайтындар өркениетті, озық ойлы ықпалдасу процесі — мемлекеттердің
ұлттық егемендігін нығайтумен қатар жүріп, бірін-бірі өзара толықтыруы
қажет екенін түсінеді.
Семей полигонын жабу жəне ядролық қарудан бас тарту — тəуелсіз
Қазақстанның адамзатқа берген алғашқы игілігі болды.
Тірі табиғат секілді, халықаралық қатынастарда да аса қатаң
жаратылыстық іріктеу жүріп жатады.
...күшпен бірігушілікке ұмтылу — орнықсыздықты күшейтіп,
қантөгіске ұрындырмай қоймайтын қауіпті жол, болмасты болдырам
дейтін, оралмасты оралтам дейтін бос əуре.
XXI ғасыр табалдырығын тиімді ыңпалдастық тек экономикалық
жəне мəдени ықпалды тиімді жүйелеу арқылы ғана жүзеге аса алса керек.
Оны сыртқы тартымдылығына бола ескі əдістермен жүзеге асыру төтенше
қауіпті екендігі даусыз.
...шынаиы ықпалдастыққа ең үлкен қауіп күшпен бірігулікке
шақыру мен ұтылудан тұрады.
...шынайы
ықпалдасудың
қажетті
шарты
—
Достастық
мемлекеттердің өзара іс-əрекеттерін үйлестіру сыртқы саясаттың ең басты
бағыты деп тану болып табылады.
...өткеннен тек қателіктерді ғана іздеп қоймай, қазіргі бұған дейінгі
саясат салдарынан қалыптасып кеткен қиын ахуалдан шығудың сенімді
37
жолдарын да қарастыруымыз қажет.
Саяси күш-жігер жұмсамай, ешқандай ықпалдасу жүзеге аспайды.
Теңдік қағидасына негізделмеген ықпалдастықтан ештеңе де
шықпайды.
«Екінші жəне үшінші сатыдағы елдер» бұрынғы жоғары дамыған
елдер жүріп өткен жолдың бəрінен өтулері керек.
Жаңашылдық дегеніміз не нəрсені болсын осы заманғы нормалар
мен стандарттарға (мөлшерлер мен қалыптарға) сəйкестендіру болып
шығады.
Мен халықаралық ұйымдардың маңызына зəредей де күмəн
туғызғым келмейді. Алайда қазіргі жағдайда аймақтық жəне аймақаралық
байланыстарды күшейту халыңаралық қауіпсіздікті нығайтудың басты
бағытына айнала бастағандығын түсінетін уақыт жетті.
Қауіпсіз дүние дегеніміздің өзі əрқилы экономикалық, саяси,
дəстүрлік, мəдени сипаттамалары жағынан алуан бояулы шытыра айнаны
көзге елестетеді. Ондай дүниенің, əр алуандығы мен біртұтастығын
ядролық қарумен үркітіп тежеу арқылы емес, əрқилы бөліктерінің өзара
ықпалдастығын мейлінше кеңейте түсу арқылы ғана нығайта аламыз.
Сондықтан барлық мемлекеттер саны мен сапасына қарамастан,
қауіпсіздікті нығайту мен дамытуға қал-қадарынша өз үлестерін қосулары
қажет.
Бəлкім, біреулерге бүгін біз өткен жол сатанатты шерудей болып
көрінер. Бірақ біздің мемлекетіміздің халықаралық аренада кеңінен
танылуы, дүниежүзілік жетекші ұйымдарға кіруі табанды да тауқыметті
еңбекпен жүзеге асты.
Достарыңызбен бөлісу: |