Қалуымен сипатталатын физикалық құбылыс


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата16.02.2023
өлшемі368,9 Kb.
#68644
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
капилярлық құбылыс

«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ 
 
NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL 
UNIVERSITY» 

Жұғатын сұйықтардың капиллярларға тартылуы немесе жұқпайтын 
сұйықтардың капиллярлардан итеріліп шығарылуы капиллярлық құбылыстар деп 
аталады. 
Капиллярлық құбылыстар табиғатта және техникада үлкен рөл атқарады. 
Өсімдіктер көптеген капиллярлардан тұрады. Ағаштарда топырақтағы ылғал 
капиллярлардың бойымен көтеріліп, жапырақтар арқылы атмосфера буланады. 
Топырақта да капиллярлар болады, топырақ неғұрлым тығыз болған сайын, олар 
соғұрлым жіңішке. Су осы капиллярлармен жер бетіне көтеріліп, тез буланып кетеді 
де, жер қатып қалады. Көктемде жер жыртқан кезде, осы капиллярлар бұзылып, 
топырақ бетіндегі ылғал сақталып қалады. 
Техникада да көптеген жағдайларда осы капиллярлық құбылыстарды ескеруге 
тура келеді.
Капилярлық құбылыс 
Капилярлық құбылыс- (латынша «капиллариус – өте жіңішке, қылдай») – бір-
бірімен араласпайтын орталардың шекарасында беттік керілудің әсерінен пайда 
болатын физикалық құбылыстар. Басқа сұйықпен, газбен немесе өзінің буымен 
шекаралас сұйық бетінің иілуі (ойыс немесе дөңес болуы) де капиллярлық 
құбылысқа жатады.Сұйық бетінің иілуі салдарынан, онда қосымша капиллярлық 
қысым (∆р) пайда болады. Бұл қысымның шамасы беттің орташа қисықтығы Лаплас 
теңдеуіменбайланысқан: ∆р = р1 – р2 = 2σ12/r, мұндағы σ12 – екі ортаның 
шекарасындағы беттік керілу, р1 және р2 – сұйықтағы 1-ортадағы және онымен 
жанасқан 2-ортадағы қысым, r – беттің орташа қисықтық радиусы. Сұйықтың ойыс 
бетінің (r<0) астындағы қысым теріс таңбалы (∆р<0), ал дөңес бетінің (r>0) 
астындағы қысым оң таңбалы (∆р>0) болады. Шекаралық бет жазық (r=∞) болса, 
сұйыққа қосымша қысым әсер етпейді (∆р=0). Бұл құбылыс молекулааралық 
өзараәсерлесу күші мен сыртқы күш (негізінен ауырлық күші) әсерінен болатын 
сұйық бетінің тепе-теңдігі мен қозғалысының кейбір түрлерін де қамтиды. Сыртқы 
күш әсер етпесе немесе ол басқа күшпен теңгерілсе, сұйық беті жазық болмай, 
Мысалы, салмақсыздық жағдайындағы шектелген сұйық көлемі беттік 
керілудің әсерінен шар тәрізді пішінді қабылдайды. Бұл жағдайда сұйық орнықты 
тепе-теңдікте болады. Өйт- кені, көлемдері бірдей геометриялық денелердің 
ішіндегі бет ауданы ең кіші болатын дене – шар. Едәуір мөлшерде алынған 
тұтқырлығы аз сұйық, өзі құйылған ыдыстың пішінін қабылдайды. Тартылыс күші 
беттік керілудің әсерін жеңетіндіктен, мұндай сұйықтың бос беті ж а з ы қ болады. 
Бірақ сұйықтың массасы кеміген сайын беттік керілудің әсері артады. Сұйықты газ 
ішіне бүріккенде немесе газды сұйықпен араластырғанда шар 
тәрізді 
ұсақ 
тамшылар немесе көпіршіктер пайда болады. 
Қатты денемен жанасқан сұйық бетінің пішініне жұғу құбылысының едәуір 
әсері болады. Сұйықтың қатты денеге жұғуы үшін, сұйық пен қатты дене 
молекулалары 
арасындағы 
ілінісу 
күші 
сұйық 
молекулаларының 
өз 
арасындағыілінісу күшінен артық болуы қажет. Сұйық а – капиллярлық қысымдар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет