Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы



Pdf көрінісі
бет30/40
Дата06.01.2022
өлшемі470,02 Kb.
#14860
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40
Тұлға – Əрекет – Нəтиже!

Жоғарыда көрсетілген сызба, ол - біздің күнделікті өмірде көп

қолданатын, ұстанатын формуламыз. Яғни, істі бастаймын, көп

кешіктірмей нəтиже шығарамын, нəтижеме қарай тұлғалық білімім

қалыптасады деген түсінік. Ал енді сол формуланың іс жүзіндегі

нəтижесіне баса назар аударсақ.

Қазақта: «Бала көрмеген уалап өлтіреді, қой көрмеген қуалап

өлтіреді», -- деген жақсы сөз бар. Соның мысалы ретінде осыдан 8-9

жыл бұрынғы жағдайды айтайық: АҚШ - ҚР банктері – Халық2004-2008



жылдары Қазақстанда банктердің несие беру, халықтың несие алу

кезеңі болды. Оның нəтижесін мен айтпасам да барлығымыз білеміз.

Бизнес жүргізу жағынан сауаты жоқ адамдар көптен қалыспай «істеп

жүріп-ақ үйреніп кетемін» деген ұстаныммен өз ісін ашуға банктерден

несие алды. Іс бастамады емес, бастады. Той да жасады, автокөлік те

алды. Ұзын сөздің қысқасы, білімінің аздығынан, қабілетінің

болмауынан көптеген адам банк ақшасын өз ақшасындай көріп,

шығындарға мəн бермеді. Екіншіден, кəсіптен қалай нəсіп көру жолын

білмегендіктен, үшіншіден, "істеп жүріп-ақ үйренермін" деген ойдың

нəтижесінде алған несиесін қайтара алмай тығырыққа тірелді. Банкке

кепілге қойған үйден айырылып, үйсіз қалып жатқандар да жетерлік.

Ал енді халыққа берген несиесін қайтара алмай тығырыққа тірелген ҚР

банктері АҚШ банктеріне қарыз болудан басқа жолы қалмады. АҚШ

банктерінен несиені текҚазақстан банктері емес, басқа мемлекеттердің

де банктері алды. Олардың да алған несие пайыздарын уақытылы

қайтарып тұруға мүмкіндігі болмады. Нəтижесінде АҚШ-тағы бірнеше

жылдық тарихы бар екі банк əлем нарығынан ысырылып тасталды.

Яғни, тоқырауға түсіп, өз жұмыстарын тоқтатты.

Міне, өзіңіз көргендей, білімсіздіктің нəтижесі неге душар етті?

Ешкім де істеп жүріп үйреніп кеткен жоқ! «Қазақстан» телеарнасының

тілшісі бірде менен: «Аманжол мырза, бүкілəлемдік қаржы дағдарысы

не себепті пайда болды? Сіздің ойыңыз қандай?» - деп сұрады.

Мен: «Əлемдік қаржы дағдарысын тудырған бірінші себеп, ол - ой мен

білім дағдарысы. Егер де несие алған əр адамның қаржы, бизнес

саласында терең білімі болса, істері алға жүріп, кіріс көлемі пайда

болар еді. Қазақстан бойынша несие алған адамдардың 70пайызы




бүгінгі күні тоқырауда отыр», - дедім. Сондықтан да, іс бастамас бұрын

ол істі қандай адам істей алады, оның білім деңгейі қандай болуы

керек, барлығын саралау қажет. Саралай келе, сол қабілет пен

қасиеттерді өз бойымызда дамытуға тиістіміз. Яғни, жоғарыда

көрсетілген сызба бізге көп пайда бере алмайды. Мен сізге

жеңімпаздар, миллионерлер ұстанатын сызбаны ұсынайын:

Тұлға - Əрекет - Нəтиже

Жауап беріңізші, жылына 1 000000 АҚШ долларын кім табады?

Əрине, миллионер табады. Егер де миллион табу арманыңыз болса,

миллионерге тəн қабілет-білімдерді жинақтап, өз бойыңызда

дамытыңыз.

Қысқасын айтқанда, миллионерлік тұлғаны

қалыптастырыңыз. Адамның білімі, қабілеті қандай, əрекеті де сондай.

Əрекетке қарай нəтиже.

Көз алдыңызға «Жигули» маркалы көлікті елестетіңізші, оның

«газын» қанша тырысып барынша жылдамдыққа салып бассаңыз да

«Мерседес» автокөлігі секілді жүре алады ма, əрине, жоқ! «Мерседес»

маркалы автокөлік секілді көпшілікті таңдандыра, өзіне сүйсінте қарата

алады ма, əрине, жоқ! Өйткені Жугули Мерседес болу үшіні іш

құрлысын толық өзгерту қажет. Бұдан шығар қортынды, сіз өзіңізді

өзгертпейінше өмірде үлкен жетістікке жете алмайсыз. Жетістіктің қия

шыңынан көрінгіңіз келсе алдымен өзіңізді өзгертіңіз, ішкі жан-

дүниеңізді дамытуға күш салыңыз.

Ал енді кризистен шығу үшін тұлға өз бойындағы қандай

қасиеттерді дамытуы тиіс? Осыған тоқталайын.

Ең бірінші, адам өзінің мақсаткерлік қабілетін дамытуы тиіс.




Екіншіден, бір нəрсеге тоқталу, яғни алдына үлкен мақсат қойып, бар

күш-жігерін тек соған ғана жұмсауды үйренуі қажет. Үшіншіден,

еңбекқорлық жəне шапшаңдық қасиетін шыңдауы керек. Одан кейін

адамдармен тіл табысу қасиетіне мəн берсін. Қандай жағдай

болмасын сабырлы болуға үйренгені жөн. Əр күнді, əр сағатты

жоспармен өткізуге дағдылансын. Сосын өз саласы бойынша кəсіби

біліктіліктерін жетілдіруі тиіс. Міне, осы қасиеттеріңізді шыңдап,

дамытып алсаңыз, онда əрекет етуге көшу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет