Амин қышқылдарының негізгі көздері



бет1/5
Дата30.11.2022
өлшемі161,34 Kb.
#53898
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Амин қыщылдарының негізгі көздері


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Академиясы
«Биология және биохимия» кафедрасы
Тақырыбы: Аминқышқылдардың негізгі көздері. Амин қышқылдарының декарбоксилдеуі.
Орындаған: Дутбаева С.
Тобы: ЖМҚБ-01-21
Қабылдаған: Ордабекова А.
Шымкент 2022 ж.

Жоспар

  • 1. Кіріспе
  • 1.1 Аминқышқылдар туралы жалпы түсінік
  • 2. Аминқышқылдардың негізгі көздері
  • 2.1 Амин қышқылдарының декарбоксилдеуі
  • 3. Қорытынды
  • Пайдаланған әдебиеттер

1. Кіріспе

  • Амин қышқылдары дегеніміз - әр түрлі ақуыз молекулаларын түзетін мономерлі жеке заттар. Амин қышқылдары органикалық қышқылдар, яғни маңызды табиғи қосылыстар түрлерінің бірі болып табылады. Амин қышқылдары түссіз қатты заттар болып келеді. Көпшілігі суда жақсы ериді.
  • Аминқышқылдар - молекуласында амин (~NH2) және карбоксил (-СООН) топтары бар органикалық қосылыстар: H2N-CH2-COOH (аминсірке қышқылы (глицин))
  • Аминқышкылдарын радикалындағы сутек атомдары амин тобына алмасқан карбон қышқылдарының туындылары ретінде қарастыруға болады. Кейбір аминқышқылдарының құрамында екі аминтобы, гидроксил тобы, тиол тобы — SH, екі карбоксил тобы болады.

1.1 Аминқышқылдар туралы жалпы түсінік

  • Амин қышқылдары барлық тірі организмдерде жүретін азотты заттар (гормондардың, витаминдердің, медиаторлардың, пурин және пиримидин негіздерінің, алкалоидтардың т.б. заттардың негізгі де бастапқы қосылыстары болып саналады) алмасуына қатысады, жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің барлық ақуыздарының (протеиндерінің) мономерлері қызметін атқарады. Жасушалардағы протеиндер биосинтезіндегі амин қышқылдарының ақуыздағы орындарын генетикалық код анықтайды.
  • Микроорганизмдер мен өсімдік организмдерінің көпшілігінде, оларға қажет амин қышқылдарының барлыгы түгелімен, аталган организмдерде түзіледі, ал адам мен жануарлар организмдерінде алмаспайтын амин қышқылдары түзілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет