Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


жетіп отыратын, ғасырлар бойында өңделген, сұрыпталған



Pdf көрінісі
бет33/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105
жетіп отыратын, ғасырлар бойында өңделген, сұрыпталған 
белгілі бір нормаға түскен, стильдік тармақтарға тарамдала-
тын, қоғам өмірінің алуан түрлі салаларында қолданылатын 
ұлттық тілдің ең жоғарғы формасы. 
3.1.2 Ауызекі сөйлеу тілі 
Ауызекі сөйлеу формасы кейде қарапайым сөйлеу тілі деп те 
аталады. Бұл оның күнделікті өмір, тұрмыс, сөйлеу дағдысына 
байланысты туындаған атауы. Шындығында, ауызекі сөйлеу фор-
масы бір жағынан әдеби тіл формасына, көпшілігінде диалектілік 
формаға қарама-қарсы қою арқылы анықталады.
Ауызекі сөйлеу тілінің қызмет етуі халықтың бұл күнде білім 
алу деңгейінің жоғарылауымен ауызша әдеби тіл формасы белгісі-
не қарай көбірек икемделуде. Қазіргі таңда ауызша әдеби тіл мен 
ауызекі сөйлеу тілінің арасындағы нақтылы айырмашылықтарды 
бөліп көрсету қиын. Осыған назар аударсақ, ауызекі сөйлеу тілі ди-
алектілерде сөйлеушілердің біртіндеп әдеби тілге ауысуының мін-
детін шешуде маңызды рөл атқарғандығын көреміз. Мұның мәнісі 
оның жаппай қолданылу қасиетіне ие болуынан байқалады. Ауыз-
ша әдеби тіл белгісіндегі ауызекі сөйлеу тілінің тұтынушылары – 
қалалардағы шығармашылық, ғылыми, қоғамдық ұйым мүшелері, 
педагог-интелегенция өкілдері, оқудағы жастар, сондай-ақ ауылдық 
және қалалық діни мекемелерде қызмет етушілер т.б. Ал ауызекі 
сөйлеу тілінің тұрақты сөйлеушілері болып табылатындар – ауыл 
интелегенциясын құрайтын мамандар, педагогтар, дәрігерлер мен 


58
мәдени-ағарту мекемелерінің қызметкерлері, ауылшаруашылық 
қызметкерлері мен жұмысшылары.
Ауызекі сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігі түрлі қарым-қатынас 
жағдаятындағы тұтынушылардың фонетикалық, лексикалық, 
морфологиялық және синтаксистік құрылыстарынан көрінеді. 
Осыларға қатысты аталған ерекшеліктері, әсіресе, өте жиі түрде 
лексикалық, синтаксистік және сирек түрде фонетикалық, кейбір 
морфологиялық деңгейлерде көрініс береді.
Функционалдық тұрғыдан ауызекі сөйлеу тілінің ерекшелік-
терін қысқаша мәлімет беруді мына бағытта жүргізу тиімді:
1.Қолданылу аясы (аймағы) – адамдармен, әсіресе таныс 
кісілермен еркін әңгіме кезінде қолданылады.
2.Сөйлесім мақсаты – қатынас жасау.
3.Стильдік ерекшелігі мына сияқты болуы мүмкін:
– еркін, даярлықсыз болуы;
тұрмыстық, қарапайым сөздер мен сөз тіркестерін қолдануы;
– айтушының көзқарасы сөйлемдерден, қолданылған сөздерден 
анық білінуі;
4.Тілдік құралдары:
– қарапайым сөздердің көп қолданылуы;
– эмоционалды сөздерді жиі қолдану;
– сұраулы, лепті сөйлемдердің жиі болуы;
– дауыс ырғағы арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді 
пайдалану;
– сөйлесім әрекетінің көбінесе диалогқа құрылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет