Мұнда әрбір элементтің маңыздылығына сәйкес ғылыми ортада,
классикалық мінез- құлықты ұйымдастыруда төмендегі негізгі
тақырыптарды қамтиды:
• Ынталандыру;
• Басшылықтың мінез-құлқы мен билігі;
• Тұлғааралық қарым-қатынас;
• Топты және топтық мінез-құлықты қалыптастыру;
• Қарым-қатынасты қабылдау және дамыту;
• Ұйымдастырушылық өзгерістер мен инновациялар;
• Іскерлік келіссөздер мен жанжал тактикасын басқару;
• Еңбекті ұйымдастырудың жүйесі;
• Тиімді әрі жемісті басқару қызметі.
Басқарудың тиімді жақтарын қарастырайық. Неге бір менеджердің
жұмысы басқа ме- неджерге қарағанда тиімді болып келеді? Осы орайда
біз танымал зерттеуші Фред Лутанстың әріптестерімен бірлесіп зерттеген
менеджерлер қызметін қарастырамыз. Олар 450 басқарушы мен
қызметкерлердің 4 бағыттағы іс-әрекеттерін зерттеген:
1. Дәстүрлі басқару. Шешім қабылдау, жоспарлау және бақылау;
2. Қарым-қатынас. Қарапайым ақпаратпен алмасу және құжаттарды өңдеу;
3. Адами ресурстарды басқару (HR). Ынталандыру, құлықтылық,
кикілжіңдерді басқару,
қызметкерлерді іріктеу және оқыту;
4. Нетворкинг. Аутсайдерлармен қарым-қатынас жасау және ықпалдасу.
Достарыңызбен бөлісу: |