Клеткадан гистаминнің клеткааралық ортаға бөлінуі эртүрлі эсерден, мысалы, күйіп қалу, суықтан, электр немесе химиялық эсерлерден болуы мүмкін. Ағзаның анафилактикалық жэне аллергиялық реакциялары жуан клеткалардан гистаминнің бөлінуімен сипатталады. Гистаминнің жергілікті бөлінуі температураның жоғарылауын, ісіну, ауырсыну, қызару және т.б. қабынуга тэн белгілердің пайда болуын тудырады.

Қанда гистаминнің деңгейі жогарылаганда мынадай қүбылыстар байқалады:
- артериолалар мен капиллярлардың кеңеюі (соның ішінде теріде), соның эсерінен қан қысымы төмендейді; - капиллярлардың өткізгіштігінің артуы, соның нэтижесінде сүйықтық қаннан клеткааралық ортаға өтеді де, қысым одан ары төмендейді; - қаннан сүйықтықтың шығуы мида қысымның жоғарылауына, жүйке тканінің гипергидратациясына жэне бастың ауруына экеледі; - гистамин өкпенің тегіс бұлшық етінің жиырылуын тудырып, бүл демікпенің приступтары түрінде көрініс береді.
Гистаминнің эсерінің алдын алу үшін клиникалық практикада гистаминге қарсы пре-параттар - димедрол, пипольфен, супрастин, диазолин жэне т.б. жиі қолданылады.
Гистаминнің эсерінің алдын алу үшін клиникалық практикада гистаминге қарсы пре-параттар - димедрол, пипольфен, супрастин, диазолин жэне т.б. жиі қолданылады.
5-гидрокситриптофан декарбоксильденген кезде биогенді амин - серотонин түзіледі:
Серотиннің шамамен 90%-ы ішектің хромоффинды клеткаларында болады. Қалған бөлігі терінің жуан клеткаларында, кок бауырда, бауырда, бүйректе, өкпеде бар, олар жергілікті гормон қызметін атқарып, клеткааралық байланысты қамтамасыз етеді жэне ішкі мүшелердің тегіс мускулатурасының жиырылуын, қан тамырларының тарылуын, тромбо-циттер санының артуын тудырады. Мидың сұр затында, гипоталамуста серотонин медиатор қызметін атқарады. Серотонин үйқы үшін қажет деп есептеледі. Серотонин эпифиздің гормоны - мелатониннің биологиялық бастапқы заты болып табылады.