Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы


«Жоспарсыз жұмыс істеу -- ағыссыз жүзумен тең»



Pdf көрінісі
бет27/40
Дата06.01.2022
өлшемі470,02 Kb.
#14860
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
«Жоспарсыз жұмыс істеу -- ағыссыз жүзумен тең».

Халық даналығы.

Жоспарсыз адам қара жердегі қаңбақ тəрізді

Адамның өмірі өзгерістерден жəне күрт өзгерістерден тұрады. Сол

өзгерістерге кейде бір адамның əрекеті əсер етсе, кейде бір ауыз сөз

басқалай өмір сүруіңне себепші болары шындық! Ал, менің өмірімді

өзгертіп қағазға жазылған нақты жоспар мақсатсыз жылды да, күнді де

бастамауыма себепші болған сөз ол ―Адам өзіне табыстар мен

жетістіктерді жоспарламаса, өмір оған еш қиындықсыз сəтсіздік пен

кедейлікті жоспарлайдыǁ. Міне, көп адамның ақшасының аз болып,

өмір сүру стиліне көңілі толмай таршылықта өмір сүруіңің ең негізгі

себептерінің бірі, ол адамдардың табысты болымын деген нақты

жазылған мақсаты да, қалай жетемін деген жоспары да жоқ! Барі

―простаǁ салынар үйдің сызбасында баспалдақ болмаса, салынған

үйде ол қайдан болсын! Сонымен қатар жоғары да айтып кеткенімдей

сізде мақсат жоспар болмаса сізге ұнасын, ұнамасын Сіз мақсат

жоспары бар адамдардың ойлағанын іске асыруына көмекші боласыз!

Не үшін, ӨЙТКЕНІ СІЗДІҢ УАҚЫТЫҢЫЗ БОС! Теледидары кім көреді,

өсекті кім айтады, əлеуметтік парақшаларда кім отырады, Əрине

уақыты бос адам отырады. Ал, теледидарғы сериал мен жарнаманың

мақсат жоспары көрермен мен клиент тарту, əлеуметтік

парақшалардың жоспары адам жинап ақша табу, өсекшілердің

жоспары ішіндегісін айтатын тыңдаушы табу т.б. Мені жек көріп

кетсеңізде айтайын, жоспарыңыз жоқ па, Сіз мақсат жоспары бар




адамдардың ниетін орындауға көмектесетін құралы болып жүрсіз!

Осыны есте ұстаңыз!!! Екіншіден өмірліқ мақсат жоспары жоқ адамдар

тура қаңбақ сияқты анда мында жүре береді. Қаңбақты сайдан сайға

жел айдаса, мақсат жоспарсыз адамды өмірлік жағдайлар айдайды.

Қанбақтың бүнгін мына сайда ертең ана сайда жүретіні секілді, нақты

өмірлік жоспар мақсаты құрылмаған адам осы жылы менеджер, екі

жылдан кейін мұғалім, үшінші жылы журналис болып жүре береді. Ал

жоспарсыз кəсіпкерге келсек, бүгін ет сатса, ертең концерт

ұйымдастырып тағы да басқа да бір біріне қатысы жоқ жобалармен

айналысып жүруі мүмкін. Мұндай қаңбақ сияқты істен іске секіре

беретін адамдар үлкен жетістікке жете алмайды! Неге десеңіз, Бір іс не

бір жоба бойынша үлкен нитиже шығарып ел мойындайтын шын

шебер болу үшін, ол жұмысқа кемінде он мың сағат орта есеппен жеті

он жыл шамсында уақыт бөлінуі керек! Бұл сарапшы ғалымдар пікірі.

Сонда ғана таңдап алған сала бойынша таңғажайып жетістіктерге

жетуге болады. Американдык бизнес мотиватор Брайн Трейсидің

сөзімен айтсам ―Өмірлік нақты жазылған мақсат жоспарыңызға жетуге

көмтеспейтін заттардың бəріне жоқ деңіз, таңдап алған ісіңізге

тиянақты болыңызǁ!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет