Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет1/8
Дата15.12.2023
өлшемі351 Kb.
#139793
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дип.-З.-Ахметовтің-«Абайтану»-ғылымы-саласындағы-еңбектері


Ф-ОБ-001/033



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ


ШЫМКЕНТ ИНСТИТУТЫ

« ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ » КАФЕДРАСЫ


Д И П Л О М Д Ы Қ
Ж Ұ М Ы С
Кафедра мәжілісінде талқыланып,
28.04.08 жылы қорғауға ұсынылды
кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Бекмырза С.
Тақырыбы: З. Ахметовтің «Абайтану» ғылымы саласындағы еңбектері


Орындаған: 310-54 тобының студенті Назарова С.
Ғылыми жетекшісі:ф.ғ.к., доцент Бекмырза С.

Шымкент 2008


Мазмұны


Кіріспе
І-тарау. Қазақ әдебиеті және З. Ахметов
1.1. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
1.2. З. Ахметовтің өмірі мен шығармашылығы
ІІ- тарау. З. Ахметов және Абайтану ғылымы

2.1. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен зерттелу тарихы.


2.2. З. Ахметовтің «Абайтану» ғылымы саласындағы еңбектері
III. Қорытынды


IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақ әдебиетінің кеңес дәуірінде өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан және Абайтану ғылымы саласында өзіндік із қалдырған негізгі өкілдерінің бірі- З. Ахметов. Ғалымның қазақ әдебиетіндегі алатын орнын, жеткен жетістігін, шыққан биігін, өзіндік қасиетін жарыққа шығарып, өскелең ұрпаққа паш ету бүгінгі жас ұрпақтың еншісінде десек, біздің бүгінгі ғылыми жұмысымыз осындай ірі жұмыстың бір шеті ғана болып табылады.
Жұмыста З. Ахметовтің қазақ әдебиетіне сіңірген еңбектері және оның маңызы тұрғысында сөз болады. Ғалымның Абайтану ғылымындағы жемісті еңбектері жинақталып нақтыланады және маңызы айқындалады.
Зерттеудің өзектілігі.
Біздің ғылыми жұмысымызда бүгінгі таңда зерттеу әлі де қолға алына қоймаған, кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінде жемісті еңбек еткен, артында мол мұра қалдырған ірі тұлға З. Ахметовтің салған сүрлеуін жарыққа шығару. Осының негізінде төмендегідей міндеттердің шешімін табуға талпындық:

  1. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізгі көрсеткіштері,

  2. З.Ахметовтің қазақ әдебиетіндегі өзіндік салған сүрлеуі,

  3. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы,

  4. З. Ахметовтің Абайтану ғылымындағы өзіндік қолтаңбасы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет