Кіріспе Ерте, ерте, ертеде
Ешкі жүні бөртеде
Қырғауыл жүні қызыл,
Құйрық жүні ұзын кезде...
...Таныс шумақтар ма? Иә, дәл солай менің жобам «Ерте, ерте, ертеде...» деп аталады.
Зерттеу мақсаты Қазақтың ұлттық ертегілерін сипаттап, қалың оқырманға насихаттау.
Міндеттер: - әдеби танымдықты артыра отырып, ертегілерге талдау жасау, қорытындылау.
- ертегілерді салыстыру, ізденіс жұмыстарын жүргізу.
- алынған материалдарды меңгеру.
Зерттеу өзектілігі Біріншіден, жас ертегішілер байқауын ұйымдастыру; екіншіден, мектеп оқушыларының ертегілер жинағын жасау; үшіншіден, ертегі желісі бойынша суреттер топтамасының жоқтығы жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Гипотеза Егер мен қазақ ертегілеріне насихат жұмысын жоғары деңгейде жүргізсем, оқушылар мемлекеттік тілде ертегі оқуға қызығушылықтары арта түседі.
Зерттеу нысаны Жұмысымның негізгі нысаны ретінде қазақ, түрік, орыс халқының ертегілері алынды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы Ұсынып отырған ғылыми шығармашылық жұмыстың нәтижесін мектепте, қазақ ауыз әдебиетіне қызығушылығы бар оқушыларға қолдануға болады. Орыс мектептерінде білім алатын орта буындағы оқушылар реферат жазу барысында көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеудің жаңашылдығы Ұлттық болмысымыз бөлек, үш халықтың ертегілерін тереңірек білу үшін көмекші құрал ретінде қолдануға болады.
Үш елдің ертегілерін салыстыра отырып, үндестігін зерттедім.
Жұмыстың нәтижесін орыс сыныптарында сабақ барысы кезінде қолдануға болады.
І. Теориялық бөлім 1.1 Ертегілер деген не?
Ертегі –фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры-халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Ол:әрі тәрбиелік, әрі көркемдік-эстетикалық рөл атқарады. Ертегілік прозаның басты міндеті-сюжетті барынша тартымды етіп, әрлеп баяндау. [Қ. ә. э. 186 б.] Ертегілер- халық өмірі, қала берді тек ой жететін, қиял ғана бара алатын өлке туралы алғашқы көркем әдебиеттің шағын туындылары. Ертегі соңы кейіпкерлердің бақытқа, көздеген арманына жол жеткізумен бітіп отырады. Соның нәтижесінде айтушы да, тыңдаушы да жақсылықтың, бақыттың бар екеніне сеніп, өмірге жігермен қарауға үйренеді. [О.а 23б.]