Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы


«Адам дүние есігін анадан туған кезде ғана бір-ақ рет ашпайды



Pdf көрінісі
бет19/40
Дата06.01.2022
өлшемі470,02 Kb.
#14860
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
«Адам дүние есігін анадан туған кезде ғана бір-ақ рет ашпайды.

Өмір адамды қайта-қайта жаңадан тууға мəжбүрлейді».

Габриель Маркес.

Есті кісі өзінен есеп алады!

Ұлы ақын Абай Құнанбаев өзінің он бесінші қара сөзінде:

«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір

мəрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен

өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай

өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды,

күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?» -- деген сөз бар.

Яғни мына өмірді мəнді-мағыналы, баршылықта, тоқшылықта өткізгісі

келген адам өзінен есеп алып тұруға əдеттенгені жөн.

Кез келген компания немесе кəсіпорын белгілі бір уақытта

мемлекетке есеп береді. Өткенін еске түсіріп, саралайды. Қанша пайда

таптым, оны қайда жұмсадым? деген сұрақтарға жауап береді. Олар

мұны, яғни жылына бір рет есеп беруді қалыпты жағдай деп санайды.



Ал адамдар ше? Адамдар өздерінің өміріне көз тастап, оның

есебін беріп жатыр ма? Əрине, жоқ. Тамағының барына, киіміінң

бүтініне мəз болып жүре береді. «Мен мына өмірге не үшін келдім?

Мақсатым қандай? Осы жасыма дейін не тындырдым? Алда нендей

шаруаларды атқаруым керек?» деген сұрақты қойып, өз-өзінен есеп

алмаған адам дамымайды!

Мысалды өзгеден іздемей-ақ, өзімнен алайын: мен міндетті түрде

жылдың басында өз-өзімнен есеп аламын. Менің бір жылдық

жоспарым қандай еді? Оны қаншалықты орындай алдым? Неге жеттім,

енді не қалды? Келе жатқан бағытым қандай? Осы сынды сұрақтарды

қойып, ойша атқарған шаруаларды саралаймын. Саралай келе

бойымдағы кейбір кемшіліктерді байқаймын, сонымен күресу

жолдарын қарастырамын. Есеп бере отырып жаңа жоспарлар пайда

болады, соны орындауға белсене кірісіп кетемін. Міне, өмір деген –

осындай! Сондықтан есеп алып үйреніңіз!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет