Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Тіл – мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен



Pdf көрінісі
бет91/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   105
Тіл – мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен 
жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 
8-бап. Тілдердің қолданылуы
Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік орган-
дарының, ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару 
органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі болып та-
былады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тіл 
және қажет болған жағдайда басқа тілдер қолданылады.
9-бап. Мемлекеттік органдар актілерінің тілі
Мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, 
қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкіндігінше, басқа тіл-
дерге аударылуы қамтамасыз етіле отырып, оларды әзірлеу орыс 
тілінде жүргізілуі мүмкін.
 10-бап. Құжаттама жүргізу тілі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесінде, 
ұйымдарында, меншік нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, 
қаржы және техникалық құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде 
және орыс тілінде қамтамасыз етіледі.


210
11-бап. Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап 
тілі
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың 
өтініштері мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемле-
кеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі.
12-бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғану органдарындағы 
тіл
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, сондай-ақ 
әскери және әскерилендірілген құрамалардың барлық түрінде, 
мемлекеттік бақылау мен қадағалау, азаматтарды құқықтық қорғау 
ұйымдарында және құқық қорғау органдарында мемлекеттік тілдің 
және орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз етіледі.
13-бап. Сот ісін жүргізу тілі
Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргі-
зіледі, ал қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі не-
месе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады.
14-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет