Амансыңдар ма, айналайындар! Ііііі, әңгіме тыңдауға кеп қалдық деңдер.
Иә, адам баласы тіршілікте күн кешкеннен кейін түрлі жағдаяттарды басынан өткереді.
Дұрыс айтасың. Міні соның ішінде адалдық. Адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті.
Осы адалдық жайлы балаларымызға бір әңгіме айтып бермедік пе?
Әрине! Ал қанекей жайғасып отырып алыңдар... Отырдыңдар ма?
Ендеше тыңдайық .
Ерте ерте ертеде арыстан, қоян,қасқыр және түлкі бір-бірімен нағыз достар болыпты.
_____________________________________________________________________________________
Музыка «Ералаш»
Түлкі: Мәссаған, бұл не. Бері келіңдер арыстан, қоян, қасқыр.
Түлкі мен қасқыр добаны тартқыншақтап таласып қалады.
Арыстан: Осы тауып алған дорбаны желеу етіп мына аңдарды сынап алсам қайтеді екен. Барлығының орны бөлек алайда адалдықтарың қандай екен?
Арыстан: Үлкен олжа тауып алдық, енді не істейміз. Қане жауаптарыңды айтыңдар.
Қоян: Жоқ арыстан арамыздағы данышпанымыз өзіңсің ғой. Айтар ақыл өзіңде
Арыстан: Жоқ, бірінші өздерң айтыңдар. Сендерді тыңдағым келіп тұр.
Түлкі мен қасқыр; Олай болса біз айтайық, бұны теңдей бөліп алайық
Қоян. Тапқан екенсіңдер аармдықты
Түлкі: Бұны біз ұрлап алған жоқпыз тауып алдық. Тең бөліп амағанда не істейміз.
Қоян: Бұл біреудің табанақы, маңдай терімен тапқан, жинаған азығы ғой. Жоқ, оны иесіне қайтару керек. Айталық бұл дорба біздің жақын досымыздың дорбасы б олсақайтер едіңдер
Қасқыр: Қайдағы дос, тұра тұр, бұл дорба бізге бұйырған.
Дауласып.
Арыстан:: Жарайды, аңдар, тынышталамыз. Алып жүріңдер дорбаны
_____________________________________________________________________________________
Әже: Әй, әлгі ақ адал, аңқау қоянның ақылын кім тыңдасын. Қасқыр мен түлкі тапқан олжаларына көздеріне ұясынан шығып кетердей арамдықпен өздеріне алып қалғысы келді. Қызық болып жатыр ма? Жалғастырайын...
_____________________________________________________________________________________
Арыстан: Амансыңба, ешкі.
Ешкі: Амансыз ба, арыстан әке.
Арыстан: Жолай көргенімде дорба арқалап бара жатыр едің, толтырып қайтқан боларсың
Ешкі: Қоржыны құрысын. Біразда азық толтырып жинаған дорбамды жоғалтып алдым. Өзеннен өткенде бар еді. Өткелден өтерде бар еді, енді іздесем жоқ. Тәйірі, енді қайттым. Балаларым тамақ әкеледі деп күтіп отыр, қай бетіммен барамын. Ай, сорлы басым ай.
Арыстан: Табылып қалар, бұйырған дүние жоғалмас
Ешкі: Жарайды! (жылап қалады)
Аңдар шетке жиналып, өара ақылдасады
Түлкі: Арыстан, бұл ешкінің дорбасы емес пе? Балаларына обал ғой. Дорбаны тығып жасырғаныма қатты ұялыпта тұрмын. Енді не істейміз?
Арыстан: Енді, қалай екен арамдық пен адалдық. Қайпек керек әрине дорбаны қайтарасыңдар. Қасқыр, бар ешкіні шақырыпп кел.
Қасқыр: Ешкі, бері келіңіз, біз сіздің дорбаңызды табылды.
Ешкі: Менің дорбам, рақмет.
Арыстан: Ешкі, ренжіме айналайын, бұл қасқыр мен түлкі өз қарынның қамын ойлап адалдықты ұмытып кетті. Кешіріміңді сұраймыз.