Аманкелді аманкелді



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата30.12.2016
өлшемі1,74 Mb.
#796
1   2   3   4   5

Айтбай СƏУЛЕБЕК,

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқармасы Төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы 

Президенті жəне Қазақстан Журналистер Одағы сыйлықтарының лауреаты

4

Бас редакторы -  Х.Қ.МҰСАБАЕВ

Газет  ҚР Мəдениет жəне Ақпарат Министрлігінде 2014 жылдың 17 сəуірінде 

қайта  тіркеуден  өткізіліп,  №14308-Г  куəлігі    берілді.  Газет  «Қостанай - по-

лиграфия»  ЖШС-нің  баспаханасында  басылады.  Редакция  оқырман  хатта-

рына  жауап  бермейді,  оны  қайтармайды.  Жарнама  мен  хабарландырудың, 

құттықтаудың мəтініне редакция жауап бермейді. Газетте жарияланған автор 

пікіріне  редакция  көзқарасын  білдірмейді.  Компьютерлік 3 беттен  асатын 

материялдар  қабылданбайды.  Мақалалар  компьютерде  теріліп  редакцияға 

электронды вариантта жеткізілуі тиіс. Түсініксіз қолжазбалар қабылданбайды. 

Аптасына 1 - рет шығады. Көлемі екі баспа табақ. Таралымы - 1926 дана.  

Тапсырыс -  2385

        Мекен-жайымыз:  Аманкелді  селосы,  Б.Майлин  көшесі 14,  2- қабат, 

Телефондар: (8 714-40) 2-38-10. 2-10-57.

110200. Меншік иесі : «Аманкелді арайы»  газеті редакциясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі



8

amangeldy-arai@

mail.ru

№ 45  (7635)

14 қараша 2014 жыл

Ш О Ғ А Й Н А

Ш О Ғ А Й Н А

 

   ҚР ƏҚБт кодекстің 249 бабында ескерту немесе жеке тұлғаларға 



үш айлық, ал лауазымды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш 

мөлшерінде  айыппұл  салынса, 2015 жылдың 1 қаңтарынан 

бастап  осы  кодексінің  осы  мазмұны 336-бабына  өзгертіледі, 

яғни өнеркəсіп жəне тұрмыстық қалдықтарды жинап қою мен 

жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау жəне өрт қауіпсіздігі 

жөніндегі талаптарды сақтамау – ескерту жасауға немесе жеке 

тұлғаға - 3, лауазымды  адамдарға - 20, шағын  кəсіпкерлік 

субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 40, орта 

кəсіпкерлік субъектілеріне - 70, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне  - 

120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп 

соғады.  

      Қазақстан  Республикасы  Əкімшілік  құқық  бұзушылық 

кодексінің 312-бап.  Өрт  қауiпсiздiгi  ережелерiн  бұзу  неме-

се  орындамау - бұл,  ескерту  жасауға  немесе  жеке  тұлғаларға 

-  айлық  есептік  көрсеткiштiң  үшке  дейiнгi  мөлшерiнде,  ла-

уазымды  адамдарға,  дара  кəсiпкерлерге,  шағын  немесе  орта 

кəсiпкерлiк  субъектiлерi  болып  табылатын  заңды  тұлғаларға-

жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерi 

болып  табылатын  заңды  тұлғаларға  елуге  дейiнгi  мөлшерiнде 

айыппұл  салуға  əкеп  соқса,  ал  осы  баптың 2 тармағында  өрт 

қауiпсiздiгi  ережелерiн  сақтауға  жауапты  адамның  оны  бұзуы, 

егер ол адам денсаулығына зиян немесе елеулi залал келтiрген 

өрттiң шығуына əкеп соқтырса, қылмыс құрамы болмаған кезде 

- айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл 

салуға əкеп соғады.

      Ал,  жаңадан  қолданысқа  еңгізілетін  ҚР  ƏҚБтК 410-бап. 

Өрт  қауiпсiздiгi  талаптарын  бұзу  немесе  орындамау–  ескерту 

жасауға  немесе  жеке  тұлғаларға – бес,  лауазымды  адамдарға, 

шағын  кəсіпкерлік  субъектілеріне  немесе  коммерциялық  емес 

ұйымдарға – он бес, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – жиырма 

бес, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш 

мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.        

          2.  Осы  баптың  бірінші  бөлігінде  көзделген,  əкімшілік 

жаза  қолданылғаннан  кейін  бір  жыл  ішінде  қайталап 



Төтенше жағдайлар хабарлайды:

ЗАҢДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ

жасалған  əрекеттер  (əрекетсіздік) – жеке  тұлғаларға – 10, ла-

уазымды  адамдарға,  шағын  кəсіпкерлік  субъектілеріне  не-

месе  коммерциялық  емес  ұйымдарға – 20, орта  кəсіпкерлік 

субъектілеріне – 30, iрi  кəсiпкерлiк  субъектiлерiне 100 айлық 

есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.

 3. Осы  баптың  бірінші  бөлігінде  көзделген,  адамның 

денсаулығына зиян немесе айтарлықтай залал келтiрген өрттiң 

шығуына  əкеп  соққан  əрекет  (əрекетсіздік),  қылмыс  құрамы 

болмаған  кезде – жеке  тұлғаларға – 10, лауазымды  адамдарға, 

шағын  кəсіпкерлік  субъектілеріне  немесе  коммерциялық 

емес  ұйымдарға – 20, орта  кəсіпкерлік  субъектілеріне – 30, 

iрi  кəсiпкерлiк  субъектiлерiне 50 айлық  есептік  көрсеткіш 

мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.

      Ескертпе.  Осы  бапқа  қатысты  əкiмшiлiк  құқық  бұзушылық 

жасаған  кезде 50 айлық  есептiк  көрсеткiштен  асатын  сома 

айтарлықтай мөлшердегi залал деп танылады.

        Қазақстан  Республикасы  əкімшілік  құқық  бұзушылық 

кодектің 460-бабы бойынша көлiкте өрт қауiпсiздiгi ережелерiн 

бұзу - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң 2-ге дейiнгi 

мөлшерiнде,  лауазымды  адамдарға 5-ке  дейiнгi  мөлшерiнде 

айыппұл салуға əкеп соғады. 

            Осы  баптың  бiрiншi  бөлiгiнде  көзделген,  əкiмшiлiк  жаза 

қолданылғаннан  кейiн  бiр  жыл  iшiнде  қайталап  жасалған  iс-

əрекеттер, - жеке  тұлғаларға - айлық  есептiк  көрсеткiштiң 

3-ке  дейiнгi  мөлшерiнде,  лауазымды  адамдарға 10-ға  дейiнгi 

мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 

    Осы аталған 460-бап алдағы 2015 жылы 589-бапқа ауысты-

рылады, ондағы мазмұны, көлiкте өрт қауiпсiздiгi қағидаларын 

бұзу - 5 айлық  есептiк  көрсеткiш  мөлшерiнде  айыппұл  салуға 

əкеп соғады.

        Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, əкiмшiлiк жаза 

қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған əрекет 

– 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп 

соғады.


   ҚР Президентінің 09.04.2014 жылғы №278 санды Жарлығына 

сəйкес, əрі-қарай жоспардың 19 тармағына сəйкес, осы аталған 

кодекстің  баптары 2015 жылдың 01 қаңтар  айынан  бастап 

қолданысқа еңгізіледі.       

АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ.

        Бүгінде  Аманкелді  селосының  кез-келген  жеріне  аяқ 

бассаң  алдыңнан  домалап  жатқан  бос  бөтелкелер  мен  бос 

баклашкалар шығады. Мейлі қай көше, мекемеге барсаңыз 

бəрінің  маңында  бос  бөтелкелер  мен  баклашкалар... 

Арақтың, сыраның бөтелкелері шіреніп жатады. Ал баклаш-

калар болса жел соқса ығына қарай домалай береді...

        Бір  қызығы  бұл  бос  бөтелкелер  мен  баклашкаларды 

көшеге кім тастайтынын не олай-бұлай өткен бір жүргінші 

көрмейді, не бір полицейлер мен мекеме, кəсіпорын басшы-

лары көрмейді. Əрине, бір пенденің көрмеуі мүмкін емес... 

Көбі «Көрдім деген – көп сөз, көрмедім деген – бір сөз» деп, 

тіптен тіс жармайды.

       Дұрысы ешкім: «көрмейді, білмейді». Тілі удай бір ақсақал 

айтады: «негізі  осы  бос  бөтелкелер  мен  баклашкаларды 

біздің  ауданға  не  арқалықтықтар,  не  торғайлықтар  желді 

күні домалатып жіберетін секілді. Желдің ығымен қаңбақтай 

ұшып келіп, көшелерімізге, аулаларымызға, мекемелер мен 

кəсіпорындардың, мектептер мен балабақшалардың маңына 

келіп жата кететін сияқты».

      Оның сөзіне сенбеуге болмас. Оларды жел жетелеп əкеле 

ме, əлде сол долы жел бар екпінімен аспанға көтеріп, үйме-

жүйме  қалпында  ел  көрмейтін  қараңғы  түнде  төбеден  топ 

еткізе ме екен?

     Тағы бір қызығы арақ пен сыраның, шараптың сол бос 

бөтелкелері мен бос баклашкалар оларды ауыздарынан ал-

майтын  кісілердің  үйлерінің  жанына  жиналады.  Əрине, 

олар  өздері  жинала  қоя  ма?  Əлде  іштеріндегі  бірі  қызулы, 

бірі  ащы  суларды  ішкендер  өз  үйлерінің  маңайына  тастау-

ды  ұмытып  кетіп,  көршілерінің  үйлерінің  жанына  немесе 

көшеге əдейі лақтырады ма екен?

     Уа, ағайын! Бұл фактілерге сенбесеңіздер селомыздың 

кез-келген көшесіне, сол көшелердегі əр үйдің маңына жи-

налып барып, көз жүгіртіңіздерші?

          Тегінде  осы  біз  қайда  кетіп  бара  жатырмыз?  Орыс-ор-

ман дей қоятындай олар жоқтың қасы. Шылғи қазақтармыз. 

Бұрын Тəуелсіздікке дейін əлгілерден көріп келіп едік. Енді 

не  бетімізді  айтамыз?  Кімнен  көреміз?  Қайта  мың  рахмет, 

«Аманкелді арайының» сын-сықақ бұрышы

БОС БӨТЕЛКЕЛЕР, БАКЛАШКАЛАР...

жұмыссыздар сол сансыз бос бөтелкелер мен баклашкалар-

ды  таңның  атысынан  күннің  батысына  дейін  жинап  əлек. 

Бірақ олар бəрін қайдан жинап үлгірсін? Бос бөтелкелердің 

шашылмай  жатқан  жері  жоқ...  Олар  көзге  күйік  болып, 

ауылдың ажарын, көшенің көркін, селоның сəнін кетіріп, есі 

барды есеңгіретіп жүр ғой.

        Бұл  берекесіздік  осылай  жалғаса  бермек  пе?  Селолық 

əкімдік пен халық сайлаған депутаттар бір иешілік жасамаса 

болмас.

    Əне, шашылған бос бөтелкелер...



    - Сіз бұларды көрмейсіз бе? - деді бір жігіт егделеу кісіге.

    -  Қарағым,  мен  қайдан  көремін?  Кейде  аспанға  қарап 

жүремін. Кейде аяғымның астына қарап жүремін, - деді ол.

    -  Масқара-ай, - деді бір ардагер қария,

    -  Масқара-ай  дегенше,  ақсақал  болып  жұртты  берекелі, 

ынтымақты  іс  қылып,  көрінген  нəрсені  көшеге  шашпауға 

шақырмайсыңдар  ма?  Бəтуəсіз  бос  əңгіме  айтқанша,  тит-

тей де болса бір іс тындырмайсыңдар ма? – деді бір ардагер 

əжей.

   Қария ұялғаннан үндей алмады. Көзімен жер шұқыды.



   Ал ардагер əже болса қарияға:

  -  Осының  бəрі  сендердің  қарияға  тəн  тəрбие  жұмысын 

жүргізбегендеріңнен болып отыр. Мына берекесіздіктің бəрі 

осы бəтуəсіздіктен болып отыр! - деді.

      Ақсақалдың  ұялғаны  соншалық  біразға  дейін  орнынан 

қозғала алмай қалды. Сон-соң барып:

   - Əй, ардагер замандас, бізге мына мен секілді шалдарға 

айтқан бұл уəжіңнің бəрі орынды. Бірақ ұрпақтарымыздың 

берекесіздігіне  біз,  шалдар  ғана  емес,  сендерден  де 

жауаптысыңдар...  Сендер  де  ас  пен  тойға  барғанда  шулап, 

сөз  тыңдамайсыңдар.  Сондықтан  енді  осы  берекесіздіктен 

алдымен  біз  тиылсақ,  жастарды  тəртіпке  шақырсақ,  олар 

келеңсіздіктерден арылады ғой, - деді ақсақал.

  -  Дұрыс айтасың! - деді ардагер əжей.

   Уа, ағайын! Кім болсаңыз да, босаған бөтелкелеріңіз бен 

баклашкаларыңызды көшеге шашпаңызшы!



Нұржан ИМАНБАЕВ.  

ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАНЫЛСЫН

  

Аманкелді селосының тұрғыны Чапай Алпысбайұлы Тұрсыновтың 



«Фольцваген Т-4» автомашинасы тіркемесінің мемлекеттік номері 

061 ВВА 10 жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.



ҮЙ САТАМЫН

 

6 бөлме (бөлмелері үлкен), монша, гараж, жазғы үй, сеновал, са-



рай, кең аула, үлкен бақша, мал ұстауға барлық жағдай жасалған. 

Станция  Озерное  (село  Московское),  Мельничная  көшесі 16 үй, 

тел: 8-702-66-222-05; 8-707-3637-131. 8000S. Саудаласамыз.

   «Нұр Отан» партиясы Аманкелді аудандық филиалын-

да 19 қараша  күні  сағат 10.00-де  Аманкелді  аудандық 

тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  басқармасы  РММ 

басшысы А.М.Оспанбек қоғамдық қабылдау өткізеді. 

«Нұр Отан» партиясы филиалы хабарлайды

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТЕДІ

2014 жылдың IV-тоқсаныңда «Амангелді ауданы əкімдігінің жер қатынастары бөлімі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

жеке жəне заңды тұлғаларды қабылдау КЕСТЕСІ

ГРАФИК ПРИЕМА Физических и представителей юридических лиц в Государсвенное учереждение «Отдел земельных 

отношений акимата Амангелдинского района» на IV-квартал 2014 года.



СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: 21-2-76 Қостанай облысы «Амангелді ауданы əкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ Б.Майлин көшесі 14

Азаматтарды қабылдау жүргізетін 

тұлғаның тегі-аты-жөні

Азаматтарды қабылдау 

жүргізетін тұлғаның лауазымы

Қабылдау күні уақыты телефоны

Кенжебеков Қыйлынбек Қайдарұлы

 бөлім басшысы

Бейсенбі. сағ: 15-00-17-00.   8(71440)21276

  Тілек  білдірушілер:  жолдасы  Сəбитбек,         



балалары  Саягүл,  Ботакөз,  Раушан,  Қымбат,  күйеу  баласы 

Амангелді жəне туған-туыс, бауырлары.  

Құттықтаймыз!

        Аяулы  анамыз  Мухатина  Нұрсұлу  Қуанышбайқызын 

жəне  сіңліміз  Темірбай  Қымбат  Сəбитбекқызын  туған 

күндерімен құттықтаймыз. 

        Жалған  дүниенің  есігін  ашқаннан  бастап  бағып-қағып, 

мəпелеп  өсіріп,  ешкімнен  қалдырмай,  осы  күнге  жеткізген, 

біздің  əрбір  еркелігімізді  көтере  білген  Жан  ана,  біз  Сіздің 

алдыңызда  мəңгі  қарыздармыз.  Жүзіңізден  шуақ  кетпей, 

біздің  ортамызда  күліп-ойнап,  шаттыққа  кенеліп,  бақытқа 

бөленіп  жүре  беріңіз.  Ал  сіңлімізге  тілеріміз:  Өмірдегі  бар 

жақсылық  атаулының  бəрі  сенің  бойыңнан  табылсын!  Ең 

бастысы  мықты  денсаулық,  қажымас  қайрат,  талмас  талап 

тілейміз!  Аспаның  əрдайым  ашық  болып,  жұлдыздарың 

биікте  жарқырасын!  Ата-анаңның  үмітін  ақтап,  биік  беле-

стерден көріне бер!



Əрқашан да күліп жүрші, анашым,

Жан жетпейтін асқақ тұрған дара шың.

Ортамызда аман-есен жүре бер

100 жасаңыз, бізге өзің панасың!

Қымбатты да құрметті құдам Шөптібай 

ІЗТІЛЕУҰЛЫНЫҢ рухына

ҚҰДАЙ ҚОСҚАН ҚҰДА ЕДІҢ...

Еске алу

Бір Алла деп, кетті жылжып 

                                 «мыңжылдық»,

Қуанышта бірге жүріп, бір күлдік.

Ұмытам қалай, құда болам дегенде,

Жұлып бердің жүрегіңнен бір гүл нық.

Содан бері он алты жыл біргеміз,

Қайырлы болды екі жаққа іргеміз.

Арамызға қылау түспей өтті күн,

Қазақ салты, арамызда «дорба» жүрді.

Туғанымдай Бақыт - гүлім қолымда,

Жан боп шықты жүрек жарды толымды.

Дилар, Əділет, Əдия, Əлжан сыйлаған,

Қабылдады үлгісін Сапаш қолында.

Міне, осы сый ғой Сізден ұрпағым,

Есіме алсам қанат қағып бұрқадым.

Жиендердің «құрығын» еш қақпаған,

Соны көрсем қалай ашпайм жыр таңын.

40 күн, 40 түн, мекенің жер-тұрағың,

Жаратушыдан иманды қыл деп сұрадым.

Денсаулыққа байланысты бара алмай,

Дастарханымда дұға мезреті қыламын.

Иллаһи əмин! 

САТАМЫН

 

Соғымдық сиырлар мен өгізшелер сатамын. 

Тел: 8-775-265-62-58

Құдаң Абдолла Жаңғабылов.

8.11.2014 ж.

СОҢҒЫ БЕТ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет