Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университеті
Гуманитарлық-педагогикалық институты
АЯ 21-5 оқу тобының білім алушысы
Шамшиева Зейнебтен
Мінездеме
Амир Ғазиза Төл–Б.Шалғынбаев атындағы №217 IT-мектеп-лицейінде 26.09.22-2.12.22 ж. аралығында психологиялық-педагогикалық практикадан өтті. Алғашқы күннен бастап Абдыханов Қаныш өзін жақсы қырынан көрсете білді. Практика барысында үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді. Практикалық жұмысқа жауапкершілікпен қарап, сабақтардан қалмады. Күнделікті мектепке келіп өндірістік практикадан өтті. Мектепте, мектептен тыс болған іс-шараларға белсене қатысты, біліктілігін көрсетті. Мектептегі мұғалімдер ұжымымен жақсы қарым – қатынаста болды.
Оқушылармен тез тіл табысып, оларды сабаққа қызықтыра алды. Мәдениеттілігімен, кішіпейілдігімен өзін ұстай білді, оқушыларды өзіне баули алды. Сабақты өткізу үшін түрлі ойындар құрастырып, көптеген әдістерді қолданды. Тәрбие сағатын өте жақсы деңгейде өткізе алды. Өзінің ұйымдастырушылық қабілетін көрсетіп, мұғалім тұлғасына сай өзін көрсете алды..
Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мектептің барлық мұғалім – қызметкерлерімен тез тіл табыса алды. Сынды жақсы қабылдайды, оны жою жолдарын қарастыра біледі. Тапсырылған жұмыстарды уақытында, сапалы, тиянақты орындайды. Амир Ғазиза келешекте білімді, өз жұмысын жақсы атқаратын, жауапкершілікті сезінетін, шебер мұғалім болатынына сенімдіміз.
Сынып жетекшісі:_____ Сейтжанова Оксана