Амалбекова Гульмира Амалбековна
Баялиев Улугбек Абдусаматович
Тажиев Абдирашид Абдимажитович
Маханова Айнур Таджибаевна
АБАЙ МЕН ƏЛ-ФАРАБИ
ƏДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ
Мазмұны
Кіріспе ......................................................................................................... 3
1 Абай мұраларының педагогикалық құндылығы .................................. 5
2 Орта мектепте «Абайтану» курсын оқытудың ерекшеліктері ............ 18
3 Орта мектепте «Абайтану» курсын оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар ......................................................................................................... 36
4 «Абайтану» курсы бойынша үлгілік сабақ жоспары ........................... 40
Қорытынды ................................................................................................. 64
Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................... 66
Қосымша ..................................................................................................... 68 84
Кіріспе
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық. Абай – ұлы ұстаз-кемеңгер. Абай тақырыбы – мәңгілік тақырып. Абай тақырыбы – таусылмайтын телегей теңіз. Ел президенті Н. Ә Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында (1995) сөйлеген сөзінде айтқан мына салиқалы ойы кімге болса да бағыт берері сөзсіз:
«...Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйткені, жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен. Абайды оқып отырып-ақ, көштің басын баяғыда-ақ жөнге салып алуға болатын еді. Сорлатқанда біреудің уақыты жетпейді, біреудің ұғымы жетпейді, біреудің атымен зауқы жоқ. ...Қазіргідей заманда Абай жырларына айына емес, аптасына емес, күніне бір үңіліп қоймай болмайды. Сонда жан қинап жүрген қай күмәннің де бәріне жауап таба аласың». Бұл сөздер әрбір адамның дұрыс жетілуіне кепіл болатын, қоғам өмірінде басшылыққа алатын бағдарламалық ойлар тәрізді [1].
Абай әлемінің бар құдіреті мен болмысын, құпиясы мен сырын жете таныту арқылы қазақ халқының мәдени келбетін, қадір-қасиетін, шыққан биігін, рухани жетістіктерін ұрпақ санасына сіңіру. Абайды оқыту арқылы жаңа биіктерге көтерілу, рухани өсіп-өркендеген іргелі еліміздің елдік белгісін биік дәрежеге көтеру. Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген саласының бірі. Жүз жылдан астам тарихы бар Абай мұрасының зерттелу тарихына көз жіберсек, баспасөзде ресми түрде 1889 жылдан басталып, бүгінде қазақ мәдениетінің, ғылымының дәстүрлі, тамырын тереңге жайған үлкен саласына айналды. Абай мұрасының бірегей білгірі академик М.Әуезов: «Абайды танудың басы, алғашқы адымдары революциядан бұрын басталған. Бұл жөнінде Абайдың ақындық еңбектері үш түрлі боп жайылып тұрғанын еске алу керек. Бірінші жолы – баспа арқылы тарауы; екіншісі – халық арасына ауызша жатталып, әнмен аралас тарауы; үшіншісі – қолжазба түрінде әр көлемді жинақтар болып, көшіріліп таралуы», - дейді
[2, 16-б.].
«Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының, әдебиет тарихының үлкен бір саласы»[3, 24-б.].
Қазақ әдебиеттану ғылымының үлкен бір арнасы – абайтану бүгінгі күні тамырын тереңге жайған алып бәйтерекке айналған саласы. Ұлттық әдебиеттану ғылымының, қазақ әдебиеті тарихының үлкен бір саласы – абайтану – ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы, ойшылдық, қоғамдық-саяси, эстетикалық көзқарастары, имандылық мұраттары, қазақ поэзиясындағы өлең 4 жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, сазгерлік мұрасы туралы еңбектерді қамтитын іргелі ілім. Алғаш ақынның көзі тірісінде 1889 жылы «Дала уалаяты» газетінде жарияланған екі өлеңінен бастап таныла бастаған Абай мұрасының ғасырдан аса тарихы бар. Абайтанудың тарихын жазған ғалым М. Мырзахметұлы оны үш салаға бөледі: «Бiрiншi кезеңi, яғни абайтанудың алғашқы дәуiрi ресми түрде баспасөз бетiнде 1889 жылдан басталып 1934 жылмен аяқталады. Екiншi кезеңi 1934 жыл мен 1961 жыл аралығындағы абайтанудың Мұхтар Әуезов бастаған соны танымдардың заманымен аяқталады. Үшiншi кезең 1961 жылдан кейiнгi Абай мұрасын тереңдей танып зерттеу дәуiрiмен жалғасады. Яғн и ұлы ақын мұрасы жолында абайтану мен абайтанудың тарихы деп аталатын екi ғылыми арнаның пайда болуын көрсетедi» [4, 8-б.]
. Қазақ әдебиетінің тарихында еліміздің тәуелсіздік арнасына түскеннен кейінгі кезеңі өзіндік даму бағытымен, көркемдік ізденістерімен ерекшеленеді. Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа бір қырынан, барлық салада қарастырыла бастады. Ұлы ақын мұрасын танып білуге арналған ғылыми мақалалар, монографиялық зерттеулер, текстологиялық талдаулар, әртүрлі деректер саны жыл өткен сайын молығып келеді. Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы зерттеушілердің аты-жөні мен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып , Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді. Тек еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайында ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды. Осы кезеңнен бастап, абайтану ғылымы жаңа бағытқа қарай бет бұрып, жаңа көзқараспен зерттеле бастады. Бүгінгі таңда Абайды тану, жас ұрпаққа насихаттау, ақынның асыл мұрасын әр тараптан зерттеп, Абайтану ғылымының керегесі кеңи түсуіне үлкен игі істер атқарылуда. Абайға арналған аймақтық, республикалық, халықаралық дәрежедегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, түрлі әдеби-мәдени шаралар ақын мұрасын жас ұрпаққа үлгі етуді көздейді. Абай мұрасы – Адамды адам етіп тәрбиелеудің қайнар бұлағы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы М. Құл-Мұхаммед 2012 жылғы 27 сәуірде бекіткен «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012 -2013 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 42 -тармағына сәйкес жалпы білім беретін ұйымдарда «Абайтану» таңдау курсын енгізу мәселесіне орай Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі №115 бұйрығымен (113-қосымша) бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің 9-11-сыныптары үш ін «Абайтану» курсының типтік оқу бағдарламасын әзірледі. Жүз жылдан астам уақыт өтсе де ешбір үздіксіз, үнемі дамып, жетілу үстінде келе жатқан абайтану ғылымын одан әрі дамыта түсу – бізге қойылар басты міндет
Достарыңызбен бөлісу: |