отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмылған, ӛмір
сүріп тұрған бірлестігі. Нақты топ қысқа мерзімді, не ұзақ ӛмір сүруі,
мүшелерінің саны аз не кӛп болуы мүмкін. Ол қауымдастық ретінде ӛмір
сүріп қызмет істейді.Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар
қауымдастығы шартты топ деп аталады.
Формалды (ресми) және формасыз (бейресми) топтар. Формалды (ресми)
топ штат кестесі, және басқа да ресми құжаттар негізінде құрылады.
Мысалы, жоғары оқу орынындағы студенттер тобы, мектептегі мұғалімдер
мен қызметшілер штаты - мұның бәрі ресми топқа жатады.
Формалды топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына
сәйкес әp түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай
қатынастардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми
орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше көрінеді. Формалы
топтарда (іскерлік қатынаста) кейде теріс эмоциялық жағдайлар, яғни бір-
бірін ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы
мүмкін. Бұл жәйт ондағы іскерлік қатынасқа теріс әсерін тигізеді.
Формасыз (бейресми) топтар ұнату, көзқарас бірдейлігі сенім жақындығы
т.б. арқылы қалыптасады. Мұндай топқа ресми құжаттардың, тиісті
нұсқаулардың күші жүрмейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен
айналысу, бірге қыдыру, отау тігу, дос-жарандық қатынастағы адамдардың
тобы. Бұл топтарда бірін-бірі ұнату, біріне-бірі бауыр басу, сыйлау
қасиеттері жоғалатын болса, онда ол біртіндеп ыдырап, топ болудан қала
бастайды.
Референт тобы. Референт (эталон) тобы деп көзқарас, талаптары үлгі
болып саналатын ақиқат өмір сүруші немесе қиялдағы топ айтылады.
Адам ӛзі нормасын, қадір-қасиетін бағалаған, өзі оны қолдап, ең жақсы
деп есептейтін топқа кіреді. Сонда адам бұл нормаларды қолдап-қана
коймай, оны қорғайды да, қажет болса насихаттайды да. Кейде былай да
болуы мүмкін адам бір топтың мүшесі бола отырып, екінші бір топтын
кӛзқарасын, нормасын қастерлеп, қадір тұтады. Басқаша айтқанда, тұлға
үшін басқа топ үлгі эталон болып есептеледі. Мысалы, жеткіншек жоғары
сынып оқушыларының немесе ересектердің тобына мүше болуға
тырысады. Егер бұған онын қолы жетпесе, онда ересектер тобында орын
алған мінез-құлық нормаларына еліктеп, соларға ұқсауға тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: