Жүре пайда болған жүрек ақаулары балалардың өмір сүру барысында дамитын қақпақша аппаратының бұзылысы. Балалардың жүре пайда болған ақауларының көпшілігі ревматикалық қызбаның әсерінен туындайды.
клапан аппаратындағы склеродегенеративті (атеросклеротикалық) процестер
Митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі эндокардиттің, оның қайталауының салдарынан дамитын митральды қақпақшаның ақауы немесе мүкістігі. Гемодинамикалық тұрғыдан қарағанда қосжармалы қақпақшаның систола кезінде сол қарыншадағы аортаға кететін қанның біразын кері қарай, сол жүрекшеге қайта жіберіп қоюы. Қақпақшаның жарамсыздығы әуелгі уақытта жүректің артық жұмысымен компенсацияланып жүреді, бірақ жүрек күші азайғанда кіші қанайналыс шеңберіне, әсіресе өкпеге ауыртпалық көбейіп, жалпы қанайналыс бұзылады.
Клиникасы:
Клиникасы:
Жүрек ұшында жақсы естілетін үрлеген, систолалық шу, I тон дыбысының әлсіреуі, жүрек көлемінің солға және жоғары қарай кеңеюі. Ауруды жатқызып не тұрғызып тыңдағанда шу күші бірдей естіледі, дене қимылы көбейгенде үдей түседі.
Ақауды қақпақшаның морфологиялық өзгерістеріне қарай 3 дәрежеге бөледі. 2-3 дәрежелі митральды қақпақшаның жетіспеушілігінде жүрек жұмысының нашарлауы, митральдық регургитация артуы мен қанайналыстың бұзылуына сай ауру балада ентігу, жөтел пайда болады, бірте-бірте жүректің оң жағынада ауыртпалық түседі.